I жалпы ережелер


VI. ЖҰМЫС УАҚЫТЫ ЖӘНЕ ТЫНЫҒУ УАҚЫТЫ



бет6/10
Дата08.02.2022
өлшемі198 Kb.
#124819
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Ұжымдық шарт. для ДДО (қаз.нұсқ)

VI. ЖҰМЫС УАҚЫТЫ ЖӘНЕ ТЫНЫҒУ УАҚЫТЫ

6.1. Қызметкерлердің жұмыс уақыты ұжымдық шартпен, ішкі еңбек тәртіптемесінің ережелерімен, жұмыс берушінің актілерімен, еңбек шарттарымен, сабақ кестесімен, жылдық күнтізбелік оқу кестесімен, бастауыш кәсіподақ ұйымның кәсіподақ комитетімен келісілген жұмыс кестелерімен (ауысым кестесімен) реттеледі.


6.2. Педагог қызметкерлердің лауазымдары мен (немесе) мамандықтарына байланысты жалақының ставкасына педагогикалық жұмыстың сағаттар нормасы немесе жұмыс уақытының мынадай ұзақтылығы белгіленеді:
- мектепке дейінгі ұйым меңгерушісі– аптасына 40 сағат;
- педагог-психолог – аптасына 24 сағат;
- әдіскер – аптасына 36 сағат;
- тәрбиеші – аптасына 24 сағат;
- мұғалім (оқытушы) – аптасына 24 сағат;
- музыкалық жетекші – аптасына 24 сағат;
- қосымша білім педагогы (хореограф, эстетика, бейнелеу өнері және басқа бағыттар бойынша оқытушы) – аптасына 24 сағат;
- шаруашылық меңгерушісі – аптасына 40 сағат;
- мейірбике – аптасына 40 сағат;
- диета мейірбикесі – аптасына 40 сағат;
- есепші – аптасына 40 сағат;
- хатшы – аптасына 20 сағат;
- аспаз – аптасына 40 сағат;
- көмекші жұмысшы – аптасына 40 сағат;
- кастелянша – аптасына 20 сағат;
- тәрбиешінің көмекшісі – аптасына 40 сағат;
- ғимараттарға кешенді қызмет көрсету және жөндеу жұмысшысы– аптасына 40 сағат;
- кір жуу машиналарының операторы – аптасына 40 сағат;
- күзетші – аптасына 40 сағат.
6.3. Педагог қызметкерлердің жұмыс уақытына атқаратын луазамына байланысты оқу (оқытушылық) жұмысы, тәрбиешілік жұмыс, тәрбиеленушілермен жеке жұмыс, ғылыми, шығармашылық және зерттеу жұмысы, сондай-ақ еңбек (лауазымдық) міндеттерімен және (немесе) жеке жоспармен көзделген басқа да педагогикалық жұмыс, мониторинг жүргізу жөніндегі әдістемелік, даярлық, ұйымдастырушылық, диагностикалық жұмыс, тәрбиешілік, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық, шығармашылық және тәрбиеленушілермен өткізілетін өзге де шаралар жоспарымен көзделген жұмыс қосылады.
6.4. Педагог қызметкерлер жалақысының ставкасына педагогикалық жұмыс сағатының нормалары астрономиялық сағатпен белгіленеді.
6.5. Жалақының ставкасына педагогикалық жұмыс сағатының нормалары аптасына педагогикалық жұмыс немесе оқу (оқытушылық) жұмысы тарификациясымен белгіленген көлемді ескергенде, педагог қызметкерлерге бір айға жалақыны есептеу үшін есептік шама болып табылады.
6.6.  Толық емес жұмыс уақыты жағдайларында жұмыс істеу қызметкер үшін осы Кодексте, еңбек шартында, ұжымдық шартта, келісімдерден белгіленген жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының ұзақтығын, еңбек өтілін есептеуге және еңбек саласындағы басқа да құқықтарын қандай да бір шектеуге әкеп соқтырмайды.
6.7. Демалыс және мереке күндері сәйкес келгенде демалыс күні мерекелік күннен кейінгі жұмыс күніне ауыстырылады.
6.8. Демалыс және мереке күндеріне жұмыс жоспарланбайды.
6.9. Демалыс және мереке күндеріндегі жұмысқа қызметкердің жазбаша келісімі немесе оның өтініші бойынша бастауыш кәсіподақ ұйымының кәсіподақ комитеті пікірін ескере отырып қабылданған жұмыс берушінің актісі негізінде жол беріледі. Ауысым кестесі бойынша жұмыс істейтін қызметкерлерді ҚР Еңбек кодексінің 84-бабы 5-тармағымен көзделген мереке күндері, сондай-ақ демалыс күндері (Құрбан айттың бірінші күні, 7 қаңтар - православиелік Рождество) жұмысқа тарту үшін қызметкерлердің жазбаша келісімі мен жұмыс берушінің актісін шығару талап етілмейді.
6.10. Лауазымдық міндеттермен көзделмеген жұмысты орындауға тарту тек қызметкердің келісімімен және қосымша ақы төлеумен жүргізіледі.
6.11. Ағымдағы күнтізбе жылына еңбек демалысының кестесі әр жылдың 15-қаңтарынан кешіктірілмей кәсіподақ комитетінің пікірін ескере отырып бекітіледі. Қызметкер еңбек демалысы басталғанға дейін кемінде 2 ай бұрын еңбек демалысының кестесімен таныстырылуы тиіс.
Ұзарту, ауыстыру, бөлу және ақылы еңбек демалысынан шақырту қызметкердің рұқсатымен жүзеге асырылады.
Бұл жағдай қадағаланбаса немесе еңбек демалысының ақысы уақытында төленбеген жағдайда, қызметкер жұмыс берушіден оның ауыстырылуын талап етуге құқылы.
6.12. Бала күтіміне байланысты еңбек демалысы кезінде қызметкердің жұмыс орны (лауазымы) сақталады. Бала күтіміне байланысты демалыстағы қызметкер тарификациялық тізімге кіргізіледі.
6.13. Тараптар ұйым қызметкерлеріне мынадай жағдайларда қосымша ақысыз демалыс беруге келісті:

  • бала туылғанда – 3 күнтізбелік күнге дейін;

  • қызметкерлердің балалары неке тіркегенде– 5 күнтізбелік күнге дейін;

  • қызметкер неке тіркегенде –5 күнтізбелік күнге дейін;

  • жақын туыстарын жерлегенде - 5 күнтізбелік күнге дейін.

Жақын туыстары қайтыс болған жағдайда (әкесі, анасы, ұлы, қызы, ағасы, апасы) тиісті құжаттар негізінде қызметкердің өтініші бойынша оған 3 күнге дейін жалақы сақталатын демалыс беріледі.
6.14. Үстеме жұмыстарға тартуға қызметкердің келісімімен ғана жол беріледі және еңебк заңнамасына сәйкес үстеме жұмыстың әрбір сағатына бір жарым мөлшерде өтемақы төленеді. Үстеме жұмыс тәулігіне 2 сағаттан, айына - 10 сағаттан, жылына – 120 сағаттан аспауға тиіс.
Үстеме жұмыстарға жүкті әйелдер, он сегіз жасқа толмаған қызметкерлер, ҚР ЕК сәйкес қызметкерлердің басқа санаттары жіберілмейді. 
6.15. Қызметкерлер үшін ортақ демалыс күні сенбі, жексенбі болып табылады.
6.17. Бастауыш кәсіподақ ұйымының кәсіподақ комитеті:
6.17.1. Жұмыс берушінің қызметкерлердің жұмыс уақыты мен тынығу уақыты мәселелері бойынша еңбек құқығының, келісімдердің, осы ұжымдық шарттың нормаларынан тұратын еңбек заңнамасының және өзге де нормативтік құқықтық актілердің талаптарын қадағалауына бақылауды жүзеге асыруға міндетті.
6.18. Білім беру ұйымдарында оқып жүрген қызметкерлерге сынақтар мен емтихандарға дайындалу және оларды тапсыру, зертханалық жұмыстарды орындау, дипломдық жұмысты (жобаны) дайындау және қорғау үшін оқу демалыстары беріледі.
6.19. Оқу демалысына ақы төлеу оқу шартында айқындалады.
6.20. Жұмыс беруші Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылған, жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем сомасын шегергендегі орташа жалақысын сақтай отырып, жүктілікке және босануға байланысты демалысқа, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған қызметкерлерге берілетін демалысқа ақы төлейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет