Ойынға қатысушылар жалпы бір қатарға тұрады, шеңберде картоннан қиылғын гүлдердің жапырағы, бұтағы, шеңбер қиындылары боялады. Боялған жағы көрінбейді. Топтар қызыл, жасыл, көк, сары болып бөлінеді. Заттардың саны ойнаушылардың санына сәйкес болу керек. Белгі бойынша әр топтан бірінші нөмірдегі ойнаушы жүгіріп келеді. Олар өздерінің түсіне сейкес шеңберді табу керек. 2-3 нөмірлі ойыншалар гүлдің жапырағы, қалғандары бұтағын тауып құрастырады. Негізгі мақсат, жылдам гүлді құрастыру. Ұпай шеңбер бойынша белгіленеді. Ойынның соңында барлық ұпай саны есептелініп, жеңіске жеткен топқа әділ қазыдар өз бағасын береді.