V. ӘЛЕУМЕТТІК КЕПІЛДІКТЕР МЕН ЖЕҢІЛДІКТЕР
5. Тараптар мынадай келісімге келді:
5.1. Жұмыс берушінің міндеттері:
5.1.1. Қызметкерлердің өндірістегі жазатайым оқиғалар мен кәсіптік аурулардан міндетті әлеуметтік сақтандыруға құқықтарын қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіпте қызметкерлердің міндетті әлеуметтік сақтандырылуын жүзеге асыру;
5.1.2. Қызметкерлер үшін әлеуметтік және медициналық сақтандырудың сақтандыру жарналарын уақытында және толық аудару;
5.1.3. Уақытша еңбекке жарамсыздық жәрдемақыларын жұмыс берушінің есебінен толық мөлшерде және уақытында төлеу;
5.1.4. Қызметкерлердің Қазақстан Республикасы заңнамасымен көзделген жағдайларда мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді орындау мерзімінде жұмыс орындарын сақтау;
5.1.5. Заңнамаға сәйкес кезеңдік медициналық тексерулерден өтуге міндетті қызметкерлердің олардан өткен уақытта жұмыс берушінің қаражаты есебінен жұмыс орны (лауазымы) мен орташа жалақысын сақтау;
5.1.6. Донор болып табылатын қызметкердің тексерілу және қан мен оның компоненттерін донациялау уақытында жұмыс орны (лауазымы) мен орташа жалақысы сақталады, сондай-ақ оларға Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес өзге де кепілдіктер беріледі.
5.1.7. Іссапар уақытында қызметкердің жұмыс орны (лауазымы) мен іссапар күндеріне келетін жұмыс күндері үшін жалақысы сақталады. Іссапарларға жіберілетін қызметкерлерге:
1) қызметтік іссапарда, оның ішінде жолда болған күнтізбелік күндері үшін тәуліктік төлемдер;
2) баратын жеріне дейінгі және кері қайтудағы жол жүру шығыстары;
3) тұрғын үй жалдау шығыстары төленеді.
5.1.8. Іссапардың ұзақтығы 40 күнтізбе күнінен аспайды. Іссапарға жіберілетін қызметкерлердің жұмыс режимі іссапар орны бойынша анықталады.
5.1.9. Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлер, аяғы ауыр әйелдер, сондай-ақ мүгедек-қызметкерлер, егер мұндай жұмыс медициналық көрсеткіштер бойынша тыйым салынбаған болса, іссапарға жіберіледі. Бұл қызметкерлер іссапардан бас тартуға құқылы.
5.1.10. Үш жасқа дейінгі балалары бар қызметкерлер, отбасының науқас мүшесіне күтім жасайтындар немесе мүгедек-бала тәрбиелеушілер, егер медициналық қорытынды негізінде мүгедек-балалар не отбасының науқас мүшелері тұрақты күтімді қажет ететін болса, іссапарға шығудан бас тартуға құқылы.
5.1.11. Қызметкер жұмыс берушімен бірге басқа жерге ауыстырылған кезде жұмыс беруші қызметкерге:
1) қызметкер мен оның отбасы мүшелерінің көшіп-қону;
2) қызметкер мен оның отбасы мүшелерінің мүлкін жеткізу жөніндегі шығыстарын өтеуге міндетті.
Қызметкерге өтемақылық төлемдер: қызметкердің және оның отбасы мүшелерінің жаңа жұмыс орнына нақты жол жүру құнының, қызметкерлер және олармен бірге шыққан отбасы мүшелерінің мүлкін жеткізудің нақты құны мөлшерінде орташа айлық жалақының 5 есе мөлшерінде бір жолғы жәрдемақы төленеді.
5.1.12. Жұмыс беруші мынадай жағдайларда:
1) жұмыс беруші таратылған жағдайда жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шарты бұзылғанда – орташа жалақысының екі есе мөлшерінде;
2) қызметкерлердің саны немесе штаты қысқарған жағдайда жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шарты бұзылғанда - айлық орташа жалақысы мөлшерінде;
3) жұмыс беруші еңбек шартының жағдайларын орындамаған жағдайда қызметкердің бастамасы бойынша еңбек шарты бұзылғанда қызметкерге жұмысынан айрылуына байланысты орташа жалақысының үш есе мөлшерінде өтемақы төлемін жүргізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |