Ы семей мемлекеттік


- Тапсырма Маған ұнайтын Қазақстан спортшысы тақырыбына эссе жазыңыз



бет70/95
Дата05.02.2022
өлшемі1,43 Mb.
#2938
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   95
2- Тапсырма Маған ұнайтын Қазақстан спортшысы тақырыбына эссе жазыңыз.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Қазақстанда қандай спорт түрлері бар?
2. Қазақстанның қандай спортшыларын білесіз?
3. Қазақстандағы қандай олимпиада жүлдегерлерін білесіз?
4. Диалогтармен жұмыс жүргізіңіз.
5. Спорт жайында өз диалогыңызды құрыңыз.
Бақылау түрі: Диалогтарды аудару, сөздікпен жұмыс.
Әдістемелік нұсқаулықтар:
Диалогтардағы жаңа сөздерді көшіріп жазу, аудару, өз диалогтарын құрастыру.
Таратылатын материалдар:

  1. Диалогтар

  2. Сөздік

  3. Оқулық

Әдебиеттер:

    1. Ш.К.Бектұров, А.Ш.Бектұрова, Қазақ тілі . А.-2002.

    2. З.С.Күзекова. Қазақ тілі. А.-2002

    3. Г.Қ.Рысбаева. Қазақ тілі грамматикалық анықтағыш. А.-2000

22. Тақырыбы: Жай сөйлем. Оның түрлері.
Айтылу мақсатына қарай сөйлемдер хабарлы, сұраулы, лепті, бұйрықты болып келеді. Хабарлы сөйлем – айтылу мақсаты хабарлау, суреттеу, баяндауды білдіретін сөйлемнің түрі. Бұл сөйлемді айтқанда интонация бірте-бірте бәсеңдеп отырады. Сөйлем соңында нүкте қойылады. Мысалы: Күз басталды. Күн де салқындай бастады.
Бір нәрсе жайында сұрай айтылған сөйлемді сұраулы сөйлем дейміз. Сұраулы сөйлемдер сұрау интонациясы арқылы, сұрау есімдігінің қолданылуы арқылы және ма,ме, ба, бе, па, пе, ша,ше шылауларының қолданылуы арқылы жасалады. Мысалы: Қайда барасыз? Дәрігерді шақырдың ба?
Бұйрықты сөйлем – біреуге бұйыру, тілек-өтініш ету мақсатында айтылған сөйлем. Бұйрықты сөйлемнің баяндауышы бұйрық рай тұлғасынан жасалады. Мысалы: Енді ол жаққа барғызба.Соны ойласаңшы.
Лепті сөйлем – сөйлеушінің көңіл-күйін (қуану, ренжу, өкіну, аяу т.б.) білдіріп, ерекше әуенмен айтылатын сөйлем. Мысалы: Астана неткен тамаша! Оқыса жақсы-ау!
Негізгі тапсырмалар, сұрақтар:
1.Сұраулы сөйлем қалай жасалады?
2.Лепті сөйлемдерге мысалдар келтіріңіз.
3.Сөйлем түрлерін қамти отыра бір күніңізді қалай өткізгеніңіз туралы қысқа әңгіме құрыңыз.
Әдістемелік нұсқау: Сөйлем түрлерінің мағынасын білдіру, жасалу жолдарын анықтау, оны бекіту жұмыстары жүргізіледі. Өздері құрған қысқа әңгіме ішінен сөйлем түрлерін тауып, олардың жасалу жолын, интонациясын түсндіреді.
Әдебиеттер:
Ш.К.Бектұров, А.Ш.Бектұрова. Қазақ тілі. –Алматы, 2002.
Н.Оралбаева, Т.Әбдіғалиева, Б.Шалабай. Практикалық қазақ тілі. – Алматы, 1993.
Ақтанова А.С., Рахымбаева Р.Е. Қазақ тілі – Семей, 2007

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   95




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет