Ы семей мемлекеттік



бет24/95
Дата05.02.2022
өлшемі1,43 Mb.
#2938
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   95
Синоним (гр. 'synonymos'мағыналас, мәндес) — тұлғалары әр түрлі, мағынасы жақын сөздер. Тілдердің дамып жетілуі, оның сөз байлығынан, оралымдағы синонимдерінің молдығынан көрінедіСинонимдік қатарға енген сөздердің мағыналық тұрғыдан айырмасы болады. Мысалы, құлшыну — белсену, соғыс — ұрыс, жабу — кілттеу сөздерінің мағыналық салмағы әр түрлі.
Синоним сөздерді үш түрлі белгілері арқылы тануға болады:

  1. мағыналық реңк (бала — перзент, ұстаз — мұғалім);

  2. стильдік реңк (еліру — желпілдеу, ақсақал — қария);

  3. сөз қолданысындағы реңктер (өмір — ғұмыр, биік тау — бойшаң адам).

  • Синонимдер мынадай жағдайларда қолданылады:

  1. мәтінде бір рет пайдаланылған сөзді қайталамау үшін;

  2. бір ұғымды түрлі белгілермен жан-жақты сипаттау мақсатында;

  3. мағыналас екі сөз қатар келсе, алдыңғысы соңғысын анықтап, мағынасын күшейтеді. Мұндай сөз қолданысын плеоназм дейді. Мысалы, заңғар биік тау, құр бекер жүру;

  4. Синонимдер фразеологизмдерде кездеседі. Мысалы, Бармақ шайнап, сан соғып, құсамен өткен өмір ғой — бұл да бір.

  5. Сөздің орнына оның жеке түсінігін перифраза тәсілімен сипаттау арқылы; Мысалы, Астана деудің орнына Қазақстанның астанасы;

  6. Мағынасы жағымсыз сөздерді эвфемистік тәсілмен жұмсартып, жеңілдетіп айту. Мысалы, өлді — о дүниелік болды, қартаю — жасы ұлғаю, т.б.

1-тапсырма: Төмендегі сөздердің синонимін табыңыздар:
Үлгі: Жаппай - дүйім, барша.
Жаппай, ынталану, алғыс, лебіз, міндет, беташар, жетесіз, сыйлы, алғашқы.
2-тапсырма: Бас, жас, бай, ер, қол сөздерінің омонимін табыңыздар.
Үлгі: бас – з.е., дене мүшесі.
бас - етістік.
3-тапсырма: "Нәумез болып қалу", "түп төркіні осындай", "тағзым ету", "сыйласымдылықка баулу" тіркестерін қалай түсінесіз, оларды қолдана отырып, сөйлемдер құрастырыңыздар.
4-тапсырма: Мәтіннен дыбыс үндестігіне байланысты сөздерді тауып жазыңыздар.
Үлгі: көкірегіне
5-тапсырма: Сіз көптен көрмеген досыңызды кездестірдіңіз. Екеу ара әңгімелеріңізді, жоғарыдағы мәтіндерді пайдалана отырып, диалог құрап жазыңыздар.
1. Мәтінмен танысып, мәнерлеп оқып шығыңыздар.

  1. Мәтіннің студенттерге берер тәлімі қандай? Түсіндіріңіздер.

  2. "Ұлдың ұяты әкеге, қыздың ұяты шешеге" - деп қараған
    халқымыздың өсиетіне өз көзқарасыңыз қандай?

  1. Ұлттық отбасына қатысты бірнеше мақал-мәтелдер айтыңыздар.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   95




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет