І нұсқа 1-билет Адамзат баласының Жер бетінде пайда болуы жөніндегі көзқарастар. 1867-1868жж. «Уақытша ереже»


Үйсін мемлекеті (шаруашылығы мен тұрмысы, мәдениеті)



бет60/99
Дата17.05.2020
өлшемі1.02 Mb.
түріҚұрамы
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   99
1.Үйсін мемлекеті (шаруашылығы мен тұрмысы, мәдениеті)

Ерте темір дәуірі заманында сақтардан соң Жетісу жерін үйсін тайпалары мекендеген. Олар - Орталық Азия аумағындағы ертедегі алғашқы этникалық бірлестіктердің бірі. Үйсіндер Жетісу мен Тянь-Шаньда, Қытайдың солтүстік-батыс өлкесінде, Шығыс Қазақстандағы Тарбағатай таулы бөктеріндегі далалы өңірлерде өз ізін қалдырған. Қазақ халқының калыптасуына негіз болған тайпалар қатарына жатады.Үйсін атауы қытай жазбаларында б.з.б. 2 ғасыр­дан бастап кездеседі. Олар «ат жакты, аққұбаша, сары шашты» болып бейнеленеді. Үйсіндердің шығыс шегі бір кездерде Қытайдың солтүстік-батысындағы Бесбалық ауданы арқылы, батысында Шу Талас өзендерінің бойымен өткен. Қаратаудың шығыс беткейлеріне дейін созылып жатса керек. Олардың ордасы Қызыл Аңғар (Чигучен не Чигу) қаласы Ыстықкөл мен Іле өзенінің оңтүстік жағалауы аралығында орналасты. Мал шаруашылығында  -қой,жылқы,сиыр өсірген. Қытай жазбаларында:Үйсіндер егіншілікпен де, бау-бақшамен де айналыспайды.Оты,суы мол жерде өмір сүрді делінген. Ақтас қыстауынан 60шаршы метр-150метрге дейінгі егіс орны табылған. Дәнүккіштер табылған.Үйсіндердің үйлері тақтатастан,балшықтан тұрғызылған.Үйлері тау бөтерінде орналасқан.Қысқы үйлері шикі кірпіштен тұрғызылған,тұрақты үйлерде тұрған.Үйлерінің бөлмелері өте көп болған,үйдің дәл ортасында жер ошақ салған,едені балшықтан сыланған екен.

Үйсіндердің кәсібінде әсіресе ,ыдыс жасау,бешпент тігу,теріден шалбар тігу,аяқ киім жасау ісі өте жақсы дамыған.Үйсіндердің қолөнершілері сүйектен,тастан, ағаштан,қайыннан,былғарыдан түрлі ыдыс-аяқтар жасаған.Сүйектен- жебе ұштары,түймелер,моншақтар жасаған.Тастан-қайрақ,кетпен,келі,диірмен ал,былғарыдан -сұйық тағамға арналған ыдыстар жасаған.Қайыннан- шелек,астау,табақтар жасаған екен.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   99




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет