Ы семей мемлекеттік


Жыл санау немесе жыл қайыру



бет71/95
Дата05.02.2022
өлшемі1,43 Mb.
#2938
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   95
Жыл санау немесе жыл қайыру
Халық жыл санау дәстүрін он екі жылдан қайырып отырады да, оған жыл басын тышқан, соңын доңыз деп аяқтайды. Жыл аттарына сәйкес аңыздар да шығарған. Жыл қайыру жылды есептеуге де, адам жасын анықтауға да өте ыңғайлы. Адам жасын есептегенде біріншісін 13 жылдан алып, одан кейінгілерін сол алғашқы есептелген санға 12 жылдан қосып есептеп, оны бір мүшел деп санаған да, адам жасын оңай шығарып ала берген. Мәселен, тышқан жылы туған адам сол тышқан жылы айналып келген сайын мүшел жасқа шыққан болып есептеледі. Бірінші мүшел 13 жас – сәби шақ мүшелі, екінші мүшел 25 жас – ер жету мүшелі, үшінші мүшел 37 жас- жігіттік мүшелі, төртінші мүшел 49 жас – орта жас мүшелі, бесінші мүшел 61 жас – ақсақалдық мүшелі, алтыншы мүшел 73 жас- қарттық мүшелі, жетінші мүшел 85 жас – кәрілік мүшелі. Бұрынғы қариялар алты мүшелге толдым немесе жеті мүшелден астым дейтін болған. Жыл басы наурыз айының 22 – сі болып есептеледі, жыл санау да осы күннен басталады. Қазақша жыл санау мен жыл қайыру кестесі мынадай:

Тышқан 1924 1936 1948 1960 1972 1984 1996


Сиыр 1925 1937 1949 1961 1973 1985 1997
Барыс 1926 1938 1950 1962 1974 1986 1998
Қоян 1927 1939 1951 1963 1975 1987 1999
Ұлу 1928 1940 1952 1964 1976 1988 2000
Жылан 1929 1941 1953 1965 1977 1989 2001
Жылқы 1930 1942 1954 1966 1978 1990 2002
Қой 1931 1943 1955 1967 1979 1991 2003
Мешін 1932 1944 1956 1968 1980 1992 2004
Тауық 1933 1945 1957 1969 1981 1993 2005
Ит 1934 1946 1958 1970 1982 1994 2006
Доңыз 1935 1947 1959 1971 1983 1995 2007




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   95




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет