IX. БАСТАУЫШ КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫНЫҢ САЙЛАНБАЛЫ ОРГАНЫНЫҢ МІНДЕТТЕМЕЛЕРІ
9. Кәсіподақ комитетінің міндеттері:
9.1. Кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-еңбек мәселелері бойынша мүдделерін қорғау. Жұмыс берушімен өзара қарым-қатынас кезінде кәсіподақ мүшелері емес қызметкерлердің, егер олар бастауыш кәсіподақ ұйымының сайланбалы органына өз мүдделерін қорғауға өкімдік беріп, ай сайын бастауыш кәсіподақ ұйымының шотына жалақыдан ақшалай қаражат аударып тұрса, мүдделерін қорғайды.
9.2. Жұмыс беруші мен оның өкілдерінің еңбек заңнамасын және еңбек құқығы нормаларынан тұратын өзге де нормативтік құқықтық актілерді қадағалауына бақылауды жүзеге асыру.
9.3. Жұмыс берушімен және қызметкерлермен бірге қызметкерлердің дербес деректерін қорғау шараларын әзірлеу.
9.4. Еңбек кітапшаларын жүргізу мен сақтау тәртібін, олардың уақытында және дұрыс толтырылуын тексеру.
9.5.Жұмыс берушіге ұйым басшысының, оның орынбасарының заңдарды және еңбек туралы өзге де нормативтік актілерді, ұжымдық шарттың, келісімнің жағдайларын бұзушылық туралы арыз жазып, тәртіптік жаза шараларын қолдануды талап ету.
9.6. Еңбек жағдайы мен еңбекті қорғау және жазатайым оқиғаларды тексеруді жүргізу, өз өкілеттіктерін іске асыруға қажетті ақпараттар мен құжаттар алу.
9.7. Кәсіподақ мүшелерінің еңбек құқықтарын еңбек дауларын шешу жөніндегі келісу комиссиялары мен сотта қорғау.
9.8. Еңбек жағдайын жақсарту, сырқаттанушылықты төмендету мақсатында сауықтыру шараларын әзірлеп және оны өткізуге қатысу .
9.9. Кәсіподақ мүшелері мен олардың отбасылары арасында сауықтыру және мәдени-ағарту шараларын ұйымдастыруға және оны өткізуге, емдеу базасын дамыту және санаторлық-шипажайлық емделу мен демалысқа қаражат бөлу жөнінде мемлекеттік органдармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-әрекетке қатысу.
9.10. Кәсіподақ мүшелерін өз жұмысы, сайланбалы кәсіподақ органдарының қызметі туралы ақпараттандыру.
9.11. Қызметкерлерді наградаларға ұсыну, құрмет атақтарын беру туралы өтініш білдіру.
Достарыңызбен бөлісу: |