IV. ЕҢБЕКТІ ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚТЫ ҚОРҒАУ
Тараптар өздеріне еңбекті қорғау жөніндегі қауіпсіздік бойынша Келісімді орындауды қамтамасыз етуге міндеттеме қабылдайды (№ 8 қосымша).
4.1. Жұмыс беруші:
4.1.1. Білім процесін жүргізу кезінде қауіпсіз және таза еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге;
4.1.2. Еңбекті қорғау және еңбек жағдайын жақсарту бойынша, соның ішінде қызметкерлерді қауіпсіз жұмыс тәсілдеріне үйрету шараларын өткізуге қаржыландыруды (қаражат бөлу) жүзеге асыруға;
4.1.3. Қызметкерлерді еңбекті қорғау бойынша оқытуға және еңбекті қорғау талаптарының білімін тексеруді үш жылда 1 рет өткізуге;
4.1.4. Әрбір оқу жылының басында еңбекті қорғау бойынша қызметкерлердің білімін тексеруді қамтамасыз етуге;
4.1.5. Жұмыс орындарында ережелердің, нұсқаулықтардың, нұсқама журналдарының және басқа да міндетті материалдардың болуын қамтамасыз етуге;
4.1.6. Штаттық кестеге сәйкес жұмыс түрлері мен кәсіптер бойынша еңбекті қорғау жөнінде нұсқаулықтар әзірлеуге және бекітуге, оны бастауыш кәсіподақ ұйымының кәсіподақ комитетімен келісуге;
4.1.9. Қызметкерлердің жұмыс орындары (лауазымы) мен орташа жалақыларының сақталып, жұмыс берушінің есебінен міндетті мерзімдік медициналық тексерулерден өтуін қамтамасыз етуге;
4.1.10. Үй-жайларда санитарлық нормалармен белгіленген жылу режимін қамтамасыз етуге;
4.1.11. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес өндірістегі жазатайым оқиғаларды уақытында тексеруге және оларды есепке алуды жүргізуге;
4.1.12. Қызметкерлердің еңбекті қорғау жөніндегі талаптарды, ережелер мен нұсқаулықтарды қадағалауын қамтамасыз етуге;
4.1.13. Бастауыш кәсіподақ ұйымының кәсіподақ комитетімен бірге тең құқылы негізде еңбек жағдайы мен еңбекті қорғауды, еңбекті қорғау жөніндегі келісімнің орындалуын бақылауды жүзеге асыру үшін өндірістік кеңес құруға;
4.1.14.Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторларға ұйымдағы еңбекті қорғау жағдайын бақылауға жәрдемдесу. Қызметкерлердің таза және қауіпсіз еңбек жағдайларына құқықтарының бұзылуын анықтаған жағдайда, оларды жою шараларын қабылдауға міндетті.
4.3. Қызметкер еңбекті қорғау бойынша нормативтік талаптарды орындамау салдарынан өзінің өмірі мен денсаулығына қауіп туындаған кезде жұмыстан бас тартқан жағдайда, оған мұндай қауіпсіздік жойылғанша басқа жұмыс ұсынылады немесе осы себеп бойынша бос тұрып қалу уақытына орташа жалақы мөлшерінде еңбекақы төленеді.
4.4. Қызметкерлер:
4.4.1. Заңмен және басқа да нормативтік құқықтық актілермен белгіленген еңбекті қорғау талаптарын, сондай-ақ еңбекті қорғау жөніндегі ережелер мен нұсқаулықтарды қадағалауға;
4.4.2. Жұмысты орындаудың қауіпсіз әдістері мен тәсілдеріне үйренуді, өндірістегі жазатайым оқиға кезінде алғашқы көмек көрсетуді, еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулар, еңбекті қорғау талаптарының білімін тексеруді жүргізуге;
4.4.3. Жұмысқа қабылдау кезінде міндетті алдын ала және мерзімдік медициналық тексерулерден, сондай-ақ жұмыс берушінің есебінен медициналық ұсыныстарға сәйкес кезектен тыс медициналық тексерулерден өтуге;
4.4.4. Жеке және ұжымдық қорғану құралдарын мақсатқа сай пайдалануға;
4.4.5. Адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін кез келген жағдай, әрбір жазатайым оқиға немесе жұмыс кезінде өзінің денсаулық жағдайының нашарлауы туралы, соның ішінде шұғыл кәсіптік ауру (улану) белгілерінің пайда болуы туралы жұмыс берушіге дереу хабарлауға міндетті.
4.5. Қызметкер жұмыс орнында өмірі мен денсаулығына қауіпті жағдайда, сондай-ақ қажетті жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен қамтамасыз етілмеген кезде, анықталған бұзушылықтар жойылғанға дейін осы уақытқа орташа жалақыны сақтай отырып, жұмысты орындаудан бас тартуға құқылы.
4.6. Тараптар құрамында 6 адамнан тұратын әрбір жақтан 3 адамнан тең құқылы негізде өндірістік кеңесті қалыптастыру туралы келісімге келді. Кәсіподақ комитетінің атынан 3 өкілдің қатарына кәсіподақ комитетімен ұсынылған еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектор кіреді. Өндірістік кеңестің жұмысы өндірістік кеңес туралы ереже негізінде құрылады (№ 12 қосымша).
4.7. Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектордың қызметі техникалық инспектор туралы ережемен реттеледі (№ 13 қосымша).
Достарыңызбен бөлісу: |