І бөлім. Аналитикалық химия пәНІ



бет76/105
Дата08.02.2022
өлшемі0,63 Mb.
#121721
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   105
Байланысты:
ПОСОБИЕ АН 2

3. AgNO3 күміс нитраты ерігіш тиосульфаттармен ақ тұнба Ag2S2O3 береді, ол суда еріп, күміс сульфиді пайда болу нәтижесінде оның сары түсі қара түске айналады:

Na2S2O3 + 2AgNO3 = Ag2S2O3↓ + 2NaNO3


Ag2S2O3 + H2O = Ag2S↓ + H2SO4


Реакция фармакопеялық болып табылады.


4. Тотықтырғыштар, I2 иод немесе калий перманганаты тиосульфатпен тотықсызданады. Бұл кезде ерітіндінің түссізденуі жүреді:

2Na2S2O3 +I2= Na2S4O6 + 2NaI


немесе

5Na2S2O3 + 8KMnO4 + 7H2SO4 = 5Na2SO4 + 8MnSO4 + 4K2SO4 + 7H2O


Борат иондарының (ВO2- және В4O72-) реакциялары

Н3ВO3 ортобор қышқылы-түссіз кристалды зат, өте әлсіз электролиттерге жатады. Құрамы бойынша бор қышқылының тұздары ортобор қышқылына сәйкес емес, ал НВO2 метабор қышқылына немесе Н2В4О7 тетрабор қышқылына сәйкес келеді.


1. ВаСl2 барий хлориді концентрлі бура ерітінділермен сірке, хлорсутек және азот қышқылында еритін, барий метаборатының ақ тұнбасын береді:

Na2B4O7 + ВаСl2 + 3Н2O = Ва(ВO2)2↓ + 2Н3ВO3 + 2NaCl




2. Этил спирті және концентрлі күкірт қышқылы құрғақ бор қышқылымен немесе құрғақ бораттармен әрекеттесу кезінде борноэтил эфирі түзіледі. Борноэтил эфирі жану кезінде жалынға ашық-жасыл түс береді. Бұл реакция фармакопеялық болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет