Ы семей мемлекеттік


Спорт туралы негізгі ұғымдар



бет67/95
Дата05.02.2022
өлшемі1,43 Mb.
#2938
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   95

Спорт туралы негізгі ұғымдар


Мақсаты: Қазақстандағы спорт түрлері, Қазақстан спортшылары, Қазақстанның олимпиада жүлдегерлері туралы мағлұмат беру.


1-бап.
Негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) дене шынықтыру және спорт жөнiндегi уәкiлеттi орган - дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттiк басқару мен үйлестiру функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;
2) дене шынықтыру - мәдениеттiң ажырамас бөлiгi, қоғам адамның дене бiтiмiн дамыту, оның денсаулығын нығайту мақсатында жасап, пайдаланатын, адамның үйлесiмдi дамуына ықпал ететiн рухани және материалдық құндылықтар жиынтығы болып табылатын әлеуметтiк қызмет саласы;
3) спорт - жарыс әрекетiнiң, спортшыларды жарыстарға қатысуға даярлаудың ерекше нысаны болып табылатын дене шынықтырудың бiр бөлiгi;
4) жоғары жетiстiктер спорты - жоғары спорттық нәтижелерге қол жеткiзудi, рекордтар жасауды қамтамасыз ететiн спорт саласы;
5) спорттың техникалық және қолданбалы түрлерi - спортшының техникалық құралдарды қолдана отырып жарыстарға арнаулы даярлық жүргiзуiн талап ететiн дене шынықтырудың бiр бөлiгi;
6) кәсiпқойлық спорт - басты мақсаты спорттық ойын-сауық шараларын ұйымдастыру және оларға қатысу арқылы пайда табу болып саналатын спорттық-кәсiпкерлiк қызметтiң бiр түрi;
7) спорттық сыныптама - спорттың жекелеген түрлерiнен шеберлiк деңгейiн, сондай-ақ жаттықтырушылардың, спортшылардың, нұсқаушылардың, әдiскерлердiң және төрешiлердiң бiлiктiлiк деңгейiн белгiлейтiн спорттық атақтардың, разрядтардың және санаттардың жүйесi;
8) дене тәрбиесi - денi сау, дене бiтiмi және рухани жағынан жетiлген, моральдық жағынан табанды жеткiншек ұрпақты қалыптастыруға, адамның денсаулығын нығайтуға, жұмыс қабiлетiн арттыруға, шығармашылық ғұмырлылығы мен өмiрiн ұзартуға бағытталған педагогикалық процесс;
9) дене шынықтыру және спорт жүйесi - халықтың дене тәрбиесi мен спортты дамыту мақсатындағы қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттiк және қоғамдық ұйымдардың жиынтығы;
10) әуесқойлық спорт - азаматтардың дене тәрбиесiнiң жалпы жүйесiндегi өзiнiң спорт шеберлiгiн жетiлдiруге және спорттың әр түрiнде жоғары нәтижелерге жетуге мүмкiндiк беретiн сан қырлы бұқаралық спорт қозғалысы;
11) дене шынықтыру (дене шынықтыру-спорт) қозғалысы - халықтың дене шынықтыру деңгейiн арттыруға, мемлекеттiк және қоғамдық ұйымдардың, азаматтардың дене шынықтыру мен спортты дамыту жөнiндегi нысаналы қызметiне жәрдемдесетiн әлеуметтiк қозғалыс нысаны;
12) дене шынықтыру-сауықтыру, спорт және спорттық-техникалық ғимараттары - азаматтардың дене шынықтыру жаттығуларымен, спортпен айналысуына және спорттық ойын-сауық шараларын өткiзуге арналған объектiлер;
13) дене тәрбиесiнiң құралдары - дене шынықтыру жаттығулары, табиғаттың сауықтыру күштерi және гигиеналық факторлар;
14) спорттық индустрия - дене шынықтыру-спорттық және туристiк мақсаттағы қызмет көрсетудi, өнiмдер өндiрудi жүзеге асыратын шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң жиынтығы;
15) аккредиттеу - уәкiлеттi органның дене шынықтыру және спорт саласындағы республикалық қоғамдық бiрлестiктiң Қазақстан Республикасының атынан тиiстi халықаралық ұйымдарға қатысуға құқықтық өкiлеттiгiн ресми тануы;
16) салалық көтермелеу жүйесi - дене шынықтыру және спорт қызметкерлерiн саланы дамытуға қосқан үлесi үшiн ынталандыру нысаны;
17) бұқаралық спорт - дене жаттығуларымен айналысуға тарту және спорттың әр түрiндегi талантты спортшыларды анықтау мақсатында халық арасында дене шынықтыруды дамытуға ықпал ететiн бұқаралық спорт қозғалысын бiлдiретiн дене шынықтырудың бiр бөлiгi;
18) ұлттық спорт түрлерi - жарыс әрекетi нысанында тарихи қалыптасқан және өзiне тән дене жаттығуларын, дене шынықтыру белсендiлiгiн ұйымдастырудың өзiндiк ережелерi мен тәсiлдерi бар халық ойындарын бiлдiретiн дене шынықтырудың бiр бөлiгi;
19) халықаралық спорт жарыстары - кемiнде бес мемлекеттiң өкiлдерi қатысатын спорт түрiнен спортшылар (командалар) арасында өтетiн сайыс.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Қазақстанда қандай спорт түрлері бар?
2. Қазақстанның қандай спортшыларын білесіз?
3. Қазақстандағы қандай олимпиада жүлдегерлерін білесіз?
4. Диалогтармен жұмыс жүргізіңіз.
5. Спорт жайында өз диалогыңызды құрыңыз.
Бақылау түрі: Диалогтарды аудару, сөздікпен жұмыс.
Әдістемелік нұсқаулықтар:
Диалогтардағы жаңа сөздерді көшіріп жазу, аудару, өз диалогтарын құрастыру.
Таратылатын материалдар:

  1. Диалогтар

  2. Сөздік

  3. Оқулық

Әдебиеттер:

    1. Ш.К.Бектұров, А.Ш.Бектұрова, Қазақ тілі . А.-2002.

    2. З.С.Күзекова. Қазақ тілі. А.-2002

    3. Г.Қ.Рысбаева. Қазақ тілі грамматикалық анықтағыш. А.-2000

21.Тақырыбы: Пысықтауыш .
Сөйлемде айтылған негізгі ойды толықтыруға қызмет ететін мүшелерді тұрлаусыз мүшелер дейміз. Оларға анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш жатады. Сөйлемде зат есімнен болған мүшені сын, сапа, басқа да түрлі белгілері жағынан сипаттап тұратын тұрлаусыз мүшені анықтауыш дейміз. Сұрақтары: қандай? қай? қанша? неше? кімнің? ненің? Толықтауыш – сөйлемде іс-оқиғаны заттық мағына жағынан сипаттайтын тұрлаусыз мүше. Сұрақтары: кімге? неге? кімді? нені? кімде? неде? кімнен? неден? кіммен? немен? Пысықтауыш – сөйлемде іс-оқиғаны мекен, мезгіл, сын-қимыл, мақсат жағынан сипаттайтын тұрлаусыз мүше. Сұрақтары: қалай? қайда? қайтіп? қашан? қайдан? кім үшін? не мақсатпен? не себепті? неліктен?
Негізгі тапсырмалар, сұрақтар:
1.Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерін атаңыз, сұрақтарын айтыңыз.
2.Анықтауыш, пысықтауыш, толықтауыштары бар 6 сөйлем құрыңыз.
3. Мезгіл пысықтауыштарды пайдаланып «Вокзалда» тақырыбына диалог құрыңыз.

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   95




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет