Ұжымдыцқауіпсіздік шарты ұйымы - қорғаныс саласындағы әріптестіктің құралы.
Ұйым 1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауіпсізді туралы шарттың негізінде 2002 жылы құрылды. Ұйымның негізгі мақсаттары бейбітшілікті, халықаралық және өңірлік қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайту, ұжымдық негізде мүше мемлекеттердің тәуелсіздігін, аумақтық тұтастығы мен егемендігін қорғау болып табылады.
ҰҚШҰ мүше мемлекеттері - Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы және Тәжікстан Республикасы.
Ұйым қызметінің басты бағыттары әскери және әскери-техникалық (әскери- экономикалық) ынтымақтастық болып табылады.Тараптар халықаралық терроризмге және экстремизмге, есірткі құралдары мен психотроптық заттардың, қарудың заңсыз айналымына, ұйымдасқан трансұлттық қылмысқа, жасырын миграцияға және Ұйымға мүше мемлекеттердің қауіпсіздігіне төнген басқа да қатерлерге қарсы күресте өз күш- жігерлерін біріктіреді және үйлестіреді.
Есірткінің заңсыз айналымына, заңсыз көш-қонға және ақпараттық саладағы қылмыстарға қарсы іс-қимыл бойынша әртүрлі жедел-профилактикалық операциялар тұрақты түрде жүргізіліп отырады. Бұл «Канал», «Нелегал» және «ПРОКСИ» операциялары.
2017 жылғы 30 қарашада Минск қаласында өткен Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясында ҰҚШҰ-дағы төрағалық Қазақстан Республикасына өтті. Жалпы, ҰҚШҰ шеңберіндегі Қазақстанның қатысуы халықаралық құқықты қатаң сақтау негізінде мемлекет пен өңірде тұрақтылықты қамтамасыз етеуге жағдай жасауға, жаңа қауіп- қатерлерге қарсы күресуге негізделеді.
Еуразиялық экономикалық одақ Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1994 жылдың 29 наурызындағы Ресейге бірінші ресми сапары барысында М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде алғашқы рет Еуразиялық Мемлекеттер Одағын қалыптастыру идеясымен баяндама жасаған болатын.
жылдың 29 мамырында Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы мемлекеттердің президенттері Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысында Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) туралы шартқа қол қойды.
2014 жылдың 10 қазанында Минскте Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес барысында Армения Республикасының ЕАЭО-қа қосылуы туралы шартқа қол қойылды.
2014 жылдың 23 желтоқсанында Мәскеуде Қырғыз Республикасының ЕАЭО-қа қосылуы туралы шартқа қол қойды.
Еуразиялық экономикалық одақ - халықаралық құқық субъектілігіне ие және Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартпен құрылған өңірлік экономикалық интеграцияның халықаралық ұйымы.
ЕАЭО-да тауарлар, көрсетілетін қызметтер, капитал мен жұмыс күшінің қозғалу еркіндігі, сондай-ақ экономика салаларындағы үйлестірілген, келісілген немесе бірыңғай саясаттың жүргізілуі қамтамасыз етіледі.
Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Ресей Федерациясы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер болып табылады.
ЕАЭО ұлттық экономикаларды жан-жақты жаңғырту, кооперациялау мен олардың бәсекеге қабілеттігін арттыру және мүше мемлекеттер халқының өмір сүру деңгейін арттыру мүддесінде орнықты даму үшін жағдайлар жасау мақсатында құрылды.
Қазақстанның жаһандық бастамалары (ядролық сынақтарға қарсы бастамалар, АӨСШҚ, ЕЫҚҰ мен ИЫҰ төрағалық, Астана үдерісі, БҰҰ ҚК төрағалық т.б.)
Қазақстанның ядролық сынақтарга қарсы бастамалары Қазақстанның болашақ таратпау саясатының негізін қалаудағы алғашқы қадамы - КСРО-ның кезінде, 1991 жылдың 29 тамызында Семей ядролық сынақ алаңының жабылуы. Бұл дүниежүзі тарихында ядролық полигонның бірінші рет халық қалауымен жабылуы болды. Он сегіз жылдан кейін БҰҰ Бас Ассамблеясы бұл күнді Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні деп бекітті.
жылғы 13 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі Ядролық қаруды таратпау шартын (ЯҚТШ) бекітті. Қазақстанның ЯҚТШ-ға қосылуы еліміздің сыртқы саяси бағытын іске асырудың маңызды кезеңіне айналды. Қазақстан ЯҚТШ-ға мүше бола отырып, осы шартқа сәйкес ядросыз мәртебесіне байланысты міндеттемелерін қатаң ұстанады.
жылғы 5 желтоқсанда ЕҚЫҰ-ның Будапешт саммитінде ядролық қарусыз мемлекеттер ретінде ЯҚТШ-ға қосылуына байланысты Қазақстан, Беларусь және Украинаға Қауіпсіздік кепілдігін беру туралы Меморандумға Ресей, АҚШ және Ұлыбритания қол қойды. Кейіннен осы сияқты кепілдіктер Қытай және Франция тарапынан берілді.
2006 жылы 8 қыркүйекте Қазақстан Орталық Азияның өзге елдерімен қатар Семейде Ядролық қарудан азат аймақ кұру туралы шартқа қол қойды.
2009 жылы БҰҰ БА 29 тамыз - Семей ядролық полигонының ресми жабылған күні Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні деп жариялау туралы Қазақстан бастамашылық еткен консенсумы қабылданды.
жылы Хиросима және Нагасакиді атом қаруымен бомбалаудың 70 жылдығына орай, Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың бастамасымен БҰҰ БА Ядролық қарудан азат әлем кұрудың жалпыға ортақ декларациясы туралы қарары қабылданды.