Өзін өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар
1.Тұтықпаның клиникасын түрлері бойынша сипаттаңыздар.
2. Салыстырмалы кесте құрастырыңыздар.
Тұтықпа балаларды клиникалық, психологиялық, педагогикалық тексеру
Логопедиялық және емдеу сауықтыру жұмысын тиімді жүргізу үшін және дұрыс жоспарлау үшін тұтықпа баланы барлық тұтықпаның симптомдарын ескере отырып толық зерттеу қажет. Зерттеу кешенді жүргізілу керек. Тұтықпаны зерттеу психологиялық педагогикалық және логопедиялық тексеруден тұрады, сонымен қатар медициналық тексеру нәтижелері ескеріледі.
Тексеру үш кезеңнен тұрады:
Анамнестикалық мәліметтерді жинау;
Жалпы, ұсақ, мимикалық және артикуляциялық моторикасын тексеру;
Тұтықпаның байқалуын тұлғалық ерекшеліктерін тексеру.
Бірінші кезең анамнестикалық мәліметтер жинау
Анамнезді кім арқылы (ата анасы, тұтықпа баланың өзі) жинағанын міндетті түрде көрсету қажет.
Тұқымқуалаушылық:
Ата анасында алкоголизм бар ма?;
Ата анасы жүйке психикалық сырқатпен ауырады ма?
Тез сөйлейтіндер бар ма?
Ата анасы, туыстарында кеш сөйлегендер бар ма?
Ата анасында, аға, қарындастарында тұтықпа бар ма?
Әке шешесінің мінез құлқының ерекшеліктері;
Отбасының тұрмыс жағдайы
Шешесінің жүкті болуы және босануы:
Нешінші жүктіліктен туған бала?
Іште жатқан кездегі дамуы;
Токсикоз, зақым алуы, басқа аурулар және зиянды факторлар;
Босануы (тез, ерте, стимуляция т.б);
Туу кезіндегі ерекшеліктер (бірден жылауы, асфикция) туу кезінде зақымдалуы;
Емген уақыты (бірден, бірнеше күннен кейін).
Бір жасқа дейінгі дамуы:
Тәрбие жағдайы;
Ұйқысы, тәбеті;
Инфекциялық аурулар;
Ми аурулары;
Мишық зақымдалуы;
Моторлы дағдыларының қалыптасуы (отыруы, тұруы, жүру).
Мектепке дейінгі кезең:
Тәрбие жағдайы;
Инфекциялық аурулар;
Соматикалық аурулар;
Моторлық дамуы (кешеуіл, қалыпты, тең).
Балабақшаға икемділігін үйренуі;
Жетекші қолдың байқалуы, солақай болса, қайта үйренуі;
Мінез- құлық (сабырлы, тимсыз, ашуланшақ, жылауық) т.б.
Сөйлеу анамнезі:
Гуілдеуі мен былдырлауының мезгілі, ерекшеліктері (белсенділігі т.б.);
Алғашқы сөзі;
Қарапайым фразаны қай уақытта айта бастады;
Байланыстырып сөйлеуге көшкенде қандай қиындықтар байқалады;
Интерацияның байқалуы;
Сөйлеудің бұзылуы(дислалия, дизартрия, ринофония т.б.);
Баланың тәрбие жағдайы:
Әлеуметтік ортасы қайда тәрбиеленеді (балалар үйінде, балабақшада, үйде т.б.);
Сөйлеу ортасы: тұтықпа немесе басқа тіл кемістігі бар адамдармен қатысы; екі тілде сөйлесе, қай тіл қатынасы басым;
Баламен сөйлеу қатынасының ерекшеліктері (көп сөйлеспеуі), сөйлеу тілін дамытуға белсендіру (кітап оқып, өлең жаттау, түсінігі т.б).
Отбасының мәдени тұрмыс жағдайы.
Тұтықпа баланың дамуы:
Тұтықпа қай жаста байқалды?
Тұтықпаның пайда болу себебі (бірден, психикалық зақым, себепсіз т.б)
Мутизм кезеңі;
Тұтықпаның байқалуы (тұрақты, кейде)
Қандай жағдайда сөйлеуі жеңілдейді, нашарлайды;
Тұтықпа пайда болғаннан кейін баланың тәртібі өзгерді ме (қалай? Ұйқысы, негативизм, үрейлену, энурез т.б)
Баланың өз ақаулығына көзқарасы;
Сөйлеу ақаулығын түзетудің қандай шаралары қолданды;
Емдеу мен оқудың мерзімі мен нәтижесі.
Достарыңызбен бөлісу: |