I тарау: Жалпы білім беретін мектептердегі кәсіптік бағдар берудің теориялық негіздері


Диагностикалық сұхбаттың жауап парағы



бет4/6
Дата22.01.2017
өлшемі1,25 Mb.
#7570
1   2   3   4   5   6

Диагностикалық сұхбаттың жауап парағы

1

11

21

2

12

22

3

13

23

4

14

24

5

15

25

6

16

26

7

17

27

8

18

28

9

19

29

10

20

30

Нәтижені өңдеу.

Жауап парағындағы көрсеткіштерді сандық өңдеу үшін, жауап нақты дұрыс берілген жауабы болу керек (дешифратор). Ол жерде коммуникативті немесе ұйымдастырушылық дәрежесі айқындалады. Дешифратор көмегімен сай келген сұрақтар алынады. Коммуникативті немесе ұйымдастырушылық икемділігінің бағалы коэффициенті (К), әр тараудағы мүмкін болатын санның (20) сай келуінде байланысты.



Xk X0

Кк =------- және К0 =-------:

20 20

мұнда, К - бағалау коэффициентінің өлшемі; Хк және Хо - дешифратор жауабымен сай келгендер.



КҰҚ әдістемесінің дешифраторы.

Коммуникативті икемділіктер. Ұйымдастырушылық икемділіктері.



1 +

11-

21 +

31-




2 +

12-

22 +

32-

3-

13 +

23-

33 +




4-

14 +

24-

34 +

5 +

15-

25 +

35-




6 +

16-

26 +

36-

7-

17 +

27 +

37 +




8-

18 +

28-

38+

9 +

19-

29 +

39 -




10+

20-

30 +

40-


Нәтижені бағалау.

Бұл әдіс бойынша алынған көрсеткіштер 0-ден 1-ге дейін (вариант), 1-ге жақын көрсеткіш коммуникативті және ұйымдастырушылық қабілетінің жоғары деңгейін, 0-ге дейін жақын - төменгі деңгейді көрсетеді. Бағалау коэффициенті - бұл зерттеудегі көрсеткіштердің алғашқы сипаттамасы. Нәтиженің сапалы болуы үшін бағалау шкаласы қолданылады.


Коммуникативті икемділіктерді бағалау шкаласы.

К

О

Коммуникативті икемділіктердің айқындалу деңгейі.

0,10-0,45

1

Төмен

0,46 - 0,55

2

Ортадан төмен

0,56 - 0,65

3

Орташа

0,66 - 0,75

4

Жоғары

0,76 - 1

5

Өте жоғары

Ұйымдастырушылық икемділіктерді бағалау шкаласы.



К

О

Ұйымдастырушылық Икемділіктердің айқындалу деңгейі.

0,20-0,55

1

Төмен

0,56 - 0,65

2

Ортадан төмен

0,66 - 0,70

3

Орташа

0,71-0,80

4

Жоғары

0,81-1

5

Өте жоғары

Мектеп бітірушілердің икемділіктерін кәсіптік айқындау.

11 сынып оқушыларына төмендегі келтірілген 50 іс-әрекетті мұқият оқып шығуды ұсыныңыз. Оларды сұраққа жауап беруге сұраныңыз және оны балл түрінде бағалаңыз. Сұрақтар барлық іс-әрекетті қамтиды.



Іс-әрекет түрлері:


1. Әр түрлі текстерден, мақалалардан мәлімет алып оны белгілі бір орны

бойынша жинақтау. (материалдар жинау)

2. Физика пәнінде лабораториялық жұмысты орындау

кезінде тәжірибелік жұмыстарды орындау (схемаларды құрастыру

және жинау, олардағы ақауларды жөндеу, прибордың және т.б.

жұмыс істеу принциптерін білу).

3. Ұзақ уақыт бойы (1 жылдан аса) өсімдіктердің дамуын, өсуін



қамтамасыз ететін (суғару, орнын ауыстырып қондыру, тыңайту)

барлық жұмыстарды өзіндік, шыдамды түрде атқару.

4. Әңгімелер, өлеңдер шығару, қызықты шығармалар жазу.

5. Өзінің айналасына ашуын, өкпесін, жаман көңіл күйін көрсетпеу, өзін-



өзі ұстау.

7. Физика бойынша тапсырмаларды шешу, физикалық процестерді және

заңдылықтарды білу.

8. Өсіп (дамып) жатқан өсімдікке ұдайы бақылау жүргізу және



көрсетілген мәліметтерді күнделікке жазып отыру.

9. Жіптен, кепкен өсімдіктерден, металлдан, материалдан, ағаштан



өз қолыңмен әдемі бұйымдарды жасау.

10.Кез-келген адамға, ол бір нәрсені білгісі келсе, бірнеше рет

қайталауыңыз керек болса да еш қиналусыз, шыдамды түсіндіру.

11. Қазақ тілі, әдебиеттер бойынша жазылған жазбаша жұмыстарда

қателерді оңай табу.

12.Химия бойынша тапсырмаларды шешу, химиялық процестерді,

химиялық элемент қасиеттерін білу.

13.Түрлі өсімдіктердің даму ерекшеліктерін және оны сыртқы

түрлерін ажырату.

14.Атақты графика, ескерткіштерді, суреттерді қайта салу өнерімен

айналысу.

15. Әрқашан да және үнемі түрлі адамдармен арласу.

16. Шет тілі сабағында сұрақтарға жауап беру, сұрақтар қою, тексті,

тақырып бойынша әңгімелерді айтып беру.

17.Қандайда бір механизмдерді (мотоцикл, велисопед), электротехникалық

приборларды (шаңсорғыш, үтік) жөнедей білу.

18.Өзінің бос уақытысының көбісін жануарларды асырап және

оларды бағумен айналысу.

19.Өз жолдастары және үлкендер арасындағы өзінің өлеңдерін, әндерін

шығару.

20. Адамдарды сөзінен бөлмей, шыдамды, мұқият тыңдау.

21. Шет тілі сабағында тапсырмаларды орындау барысында ешбір

қиындықсыз шет тілі текстерімен жұмыс істеу.

22. Электрондық аппараттарды (телевизор, магнитофон, қабылдағыш)

жөндеу және пайдалану.

23. Үлкендердің айқанынсыз жануарларды қарау және күту жұмыстарын:

тамақтандыру, тазалау, емдеу, үйрету атқару.

24. Көпшілік, көремендер арасында түрлі ролдерді ойнау, бейнелеу,

өлеңдерді оқу және т.б. жасау.

25. Кішкене жастағы балаларды іске, ойынға қатыстыру.

26. Формуланы, заңдылықтарды, теоремаларды пайдалана отырып

логикалық ойды талап ететін математикалық, химиялық

тапсырмаларды орындау.

27. Құлыптарды, крандарды, жиһаздарды, ойыншықтарды жөндеу.

28. Жан-жануарлар түрін (тұқымын, парода); аттардың, құстардың, балық тардың, насекомдардың ажырата білу; олардың сыртқы сипатын білу.

29.Жазушыны драматургтың, суретшінің, режиссердің, актердің

жасаған жұмысының талантылығын (немесе керісінше) айқын көру;

оны ауызша немесе жазбаша түрде жеткізе білу.

30. Адамдарды жұмыстарға, қанадайда бір мерекелік шараларға

ұйымдастыра білу.

31. Математикалық формула, заңдылықтар және оларды қолдану жағынан

жоғары білімді талап ететін, математикалық тапсырмаларды шешу.

32. Жақсы қоғалысты қолдың икемділігін талап ететін жұмыстарды;

станокта жұмыс істеу, электрлік тігін машинасында жұмыс жасау, майда

бөлшектерден тұратын бұйымдарды жөндеу, жинау.

33.Өсімдіктегі, жануардағы өзгерісті сыртқы түрінен немесе оның

жай күйін бірден байқау.

34.Музыкалық саймандарда ойнау, көпшілік орында өлеңдер айту, би

билеу.

35.Түрлі адамдармен міндетті араласуды талап ететін жұмыстарды

орындау.

36. Көрсеткіштерді есептеу және сандық есеп (формула бойынша

және формуласыз) жүргізу, осының негізінде түрлі

заңдылықтарды, нәтижелерді шығару.

37.Бөлшектерден моделді, бұйымды, жаңа нәрсені құрастыру

және конструкциялау.

38.Биология, ботаника, зоология бойынша тереңдеп оқып үйрену

(ғылыми әдебиеттерді, лекциялар, ғылыми баяндамалар тыңдау).

39.Жаңа нәрселерді конструкциялау, қағазда және түпнұсқада жаңа

киімдерді, әшекейлерді және т.б. нәрселерді келтіру.

40. Адамдарға әсер ете білу; қайшылықтарды болдырмау, ұрыс-

керістерді шешу.

41. Шартты таңбалы ақпараттар мен жұмыс жасау; Картаны,

схеманы, сызба жұмыстарын салу, құрастыру.

42. Заттардың, фигуралардың, кеңістікте орналасуын елестетуді талап

ететін тапсырмаларды орындау.

43. Биологиялық үйірмелерде, зоо үйірмелерде және т.б үйірмелерде

оқу.

44.Басқаларға қарағанда тез, жылдам қарапайым нәрседен, таң қаларлық

өзгешелікті көре білу.

45.Адамдардың (алыс адамдар болса да) көңіл, олардың проблемасын

түсіну, оларға қолдан келгенше көмек көрсету.

46.Іс-қағаздары жұмысын: жазу, көшіру, есептеу, тексеру, шығару

қатесіз ұқыпты орындау.

47.Математикалық, логикалық, техникалық тапсырмалардың қарапайым,

қысқа, жылдам шешімін таңдау.

48.Өсімдіктермен, жануарлармен ауа райы жағдайларына,

ластыққа қарамай жұмысты қиналмай атқару.

49. Жасалынып жатқан еңбекті ұқыпты, күтімді тиянақты орындау.

50. Өзінің ойын ашық хабарлап жеткізе білу.

Ал енді балалар олардың іс әрекетін сипаттайтын бағалау шкаласын қойып

шықсын.
1. Сіздің өзіңіз таңдаған іс -әректті орындау қаншаықты қолыңыздан келеді?

- әрине, ойдағыдай, жақсы - 2,

- орта атқарамын,

- нашар, (оншалықты емес).



2. Сіз жұмысты атқарып жатқан кезіңізде өзіңізді қандай күйде

сезінесіз?- ойдағыдай, (жақсы, қызықты, жеңіл) - 2

- онша емес, (бәрі бір) - 1,

- жақсы емес, (жақсы емес, қызық емес, қиын) - 0.

3. Осы іс әрекет түрі сіздің болашақ өміріңіздегі

жұмысыңызға қосылғанын қалайсыз ба?

- Иә - 2,

- Маған бәрі бір - 1 -Жоқ-0.

Балл түріндегі өзінің бағасын балалар жауап парағына енгізу керек (сұрақ номері мен жауап номері сай келеді). Әр клетка үш сұрақ бойынша балды қойыңдар. Әр бір сұраққа жауап берер алдын алдымен «іскерлікті» (1), одан кейін «қарым қатнасты» (2), соңында «мақсат-мұратты» (3) бағалау керек. Осы ретпен бағалау баллдары қойылады.

Егерде балалар келтірілген сұрақтармен таныс болмаса, онда екі алғашқы сұрақты (1) және (2) қалдырып (сызықша қойып), үшіншісіне жауап беруге болады. Сұрақтарды оқи отырып «сирек», «оңай» және т.б. сөздерге көңіл аудару қажет. Жауаптар осы сөздердің мағынасын есепке алу керек.

Егерде келтірілген бірнеше іс әрекеттен біреуін болсада жасай алатын болса, онда оқушылар оны үш түрлі бағамен есептейді.

Тапсырманы мұқият, асықпай орында.

Нәтижені өңдеу.

Нәтижені өңдеу жұмысы кезінде жауап парағының (қосымша-3) оқушылар іскерлікке 0 балл немесе сызықша қойылған сұрақты танып алыңыз. Мұндай жағдайда қалған екі сұраққа қойылған балл суммалары есепке алынбайды. Олар әрбір іс әрекет сферасын сапалы талдау кезінде ғана есепке алынады. Оқушының әрбір кәсіптік іс әрекетінің «мақсат-мұратынан» бөлек, «қарым қатынасынан» бөлек, «іскерлігінен» бөлек жинаған баллдарының жалпы суммасын есептейміз. Нәтижесінде оқушылардың қандай мамандық сферасына қызығатынын байқаймыз. Нәтижені нақты бағалау кезінде оқушының кызығушылығы, икемділігі туралы қосымша ақпарат аламыз.



Экстраверсия - интраверсия анықтау әдістемесі.

Жұмыс мақсатын түсіндермей балаларға төмендегі мәліметті беріңдер: «Жауап парағын алған соң, сіздер бірінші сұраққа жауап беріп сұрақ номерін қоса дәптеріңізге жауап белгілейсіз. Осылай кезекпен кезек сұрақтарға жауап бересіз. Сұрақтарға тек «иә» немесе «жоқ» деп жауап бересіз. Сұрақтарға жауап беру кезінде; «Басқа келген алғашқы жауап, әрине, дұрысы болып саналады». Оқушыларға сұрақ жазылған бланканы тартыңыздар және жұмысқа кірісуге тапсырма беріңіздер. Сұрақ парақшасы 57 сұрақты қамтиды, оның ішінде 24 - Э-И (экстраверсия-интраверсия) шкаласы бойынша, 24 Н (неитроизм) шкаласы және 9 Ж (жалған) шкаласы бойынша.



Сұрақтар

1. Жаңалыққа (идеяға) сіз бірден «ояна», сергек күймен қарайсыз ба?

(Жаңалықты тез қабылдай аласыз ба).

2 Сізді түсінетін, көңіліңізді аулайтын, ойыңзды

растайтын жолдастарыңызды қажет етесіз бе?

3.

4. Сіз «жоқ» деп жауап беруге қиналасыз ба?

5. Сіз алдымен шешім қабылдаудан бұрын ойланасыз ба?

6. Сіз егерде бір нәрсені орындауға уәде берсеңіз әрқашанда, уәдеңізде

тұра аласызба? (ол сізге қаншалықты қиын, әрі жайсыз болсада,

уақытыңызды алатын болсада)

7. Сіздің көңіл - күйіңіз жиі көтеріле ме?

8. Сіз ойланбай, тез сөйлейсіз және шешім қабылдайсыз ба?

9. Сіз ешбір себепсізден себепсіз өзіңізді бақытсыз сезінесіз бе?

10. Бәсеке (спор) үшін сіз бәріне барасыз ба?

11. Сіз бөтен әдемі қызбен (жігітпен) танысқан кезде ұялып,

өзіңізді ығайсыз сезінесіз бе?

12.Сіз кейде ашуланып, өзіңізді ұстай алмай қаласыз ба?

13.Өзіңіздің бір сәттік көңіл күйіңізге қарай жұмыс жасайсыз ба?

(көңіл күйің қалай болса жұмысты солай істейсіз)

14. Егер сіз болып қойған тірлікке біреуге жасамауға және

айтуға болмайтын сөз айтып қойсаңыз, сіз оған ұзақ уақыт

көңіліңізде ұстап (уайымдап) жүресіз.

15.Сіз адамдармен кездесуге қарағанда кітаптарды оқығанды ұнатасыз ба?

16. Сіз ренжіту оңай ма?

17. Сіз көпшілік (компанияда) арасында жиі болғанды ұнатасыз ба?

18. Сіздің кейде басқалардан жасырып қалатын ойларыңыз болды ма?

19. Сіз кейде өзіңізді өте қуатты сезініп барлығы сіздің қолыңызда

сияқты сезінесіз, немесе тіпті керісінше ме?

20.Сіз өзіңізге көп жолдастарға қарағанда аз болса да жақын

достарыңыз болғанын қалайсыз ба? (жүз сомың болғанша жүз досың

болсын)

21. Сіз жиі армандайсыз ба?

22. Сізге айқайласа сіз де солай жауап қайтарасыз?

23. Сіз өзіңізді жиі кінәлі санайсыз ба?

24. Сіздің барлық мінезіңіз, істеген істеріңіз жақсы әрі тартымды?

25. Өз көңіліңізге ерік беріп көпшілік (компанияда) арасында

көңіл көтергенді ұнатасыз.

26. Өзіңізді сезімтал және нәзік адам санайсыз ба?

27. Сізді көңілді сергек адам деп санайды ма?

28. Сіз егерде маңызды жұмысты бітірсеңіз, оны одан да жақсы

атқаруға болатын еді деп ойлайсыз ба?

29. Көпшілік орында (ортада) сіз көп сөйлемейсіз бе?

30. Сіз кейде артық әңгіме (өсек) айтасыз?

31. Сіз кейде басыңызға әр түрлі ойлар келе бергендіктен ұйықтай

алмайсыз ба?

32. Сіз егерде қандай да бір нәрсені білгіңіз келсе, оны оқып аласыз

ба немесе сұрап аласыз ба?

33.Сіздің жүрегіңіз қатырақ соққан кездері болады ма?

34. Сізге үнемі ұқыптылықты талап ететін жұмыс ұнайды ма?

35. Сіздің қорыққан сәттеріңіз болған ба? (приступ)

36. Егер тексеруден қорықпасаңыз сіз өзіңіздің жүгіңізге ақша төлейтін

бе едіңіз?

37. Сізге бір -бірімен әзілдесіп, бірін-бірі мазақ етіп отыратын орта

ұнайды ма?

38. Сіз тартымды емессіз?

39. Сізге жылдамдықты талап ететін жұмысты атқару ұнайды ма?

40. Сізді болып қалатындай келеңсіз істер мазалайды?

41. Сіз асықпай жай жүресіз бе?

42.Сіздің жұмысқа немесе кездесуге кешіккен кездеріңіз болды ма?

43.Сіздің түсіңізге қорқынышты түстер жиі кіреді?

44. Сіз әңгіме айтқанды жақсы көресіз, бөтен адамдар мен сөйлесіп

қалу (араласу) мүмкіндігін жібермейтініңіз рас па?

45. Сізді қандай болсын аурулар ойландырады ма?

46. Егер сізді адамдармен араластырмай қойса онда сіз өзіңізді өте

бақытты сезінесіз бе?

47. Сіз өзіңізді шыдамызбын (нервныи) деп айта аласыз ба?

48. Сіздің таныстарыңыздың арасында сізге ұнамайтыны бар ма?

49. Сіз өзіңізге өзіңіз сенімдімін деп айта аласыз ба?

50. Егер сізге жұмысыңыздағы немесе жеке қателіктеріңізді көрсетсе

сіз тез өкпелеп қаласыз?

51.Көңіл көтеру кештерінен шындап қанағаттануқиын деп санайсыз.

52. Сіз басқаларға қарағанда өзіңді төмен санау толғандырады ма?

53.Сізге қызықты емес топтардың көңіл күйін көтеру өте оңай ма?

54. Сіз өзіңіз түсінбейтін нәрселерді айтқан кездеріңіз болған ба?

55. Сізді өзіңіздің денсаулығыңыз толғандырады ма?

56. Сіз басқа біреуге күлгенді (мазақтағанды) жақсы көресіз бе?

57. Сізді ұйқысыз түндер мазалайды ма?

Сұрақша «кілті».


Ж


Ия

6

24

36





































Жоқ

12

18

30

42

48

54



























Э-И


Ия

1

3

8

10

13

17

22

25

27

39

44

46

49

53

56

Жоқ

5

15

20

29

32

34

37

41

51


















Б


Ия

2

4

9

7

11

14

16

19

21

23

26

28










Жоқ

31

33

35

38

40

43

45

47

50

52

55

57











Нәтижені өңдеу.

Зерттеу нәтижесін өңдеу келтірілген «кілт» көмегімен өңделеді. Оқушылардың экстрарлығын Э-И шкаласы бойынша 12 баллдан жоғары көрсеткіші, 12 баллдан төмен шкала интровертивтілігін көрсетеді. Бейтарап жағдай 12 баллдан жоғары шкаланы көрсеткен жағдайда болады. 4-5 баллдағы көрсеткіш жалған (Ж) шкаланы көрсетеді. Ол тек шеткі (критический) жағдайларда ғана қолданылады. Ж шкаласы оқушы мінез құлқын көрсеткіш индикатор болып табылады көруге болады.Оқушының арманы мектеп қабырғасын бітіріп оқу орнына түсу, мамандық таңдау. Ол қай мамандықты таңдасам екен деп адасуы мүмкін. Осы жерде тағы бір - әдісті ұсынуға болады. Осы жерде оларға, олардың ата-аналарына бірден-бір бағыт беруші кәсіптік икемділігін, мамандыққа қызығуын зерттеуге арналған кәсіптік бағдарлама кітапшалары (қосымшалар - 4, 4.1.) жәрдем бере алады. Кәсіптік бағдарлама кітапшасының мақсаты, оқушыларға, олардың ата-анасына кәсіп таңдауына нақтылы ұсыныстармен жәрдем беру. Оқушының қызығушылығын, дүниетанымын және т.б. мүмкіндіктерін айқындау. Мектеп қабырғасын бітіргенде оның мамандықты саналы таңдауына көмек беру. Кітапша барлық пән мүғалімдермен сынып жетекшілері, ата-аналар бақылауымен зерттеледі. Мұнда оқушыларды жан-жақты зерттеу қарастырылған. Кәсіптік бағдарлама кітапшаларын зерттеу жұмысымызда да қолданып оң нәтижелерге қол жеткіздік.

Оқушылармен жүргізілген, сұхбаттар, анкеталық, диагностикалық сауалнамалар, әдістемелердің қажеттілігі зерттеу барысында тиімді екені анықталып, нақтыланды.

Оңтүстік Қазақстан облысында 12 аудан (ауылдық); Қазғұрт, Арыс, Бәйдібек, Мақтаарал, Ордабасы, Отырар, Сайрам, Сарыағаш, Созақ, Төлеби, Түлкібас, Шардара және 8 қала; Шымкент, Арыс, Кентау, Түркістан, Жетісай, Сарыағаш, Ленгер және Шардара бар.

Бүкіл облыстағы мектептер санын - 967 болатын болса оның 801-і ауылдық жерлерде орналасқан, оның ішінде орта мектеп - 689; ішкі оқыту мектебі - 143; бастауыш мектеп - 135 құрап отыр. Оларда барлығы 515 871 оқушы, орта мектептерде - 474 855; ішкі мектептерде - 31915; бастауыш мектептерде - 8 353 сандықты көрсетуде. Орта мектептегі оқушылар саны -34479, үздік бітіргендері - 1115, ішкі мектептер - 49380, үздік бітіргендері -2029.

Мектеп жасына дейінгі орындары - 103, ондағы балалар - 13953. Кешкі мектептер - 5 оларда балалар - 2610;

Шағын мектептер - 240, оның ішінде - 131 орта, ішкі - 27, бастауыш - 82 құрайды.

Кәсіптік техникалық мектептер - 21, оларда 9096 бала оқиды. ( 10 көмекші қосалқы мектер бар. Облыс бойынша 3 Мектепаралық оқу-өндірістік комбинаттары бар. Оның екеуі Шымкент қаласында, біреуі Отырар ауданында.

Соңғы жылдары облысымызда дипломды жұмыссыздардың көбейіп кеткені жөнінде жиі жазылып та айтылып та жүр. Сонда да бір бірінен аумай қалған мамандарды даярлауды және сол мамандық бойынша оқуды да қоймай келеміз. Былтыр облысымызда меншіктің түрлі формасындағы 29 оқу орны мен олардың филиалдары, 24 колледж, 21 кәсіптік-техникалық мектеп бар-ды. 2007 жылы Жоғарғы Оқу Орны (ЖОО) 11176, колледжде 3210, кәсіптік мектептерде 3212 жас қабылданып оқыды. 2001 жылы 1 қаңтарында жоғарғы оқу орны 47427, колледждерде 11687, кәсіптік-техникалық мектептерде 8520 жас білім алды. Жалпы бұл жылы облыстағы мемлекеттік және мемлекеттік емес оқу орындарында 61782 жас оқыған екен. Ал биылғы жылы 2002 жылдың өзінде атары белгісіз қаншама оқу орындары ашылды.

Даярланып жатқан кадрлар қазіргі еңбек рыногінде сұранысқа ие ме? Мамандықтар мен кәсіптер тізіміне жасалған талдаулар бірқатар жоғарғы оқу орындары мамандықтарының бірін бірі қайталайтындығын көрсетеді. Олардың көпшілігінде кадрлар гуманитарлық бағдардағы экономикалық және заң мамандықтарына басымдылық беріле отырып даярланады. Мемлекеттік оқу орындарын алып көрелік. «Экономика және менеджмент» мамандығы бойынша 7 ЖОО-ның алтауында, «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша үш ЖОО-да даярланады. «Экономикалық бухгалтерлік және бақылау» мамандығы бойынша 13 колледждің алтауында. «Қаржы және несие» мамандығы 4 ЖОО мен 2 колледжде, «Кеден-ісі» мамандығы бойынша 54 ЖОО мен 3 колледжде, «Құқықтану» мамандығы бойынша 5 ЖОО мен 3 колледжде, «Банк-ісі» 3 колледжде даярланады екен. Бұл жерде тек мемлекеттік оқу орындарын айтып жатырмыз. Осы жоғарғы оқу орнын бітірген жастардың барлығы жұмысқа орналасып кете ала ма?

Университеттен болсын мектептен болсын белгілі бір мамандық алғандар қазіргі еңбек рыногы жағдайына бейімделмей шығуы, содан барып дипломды жұмыссыздар қатарын толықтыра түсуде. Қазір шамамен 193 бухгалтер, 202 инженер, 159 мұғалім, 182 мейірбике, 83 экономист жұмыссыз ретінде тіркеуде тұр екен. Бұл тек ресми мәліметтер.

Үстіміздегі жылы Республика мектептерін 140031 түлек бітіріп шықты оның 122-і «Алтын белгі» иегері болса, 75-і халық шаруашылығы және республика пән олимпидаларының және ғылыми жобалардың жүлдегерлері. Соның биыл Республика бойынша 124415 түлек ЖОО-на құжаттар тапсырды (2006 жылы - 43 мың, 2000 жылы - 103 мың, 2007 жылы - 142 мың). Күндізгі оқу нысаны бойынша - 104300 өтініш, сырттай оқу нысаны бойынша - 11269 өтініш, оқудың жеделдетілген нысаны бойынша - 8846 өтініш берілген. Бұл сандарға үңілсек талапкерлер биыл түлектер санының - 88,8% құрайды. (2006 жылы - 53%, 2007 жылы - 68%) Осы түлектердің 25 мыңы грант және несие жүйесі бойынша ЖОО-на түсуі тиіс.Олардың 30 %-і екі деген бағаға алды. Тек 311 талапкер ғана өте жоғары деген балл жинады. Биылғы жылы ауыл шаруашылығы мамандығына сұраныс біршама артқанын көрсетеді.

Мамандықтар ішінде конкурсы ең жоғары болған мыналар; қаржы және несие - қазақ бөлімінде бір орынға 57,3 талапкер, орыс бөлімінде - 66,7; бухгалтерлік есеп және аудит - 28,5 және 34,8; кеден-ісі - 29,4 және 22,6; әлемдік экономика - 13,1 және 24,5; ақпараттық жүйелер -9,6 және 15,8.

Педагогикалық мамандықтар бойынша; тарих және география - қазақ бөлімінде бір орынға 25,6 талапкер. Алғашқы әскери дайындық және дене тәрбиесі - 23. Шет тілі (ағылшын тілі) - 19,3.

Биылғы жылы талапкерлердің жол қатынасын ұйымдастыру (әр бір орынға 32,3 қазақ бөлімі, 17,5 - орыс бөлімі. Есептеуіш техника мен желілерді бағдарламалық және ақпараттық қамтамасыз ету (6,8 және 15,4), мұнай, газ және көмірдің химиялық технологиясы (16,4 және 5,8) сондай-ақ„мұнай мен газ кен орындарын игеру. Мұнай мен газ геологиясы сияқты инженерлік -технологиялық мамандықтарға да қызығушылықтардың артқанын байқауға болады.

Қысқасы Республика бойынша бір орынға 4-9 үміткерден келеді. Ендігі мақсатымыз осы болашақ мамандарды жұмысқа орналастыру мәселесі тұр. Оңтүстік Қазақстан облысында дәл бүгінгі күні 73 біріккен және шетелдік кәсіпорындар 9415 адамды жұмыспен қамтамасыз етіп жұмыс істеп жатыр. Кәсіпорындар негізін мұнай өңдеу, цемент, фармацевтік препарат, киім, жиһаз, темекі өнімдері, тоқыма бұйым, сусын шығарудың технологиялық жабдықтарын, монтаждау мен құрылыс жұмыстарына қызметке шоғырландыруда.

Облысымыз жұмыс қолы жетіп артылатын аумақтың бірі болып саналады. Кәсіптік бағдар беру кезінде аудан, аймақ ерекшеліктерінде де есепке алу керек. Әр ауданның өзіне қажетті мамандары даярлануы қажет. Мысалы, Арыс қаласын алатын болсақ, ол жерге негізінде теміржол станциясы болғандықтан (қаласының өзінде) түрлі механиктер мен жөндеушілерді талап етеді. Ал, ауылдық жерлеріне келетін болсақ ол аймақ егін, малшаруашылығымен айналысатын болғандықтан жерге түрлі ауыл шаруашылық мамандықтары қажет (Мал дәрігері, Фермер, Ауыл шаруашылық, силикатты қосындылармен жұмыс жасайтын және т.б.).

2006 жылғы 1 қаңтардағы мәлімет бойынша облыстағы еңбек ресурстары 1019,2 мың адамды құрады. Бұл жергілікті тұрғындардың 51,6 %-і. Облысымызда жүз мыңнан астам жұмыспен қамтылмаған адам бар. Жұмыспен кемуі мен еңбек рыногындағы проблемалардың негізгі себебі-бос жұмысшы күштеріне деген сұранстың азюынан болып отыр. Айталық, 2001 жылдың қаңтарындағы жағдай бойынша әрбір бос орынға 19 жұмыссыздан келген екен. Облыстың еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қамту департаментінде 2007 жылдың 1 шілдеге дейін тіркелген жоғары білімді жұмыссыздар саны 16324 адам, олардың арасында мамандығы, жұмыс стажы бола тұра жұмысын еріксіз жоғалтқандар 2600 адамға жеткен.

Еңбек нарығындағы қатаң бәсекелестік жағдайында жастарды жұмыссыздық мәселесі ұдайы алаңдатуда. ҚР-да ресми тіркелген жұмыссыздар саны 2007 жылдың аяғында 251381 адамды немесе халықтың экономикалық белсенді бөлігінің 3,9 пайызын құраса, оның ішінде жастар 72679 адамды немесе 28,9 пайызды құрады. Жастар арасындағы жұмыссыздық көрсеткіштері жөнінен Қызылордада алда болып отыр (4187 жұмыссыз жастар немесе облыс бойынша ресми жұмыссыздардың 42,3 пайызы), Атырау (4387 адам және сәйкесінше 33,1 пайыз), Маңғыстау (6681 адам немесе 36,8 пайыз), Жамбыл (3154 адам немесе 32,5 пайыз), Шығыс Қазақстан (11130 адам немесе 31,1 пайыз), Оңтүстік Қазақстан (5606 адам немесе 29,9 пайыз) және Қарағанды (5726 адам немесе 29,6 пайыз). Негізінен жұмыссыздар қатарын кәсіби жұмыс тәжірибесі шамалы жастар толықтыруда. Мысалы, жұмыс тәжірибесі 1 жылдан 5 жылға дейінгі жұмыссыз жастар 22,3 пайызды құраса, 5-10 жыл арасындағылар 22,6 пайыз, 10 жылдан жоғарғылар 10,4 пайызда құрайды. Жұмыспен қамту қызметінің көмегімен 2007 жылдың 1 жарты жылдығында өтініш білдірген жастар арасынан 17,7 мыңы (салыстыру үшін 2006 жылдың осы кезеңінде 10,5 мыңы) жұмысқа орнасатырылып, жастарды жұмысқа орналастыру деңгейі 26,2 пайызды көрсетіп отыр және бұл Республика бойынша тұтас алғандағы көрсеткіштен 0,5 пайызға төмен. Жұмыссыз жастарды әлуметтік қолдаудың тағы бір белсенді нысаны кәсіби дайындық, қайта даярлау мен жұмыссыздардың біліктілігін арттыру болып табылады. 2000 жылдың бір жарты жылдығында жұмыспен қамту қызметінің көмегімен бар болғаны 2,3 мың жұмыссыз жас азамат оқумен қайта даярлаудан өтті.

Президентіміз Н.А. Назарбаев соңғы қойылған талаптарының бірі - ол ауылдық жерлерді көтеру. Жұмыссыздық мәселесі ауылдық жерлерді айналып өтпеген. 2007 жылдың бір жарты жылдығында ауылдық жерлерде жас жұмыссыздардың саны 21,1 мың болып, барлық жас азаматтардың 31,2 пайызын құрады.

Жастардың жұмысқа орналасуына кедергі келтіретін негізгі себебіне (жастардың бағалауынша) мынаны: тұрғылықты аудандар жұмыс орындарының жоқтығы (49,3 пайыз) жатқызылды. Мұндай бағалау әскери қызметшілерге 59 пайыз, мемлекеттік қызметшілерге 53,7 пайыз, жұмыссыздарға 53,6 пайыз, ғылым, білім және мәдениет саласының қызметкерлеріне 54,5 пайыз және ауылдық аумақтар мен шағын қалалардың жастарына 54 пайыз қатысты болып отыр.

ЖОО-ның 2006-2007 жылдар арасындағы салыстырмалы өзгеріс саны 51-ге көбейді. Ал тек мемлекеттік ЖОО-да дәріс алатындардың саны 99535 адамды құрайды. Статистика мәліметтері жоғары білімді адамдардың анағұрлым көбейгендігін көрсетеді. 2006/2007 оқу жылының өзінде-ақ ҚР-ның жоғары білім инфрақұрылымы 55445 маманды даярлап, олардың саны алдыңғы оқу жылымен салыстырғанда 3675 адамға өскенін байқатты. Бірақ та «саны бар да, сапасы жоқ» деп айтпақшы, жылдан жылға жоғары білімге ие адамдар санының өсуі сол адамдардың жоғары білім ұяларында алған білімінің сапасына күмән тудырады. Алайда бұл мәселе әлі де болса шешімін табуға қажетті.

Колледж саны 2007 жылы 274 бірлікті құрап, 2006/2007 жылдары колледждер түлектері 51913 адам болды. 2000-2007 жылдар аралығындағы өзгерістер динамикасы арнайы орта кәсіби орта білім бар мамандар санының 9510-ға кемігенін көрсетеді. Ал кәсіби мектептердің жай күйі қуантарлық жағдай тудырмады. 2000-2007 жылдар арасында кәсіби мектептер саны 146-ға кеміп, 2000 жылы 304-ті құрады. Ол аздай кәсіби мектептерді бітірушілердің саны тұрақты әрі үздіксіз (2000 жылы 79017-ден 2006 жылы 41527-ге дейін) азаю үстінде.

Жастардың заңгер мамандығын 20,2 пайызы, экономист мамандығын 14,8 пайызы, банк қызметкерлігін 9,6 пайызы, шетел тілдерінің аудармашылығын 5,7 пайызы, электрондық есептеуіш машинаның операторлығын 5 пайызы және салық инспекторлығын 4,5 пайыз иеленгісі келетіні мәлімденді. Бұл мамандықтарды таңдауда жастардың гедонистік және шығармашылық -ал туристік бағыттарындағы материалдық жағдайды жақсарту, қамтамасыз етілген өмір сүру, қоғамға пайдалы болу, өзін-өзі тұрақты жетілдіру мүмкіндігінің болуы, т.с.с. факторлары әсер етті.

Біздің зерттеу жұмысымыздың нәтижесі көрсетіп тұрғандай кәсіптік бағдардың жүргізілуі, оқушылардың қазіргі кездегі сұранысқа сай еңбек етуі болып отыр. Ол мектеп қабырғасын бітірісімен белгілі мамандық алмаса да мамандыққа бағыт-бағдар алып шығуы қажет. Яғни, оқу орнына бармаған жағдайда жұмыссыздар санын көбейтпей өзінің кәсібін жасау. Ал оқу орнына барған жағдайда өзінің икемділігіне, қызығуына, қоғам қызығуына сай мамандықты дұрыс әрі, саналы таңдауы. Өмірде өз орнын табуына өте қажетті кәсіптік бағдар жұмыстары әлі де болса күрделі зерттеуді, оны жеке ғылым саласы ретінде қарастыруды талап етеді.


Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2013 -> Мазмұны Кіріспе–––––––––––––––––––––––– 3-9
2013 -> Мазмұны Кіріспе Тарау -I. Кеңестік шығармашылық интеллигенциясы калыптасуының бастапқы кезеңІ
2013 -> Жанғабыл Қабақбаев, Қазақстан Республикасы журналистер Одағының
2013 -> Әл Фараби дүние жүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы атанған. Ол данышпан философ, энциклопедист ғалым, әдебиетші ақын, математик. Әл Фараби 870 ж
2013 -> Өмірбаяны ІІ негізгі бөлім
2013 -> Ф 15-07 Қазақстан Республикасының білім ЖӘне ғылым министрлігі
2013 -> Кіріспе. Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмысының өзектілігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет