I жалпы ережелер



бет7/10
Дата08.02.2022
өлшемі198 Kb.
#124819
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Ұжымдық шарт. для ДДО (қаз.нұсқ)

VII. ЖАСТАР САЯСАТЫ

Ұжымдық шарттың тараптары келісті:


7.1. 35 жасқа дейінгі қызметкерлер жас педагог қызметкерлер болып саналады.
7.2. Кәсіподақ комитеті жас педагог қызметкерлерді жұмысқа орналасу кезінде Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына кірудің артықшылығы туралы ақпараттандыруға міндетті.
7.3. Жұмыс беруші кәсіподақ ұйымымен бірге ұйымдағы жас педагог қызметкерлермен жұмыс бағдарламасын әзірлейді және оны қабылдайды.
7.4. Жұмыс беруші кәсіподақ ұйымымен бірге тәлімгерлік туралы ережені бекітеді. Барлық жас қызметкерлерге олардың жұмыстары басталған күннен бастап 10 күннен және 6 айдан кешіктірмей тәлімгерлер бекітеді.
7.5. Жұмыс беруші тәлімгерлік жұмысты қолда бар құралдармен ынталандырады.
7.6. Жұмыс беруші:
- жас педагог қызметкерлер арасында кәсіби шеберлік байқауларын өткізуге;
- бұқаралық дене шынықтыру-спорттық шаралары мен спартакиадалар ұйымдастыруға және өткізуге;
- жас педагог қызметкерлерді спортпен және өнерпаздықпен айналысудың қолжетімді, тегін болуын қамтамасыз етуге;
- белсенді, тиімді қоғамдық және кәсіптік жұмысты жүргізетін ұйымның жас кәсіподақ активін жүйелі ынталандыруды жүзеге асыруға міндетті.
7.7. Жұмыс беруші жас педагог қызметкерлердің біліктіліктерін арттыруды қамтамасыз етеді.
7.8. Жұмыс беруші жас қызметкерлердің жыл сайынғы медициналық тексерулерден өткізілуін жүзеге асырып, ақысын төлейді.
7.9. Кәсіподақ комитетінің жастар комиссиясының өкілдері жеке еңбек дауларын шешу жөніндегі өндірістік кеңес пен келісу комиссияларының жұмысына қатысады.
7.10. Бастауыш кәсіподақ ұйымы:
- жас педагог қызметкерлерге материалдық көмек көрсетуге;
- жұмыс істейтін жастардың әлеуметтік құқықтары мен кепілдіктерін қорғау жөніндегі жұмысты жетілдіру мақсатында жастар саясаты бойынша нормативтік құқықтық базаны белсенді пайдалануға;
- жас педагог қызметкерлерге заңнамамен белгіленген жеңілдіктер мен қосымша кепілдіктерді қадағалау үшін көмек көрсетуге;
- баспана жағдайларын жақсарту жөніндегі түрлі бағдарламаларға қосылу үшін құжаттарды ресімдеуде жас педагог қызметкерлерге уақытында ақпарат ұсынуға және көмектесуге міндетті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет