Негізгі тапсырмалар, сұрақтар: 1. Болымсыз, тұйық етістіктердің жасалу жолдарын айтыңыз.
2. Болымсыз етістігі бар 5 сөйлем жазыңыз.
3. Құрамында тұйық етістік айтылатын мақал-мәтел жазыңыз.
Есімше. Қимыл-әрекетті білдірумен бірге есім сөздің де белгілерін білдіретін етістіктің түрі есімше деп аталады: көрген кісі, алған адам, кірер есік, айтылмақ ой, оқылатын кітап т.б. Негізгі тапсырмалар, сұрақтар: 1. Есімшелердің жасалу жолын түсіндіріңіз.
2. Есімшенің жіктелуіне мысалдар келтіріңіз.
Көсемше. Көсемше деп негізгі қимыл-әрекеттің қалай, қайтіп жасалатынын білдіретін етістііктің түрі. Мысалы: қарқылдап (қалай?) күлді, қасқайып (қайтіп?) тұра қалды, асықпай (қалай?) сөйлейді т.б.