Пәннің негізгі міндеттері:
-Әдеби білімнің әр жақтылығын, жүйелілігін, туған әдебиеттің ұлттық сипатын, жанрлық-стильдік ерекшеліктерін, көркем туындының идеялық-адамгершілік түпкі мазмұн – мәнін түсіндіру;
-дара тұлғаның эмоциялық мәдениетін дамыту;
-әдебиетті оқытудың шығармашылық сипатын күшейту.
*Курсты бітіргеннен кейін студент меңгеруге тиісті білім және шеберлік жүйесі, біліктіліктері мен дағдылары
Әдебиетті оқыту әдістемесі – университеттер мен педагогика институттарының филология факультеттерінде жалпы білім беретін орта мекептер үшін мұғалім даярлайтын, олардың тәжірибесі мен іскерлік дағдыларын қалыптастыратын негізгі пәндердің бірі.
Әдебиетті оқыту әдістемесі қоғамдық саяси ойдың философия, әдебиеттану, тіл білімі, эстетика, педагогика, психология, тағы басқа ғылым салаларымен өте тығыз байланыста дамиды.
Әдебиеттi оқыту әдiстемесi – көне ғылымдардың бiрi. Әдебиет пен әдебиеттi оқыту ғылымы және пәнi уақыт идеясымен байып, өзгерiп, түлеп отырады. Ол барлық ғылымдармен тығыз байланыста дамиды. Бұл пәнді меңгеру барысында болашақ мұғалім өз ісінің шынайы шебері бола білудің сыры мен қырына қанығады.
Әдебиетті оқыту әдістемесі пәні – әдебиетті өмірмен байланыстыра оқыту, әдеби шығарманың тәрбиелік мәнін тиімді пайдалану, шәкірттерді өз беттерімен көркем шығарманы оқуға қызығушылығын қалыптастырып, өз тарапынан ойланып-толғануға тәрбиелеу, таным әдісіне үйретеді.
Әдебиетті оқытудың адамтану, қоғамтанудағы студенттің шығармашылық ойлауы мен қабілетін жетілдіруге, ауызша және жазбаша сөйлеуді меңгеруіне, жазушының эстетикалық мұраттары мен талғамдарын дұрыс танып, ұғына біледі, жетілдіреді.
Пәнді оқытуда қалыптасатын құзіреттілікттер
Бүгінгі күні еліміздің білім беру жүйесінде оқыту үрдісін тың идеяларға негізделген жаңа мазмұнмен қаматамасыз ету міндеті тұр. Білім берудің әлемдік озық тәжірибелерге сүйеніп әзірленген оқытуда жастардан күтілетін нәтиже негізгі құзыреттіліктердің қалыптасуымен айқындалады.
Достарыңызбен бөлісу: |