Азиядагы Өзара Ыцпалдастыц және Сенім Шаралары жөніндегі Кеңес (АӨСШК). Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі (Азия кеңесі, АӨСШК) АӨСШК кұру туралы идеяны ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев 1992 жылы 5-ші қазандағы БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-ші сессиясында ұсынды. Ұйымның негізгі мақсаты Азия аймағындағы бейбітшілік, қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге қатысты көп жакты карым-катынастарды орнату және осы мәселелерді шешу барысында ынтымактастыкты нығайту.
Бұл бастаманы іске асыру кезінде Азия елдері сыртқы істер министрліктерінің мамандарының кездесулері өтті. Алғашқы кездесу 1993 жылдың сәуірінде (12 қатысушы), екінші - 1993 жылдың тамыз-қыркүйекте (28 қатысушы), үшінші - 1994 жылдың қазанында (29 қатысушы) өтті.
жылдың қазанында Алматыда АӨСШК мәселелері бойынша халықаралық коллоквиум өтті. Оның жұмысына АӨСШК мүшесі емес елдердің өкілдері де қатысқан, барлығы - 12 елден келген 24 маман катысты.
жылдың 14 қыркүйегінде Алматыда АӨСШК мүше-мемлекеттердің сыртқы істер министрлігінің кезекті кездесуінде мүше-мемлекеттердің арасындағы қатынастарды реттейтін принциптер Декларациясы қабылданды. Бұл құжатқа халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін: мүше-елдердің егемендігі мен құқықтарын сыйлау, территориялық тұтастығын сақтау, бір-бірінің ішкі істеріне араласпау, дауларды бейбіт түрде шешу, күш қолданудан бас тарту, қарусыздану және қаруланды бақылауда ұстау, әлеуметтік, сауда- экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы әріптестік, халықаралық құқық және БҰҰ принциптеріне сәйкес адамның кұқықтарын қорғау сынды қағидаттар енді. Осы арқылы азиялық қауіпсіздік жүйесіне заңнамалық негіз салынды.
Ислам ынтымақтастыгы ұйымы (ИЫҰ) Ислам ынтымақтастығы ұйымы (ИЫҰ, 2011 жылға дейін - Ислам Конференциясы Ұйымы) 1969 жылы құрылды. ИЫ¥ Бас хатшылығының штаб-пәтері Жидда қаласында (Сауд Арабиясы Корольдігі) орналасқан.
Мүшелерінің саны бойыншаБ¥¥-дан кейін екінші ең ірі халықаралық ұйым болып табылатын ИЫ¥-ға бүгінгі таңда 56 ел мүше (2012 жылғы тамызда мүшелігі тоқтатылған Сирияны есептемегенде).
Бақылаушы мәртебесіне 5 мемлекет (Ресей, Босния-Герцеговина, Таиланд, Орталық Африка Республикасы, Солтүстік Кипр Түрік Республикасы) пен 5 халықаралық ұйым (Б¥¥, Қосылмау қозғалысы, Араб мемлекеттерінің лигасы, Африка Одағы, Экономикалық ынтымақтастық ұйымы) ие.
Ұйымның басты құжаттары: 2008 жылғы наурызда ИЫ¥-ның 11-ші Саммиті барысында қабылданған ИЫ¥ Жарғысы; 2016 жылғы сәуірде Ыстанбұл қаласында (Түркия) өткен ИЫ¥ 13-ші Саммиті барысында қабылданған 10-жылдық «ИЫ¥-2025: Іс- қимыл бағдарламасы».
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2016 жылғы 14-15 сәуірде Ыстанбұл қаласында өткен ИЫ¥ 13 -ші Саммитіне қатысуы айтулы оқиға болды. Оның барысында Қазақстанның жаңа маңызды бастамалары - Ислам әлеміндегі татуласу үдерісін іске қосу, Ислам даму банкінің қолдауымен «Ислам инфрақұрылымдық ықпалдастығы» стратегиялық бағдарламалық құжатын әзірлеу және 2017 жылы Астанада Ғылым және технологиялар жөніндегі ИЫ¥ Саммитін өткізу жарияланды.
Еуропадагы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы 1992 ж. қаңтарда- Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымға (ЕҚЫҮ) қатысушы мемлекетіне айналды.
ж.- ҚР-дың ЕҚЫ¥-ғы Төрағалығы.
ж. қыркүйек-желтоқсан- ҚР-дың Қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық жөніндегі форумында (ҚсЫФ) төрағалығы.
2014 ж. қыркүйек- қазақстандық дипломат Мәдина Жарбосынова ЕҚЫ¥-ның адам саудасына қарсы күрес жөніндегі Арнайы өкілі лауазымына тағайындалды.
2014 ж. 18 желтоқсанда- ЕҚЫ¥ Тұрақты кеңесінің шешімімен ЕҚЫ¥-ның Астанадағы орталығын ЕҚЫ¥-ның Бағдарламалар офисі етіп қайта құрылды.
¥йым қызметінің барлық үш өлшемі бойынша: әскери-саяси, экономико- экологиялық, гуманитарлық және ЕҚЫ¥-ның орталық институттарымен (Хатшылық, ДИАҚБ, ҰАЖК, ЕЫҚ¥-ның БАҚ бостандығы мәселелері жөніндегі өкілінің офисі, Адам саудасына қарсы күрес жөніндегі арнайы өкілінің офисі), сонымен қатар оның далалық миссиясы - ЕЫҚ¥-ның Астанадағы Бағдарламалар офисімен өзара ынтымақтастығы жүргізілуде.
ЕҚЫ¥-ның Астана Саммитінің мұрасын насихаттау алдағы жылдары Қазақстанның ¥йымдағы қызметінің негізгі өзегі болып қала береді.
ЕҚЫ¥-ның экономикалық-экологиялық бағытында Азия мен Еуропаны біріктіретін трансконтиненталды көліктік дәліздерді дамыту Қазақстан үшін маңызды басымдық болып қалуда. Қоршаған ортаны қорғау саласында, соның ішінде Арал пролемасын шешуде және Орталық Азиядағы су ресурстарын тиімді басқаруда ЕҚЫ¥ әлеуетін пайдалану бойынша жұмыстар жалғастырылуда.
БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде Қазақстанның мүшелігі Қазақстан 1992 жылы 2 наурыз БҰҰ мүшесі болды.
Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығымен 1992 жылы 15 сәуірде Б¥¥ жанындағы Қазақстан Республикасының бірінші Тұрақты Өкілі тағайындалды (А.Арыстанбекова). Б¥¥ жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты Өкілдігін құру туралы Президент Жарлығына 1992 жылы 5 маусымда қол қойылды.
2013-2015 жылдар аралығында Қазақстан Б¥¥-ның адам құқығын қорғау Кеңесінің мүшесі болып табылады.
жылы 28 маусымнан бастап Қазақстан 2017-2018 жылдар аралығына БҰҰ ҚК- нің тұрақсыз өкілі болып табылады.
Қазақстан барлық негізгі іс-шараларға белсенді түрде қатысады және біздің мемлекеттің БҰҰ-дағы ұстанымы Қазақстанның БҰҰ қарастыратын барлық мәселелер кешеніне мүддесін есепке алу негізінде қалыптасады. Сонымен бірге экономика, экология, әлеуметтік даму саласындағы Ұйымдармен, халықаралық құқықтың ілгерінді дамуы, адам құқығының сақталуы, лаңкестікпен күрес, ұйымдастырылған қылмыстылық және есірткі бизнесі саласына аса ерекше назар аударылады.