Керей тайпаларының екі ордасы болған, солтүстік ордасы Орхон өзені бойындағы Қатынбалық қаласында, ал оңтүстік ордасы Хуанхе өзені бұрылысының теріскейінде тұрған.
VIII ғ. аяғынан – ХІ ғ. басына дейін. Бұл кезде қыпшақтар Алтай және Ертістен Орал таулары және Еділ бойына дейін қоныс тепті. Қыпшақ тайпалық одағының құрамына Мұғалжар жеріндегі кумандар және қимақ тайпалары кіреді.
ХІ-ХII ғғ. Қазақстан аумағында тұрған қыпшақтар екі қанатқа бөлінді.
Бірінші қанаты - оң қанат Торғай даласын, Жем, Жайық, Еділ өзендерінің бойын, сондай-ақ Маңғыстау түбегін мекендеді, оны елбөрі руынан шыққан хандар басқарды. Ал, ордасы - Сарайшық қаласы болды. Торғай өңірінде жоғарғы ханның ордасы болса керек.
Екінші қанат - сол қанат Орталық және Шығыс Қазақстанды, Сырдариядан Ертіс пен Есілге дейінгі аралықтағы жерлерді қамтиды. Орталығы Сығанақ қаласы болды, оның ханы ұран тайпасынан шыққан. Оң қанат екіншісінен күштірек болған. Әскери ұйымдар мен әскери әкімшілік басқару жүйесіне айрықша маңыз берілген, өйткені ол көшпелі өмірге мейлінше сай, мейлінше қолайлы болған.
15- билет
Үйсін мемлекеті (шаруашылығы мен тұрмысы, мәдениеті)
І және ІІ дүниежүзілік соғыс кезіңіндегі Қазақ халқының жағдайын салыстыра отырып, талдау жасаңыз.
Ерте орта ғасырлардағы (VІ-ІХғғ.) Қазақстан аумағындағы мемлекеттер және олардың орналасқан аймақтарын картаға белгілеңіз.
Жауабы:
Достарыңызбен бөлісу: |