2-бап. Ұлттық мерекелер Қазақстан Республикасындағы Ұлттық мереке - 16-17 желтоқсанда атап өтiлетiн 16-желтоқсан - Тәуелсiздiк күнi.
3-бап. Мемлекеттiк мерекелер Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк мерекелер - мына күндерi атап өтiлетiн мерекелер:
1-2 қаңтар - Жаңа жыл;
8 наурыз - Халықаралық әйелдер күнi;
22 наурыз - Наурыз мейрамы;
1 мамыр - Қазақстан халқының бiрлiгi мерекесi;
9 мамыр - Жеңiс күнi;
6 шiлде - Астана күнi;
30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституциясы күнi;
25 қазан - Республика күнi.
Ескерту. 3-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2008.06.25 N 47-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-тармақтан қараңыз) Заңымен.