Ii синтаксис қ а з а қ с с р-н ы ң «Ғылым» баспас ы алматы — 1967 494. 342



бет23/26
Дата15.09.2017
өлшемі10,1 Mb.
#33269
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
Амал бағыныңқылы сабақтас сөйлем
Сабақтастың бұл түрінде бағыныңқы компонент басыңқыда ха-барланған уақиға, әрекеттің қалай орындалу амалын білдіріп тұрады. Бұл жағынан алып қарағанда, ол әдеттегі амал пысықтауыштың жай сөйлемде атқаратын қызметімен астарласып та жатады. Алайда жай сөйлемдегі амал пысықтауыштың қызметін амал бағыныңқылы сабақтаспен тепе-тең қарауға болмайды. Өйткені соңғысының қызметі алғашқыдан анағұрлым кең де көлемді. Бұл көлемділік, ең алдымен, мынада: бағыныңқы компонент тұтасымен алғанда басыңқыда орындалған не орындалып жатқан уақиғаның қалай болудағы амалын білдіреді де, белгілі бір ойдың желісіне қазық болып тұрады. Ал, қазық бола алу — өз алдына арнаулы ойы бар, тиянақсыз болса да сөйлемдік құрылысы бар сабақтастың бір компоненті екендігін көрсетеді. Осы тұрғыдан алғанда, [Олар] біріне-бірі күлімдеп қарады (Мұстафин). Жұлығынан аяғы ш ы ғ ы п, алба-жұлба болып бүрсеңдеп бір әйел келді (Майлин) деген сөйлемдердегі сирек терілген сөздер мен сөйлемдердің қызметі тең дәрежеде емес.

Амал бағыныңқы сабақтас көсемше, есімше түрлерінің бірінде келуі арқылы жасалады.

1. Көсемше арқылы құрмаласу. Бұл ретте көсемшенің -п, -а, -е және (ма) -й тұлғалары қатынасады. Әрқайсысын жекелей талдайық.

а) -п формантты көсемше. Бұл — амал бағыныңқылы сабақтастың ең бір басты көрсеткіші. Бұлай дейтін себебіміз — амал бағының-қылы сөйлем жайында әңгіме қылғанымызда, ең алдымен осы жолмен келген түрін түсінеміз де, соған тоқталамыз. Бұл түсінікті де. Өйткені -п формантты көсемшелі баяндауыш амал бағыныңқы-лы сабақтастың кілті, ең қажетті бір түрі (шартты бағыныңқының -са, -се тұлғасымен салыстырыңыз).



Қалың иегі дірілдеп, жылаған аузынан бір-екі алтын тістері ашылды. Оның қазір өңі күреңітіп, демі ыстық тартып, бойына асығыс қызу жинағандай. Соңғы машиналар қ и н а л ы п, тракторлар сүйреп зорға өткізген жерлер болыпты (Әуезов). Бану сөзі тәбесіне суық су қүйып жібергенмен б а р а б а р б о п, Жақыпбек шошынған адамша орнынан ұшып тұрды. Тебіренген сайын жазып отырған хаты өзіне сондай бір жексұрын к ө р і н і п, оны да лақтырып тастады (Иманжанов).

211




-п формантты көсемше амал бағыныңқы баяндауышының арнау-лы грамматикалық көрсеткіші бола тұрса да, кейде ол басқа бағыныңқылы сөйлемдерді де (мезгіл, себеп) жасауға қатынаса алады. Бұл осы тұлғаның да көп мәнділігінен болса керек, алайда бұдан -п формантының амал бағыныңқының арнаулы көрсеткіші бола алудағы қызметі ешбір солғындамайды. Ал, оның басқа бағыныңқылардың құрамында қолданылуы бұл форманың жанама қызметімен байланысып жатады.

ә) -а, -е (-ма) -й т ұ л ғ а л ы көсемше. тұлғасына біткен көсемше етістіктің болымсыз түрінде тұрып, амал бағыныңқылы са-бақтас сөйлемді де жасай алады. Қалжыңы, күлкісі араласа, шай өте көңілді ішілді (Мұқанов). Есептің арғы жағы а й т ы л м а й, отырғандар күлісіп кетті (Сланов). Жайнаған туың ж ы ғ ы л- м а й, ...Жақсы өліпсің, япырмай (Абай). Қысқа жіп күрмеуге к е л-мей, бір ту биеңді сойып алдым (Мүсірепов). Бірақ аспалы қолжу-ғышқа үйренген қыз құманды жөндеп ұ с т а й а л м а й, сыңар уысында су тұрмай берекесі кетті (Ахтанов).

2. Есімше арқылы құрмаласу. Бұл ретте -ған формантты есімше -дай жұрнағымен қосыла айтылады.

Талайдан бір а й ы з ы қ а н ғ а н д а й, құшырлана түсіп әңгі-месін айтады (Әуезов). Кең бөлме б о с қалғандай, ой үясы қаңғырап тұр. Бар ыстық менің қойныма т ы ғ ы л ғ а н д а й, шоқпыт қомшаның екі қолтығы қыж-қыж қайнайды, (Мүсірепов). Әр өңешке бір өгізше кіріп бара жатқандай, әркімнің аузына қадалады (Мұстафин). Осы қуаныш қуатын а р т т ы р а т ү с к е н д е й, Сырбай кетпенін жылдамырақ сілтеді (Мұқанов). Таңертең отаудың ішінде болған жайсыз ыю-қиюдың, күні бойғы кикілжіңнің бәрі ұмыт болғандай, қатпары мол Нұрша ерекше бір, шабытпен сілтеп жатыр (Әлімқұлов).

Кейде осындай бағыныңқы сөйлем баяндауышынан кейін «бо-лып» көмекші етістігі қабаттаса келеді.



Нұғыманның баяндамасы талай жараның аузын жұлғандай б о п, елеуреп қызараңдағандар көп болды (Майлин). Әуелі аспан , ақырын шымырлап қайнай бастағандай б о л ы п, лезде құйып келе жатқандай гуілдеп кетті (Мүсірепов).

3. Бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы деп етістігімен аяқталып тұрады.



Жақсылық киім мен мал, көрікте д е п, өлшемей ой мен сырды жаза баспа (Дөнентаев). Оған Абай енді қайтып ырық б е р е д і д е п, Тәкежан да, Шұбар да үміт қыла алмайды (Әуезов).

Мұндай жолмен жасалған бағыныңқы сөйлемдер мағыналық жақтан кейде себеп, мақсат сабақтастарға да тән болып тұрады.


Себеп бағыныңқылы сабақтас сөйлем
Себеп бағыныңқылы сабақтас сөйлем, негізінен алғанда, себеп пен салдардың бір-біріне қарым-қатынаста болуы арқылы жасалады. Мұндайда бағыныңқы компонент хабарланып отырған ойдың себебін білдірсе, басыңқысы сол себептен туған салдарды (нәтижені) баяндап тұрады. Сондықтан да олар (себеп пен салдар) бір-бірімен өз ара тығыз байланыста болып, хабарланып отырған оқиға әрекетінің мазмұнын жан-жақты ашып отырады. Мысал үшін, мына бір сөйлемді алып қарайық: Өткен жаз жерге шөп шықпағандық-тан, халық қолы жеткен көл атаулының қамысын түгелімен отап алады (Мұқанов). Алғашқы «компонентте хабарланып отырған ойдың себебі

212
(шөп шықпау) білінсе, кейінгісінде — сол себептің әсерінен туған нәтиже — салдар (қамысты отап алу) айқындалған.

Сөйтіп, себеп бағыныңқылы сөйлем мағыналық жақтан себеп пен салдардың өз ара астарласып, қиюласа жымдасып келуі арқылы құ-былыстар арасындағы байланыстылықты білдіріп тұрады. Мұндай байланыстылық бір құбылыстың соңынан екінші бір құбылыстың ілесе журуі арқылы өз мазмұнын айқындай алады. Ал, осындай қасиет (бір құбылыстан екінші бір құбылыстың тууы) себеп бағыныңқылы сабақтас сөйлемнің мағыналық ерекшелігімен үйлесіп жатады да, оның мәнін ашуда улкен роль атқарады. Олай болса, күрделі ойдың кұрамы себеп пен салдардың өзінен тұруы себеп бағыныңқының ең бір негізгі белгісі болып саналады. Бұл ретте сабақтастың осы түрінде уақыт жағынан себеп (бағыныңқы) салдардан (басыңқы) әр уақытта бұрын келеді. Ал, себептің бұрын келуі өзінен кейін салдарды туғызуға жағдай жасайды. Мұндай заңдылық тек себеп бағыныңқылы сөйлемде ғана тұрақты сақталып отырады, сол құрмаластың басқа түрінде, атап айтсақ, себептес салалас сөйлемдерде олардың (себеп-салдар) орын тәртібі алмасып келе береді.

Себеп бағыныңқылы сабақтас сөйлем де, басқа бағыныңқылар сияқты, белгілі грамматикалық тәсілдер арқылы жасалады. Мұндай тәсілдер өз ара екі үлкен топқа жіктеледі: есімше және к ө с е м ш е арқылы құрмаласу.

1. Есімше арқылы құрмаласу. Байланысудың бұл түрінде -ған формантты есімше жеке өзі тұрып, немесе шылау сөзбен тіркесе айтылып, бағыныңқы компоненттің баяндауышын жасай алады. Соған орай, мұның өзі екі түрге ажыратылады.

а) -ған формантты есімше ш ы ғ ы с септік жалғауында келеді. Бұл жол себеп бағыныңқылы сабақтас сөйлемде өте жиі қолданыла-ды. Соған қарап мұны осы бағыныңқының аса бір өнімді жолы деуге болады. Екіншіден, бұл жол — себеп бағыныңқының төл тәсілі. Өйткені бағыныңқы сөйлем баяндауышының құрамындағы -ған + дық -тан түрі тек осы себеп бағыныңқылы сабақтаста ғана кездеседі.



Қастарында көлденең кісілер болғандықтан, Оспан Абайға айтам деген оқшау сөзін бастаған жоқ. Мекеден қайтқалы Базара-лымен алғаш кездескені осы жол болғандықтан, оның шаруа қамын да көп сұрастырған. Сырбай мен Дәулеткен осындай достас болғандықтан, олардың үй іштері де бір семьядай араласып кетті (Мұқанов). Онда жаңағы бүгілмеген аяғының жарасы б і т п е-гендіктен, шалғыға жарамай, ол да бізбен бірге машина айдады! (Айтматов).

ә) -ған форманты есімше соң шылауымен тікесе айтылады.



Болыс пен тілмаш, старшын бір-екі күн жатуымызды сұраған с о ң, бір-екі күнге тоқтадық (Сейфуллин). Сен үйге бармаған с о ң, мен тірі өліп жүрмін ғой. ...Шұға шын ауруға а й н а л ғ а н с о ң, Есімбек жұмсайын деді (Майлин). Етіне таяқ ө т к е н с о ң, біреуін алды жағадан. Үміт дүниесі болған с о ң, кеуіл, жүдә, әр нәрсеге алабұрта береді екен. Анатолий Кондратьевич бюрода өз пікірін қ о л д а п ш ы қ қ а н с о ң, Байжан онымен амалсыз айтысқа түсті (Мұқанов).

Бұл келтірілген сөйлемдердің қайсыбірінде себеп мағынасымен қатар мезгілдік мәннің де барлығы аңғарылады. Мұндай қасиет -ған соң есімшелі баяндауыштың болымды түрінде байқалады. Мысалы, кішкене Төлеубек ырық бермей бара жатқан соң, мұғалімдер әкесін де шақыртқан (Мұстафин) деген сөйлемде мүғалімдердің әкесін шақыруының себебі баласының тәртіпсіздігінен болып тұр, Ал, мұның өзі мезгілдік қатынаспен де байланысты: ең алдымен,

213
Төлеубек тәртіпсіз болды, сонан кейін мектепке оның әкесі шақы-рылды.

Себеп бағыныңқылы сабақтастың ішінде кейде осындай мезгілдік ұғымның да қабаттаса жүруін немен түсіндіруге болады? Тілдік фактілер себеп бағыныңқының тарихи жақтан мезгіл бағыныңқыдан ажыратылғанын дәлелдейді, яғни ол баста мезгіл мәнді сөйлемдер әрі мезгіл, әрі себеп мағыналарының орнында қолданыла берген. Тілдің дамуына байланысты кейіннен себептік мән мезгілдік қатынастағы сөйлемдерден сараланып бөлінген. Алайда екеуінің шығу төркіні бір болғандықтан да, олардың арасында кейде өз ара ауыса берушілік, ұқсастық сақталып отырады.

Ал, бағыныңқы компоненттің баяндауышы есімшенің болымсыз түрінде келсе, мұндай сөйлем әр уақытта ешбір мағыналық қоспасыз себеп бағыныңқылы сабақтастың қатарына жатады.

Әйел, алынбаған соң, мал-мүлік үлесі де кейінге қалды Олар да, сорпа-сүйек т и м е г е н с о ң, жүдеу күздің күнінде тышқан аулап қаңғып кеткен (Әуезов).

Мұндай сөйлемдердің бағыныңқысында хабарланған оқиға бол-мысының болымсыздығына сай басыңқыда да қимыл, әрекеттің орындалмай қалғаны ңемесе орындалған күннің өзінде кері мағынада болғаны байқалады.

2. Көсемше арқылы құрмаласу. Себеп бағыныңқылы сабақтас сөйлемді жасауда көсемшенің екі түрлі амалы қатынаса алады. Соған орай, бұл жолдың өзін төмендегіше ажыратамыз.

1) тұлғалы көсемше етістіктің болымсыз түрінде келеді (бар + ма + й).



Араларына түсетін арашашы б о л м а й, екеуі де әбден титық-тап шаршады (Әуезов). Одан көп жатуға уақыт мүмкіндік б е р- м е й, он шақты күннен кейін мен Павлодар жаққа жүріп кеттім (Мұқанов). Ол мезгілді уақытында к е л е а л м а й, біз біраз кеші-гіп қалдық. Жанар майы ж е т п е й, комбаин тоқтап қалды. Көбінде тұратын жылы мекен б о л м а й, көктемнің қара суығында шатырларды. мекендеді (Мұқанов).

2) -п тұлғасындағы көсемше де кейде себеп бағыныңқылы сабақ-тасты жасай алады.



Семіздіктен майы аузына т ы ғ ы л ы п, Абылғазының аты тіп-ті шаба алмай қалды. Түнде жылқышы ұ й ы қ т а п қап, қалың жылқы егіске түсіп кетіпті (Әуезов). Марфуға сол қызғанышын Тәрбияға с е з д і р і п а л ы п, бір ретте екеуі ренжісіп те қалған (Мұқанов). Сырттан суық, іштен жылу қ ы с ы п, терезе ылғи тершіп тұрғаны. (Мұстафин).

3. деп етістігі арқылы құрмаласу. Ер Төстік жалмауыздың қолында қ а л д ы д еп, елі мүлде күдер үзіп қояды (Фольк.). Соны Ербол б і л і п қоймасын д еп, Әзімбай әдейі үндемеді. Сені абақтыдан қ ұ т қ а р а м д е п, менің ел-жұрқа қарар бетім қалған жоқ. Көлденең ел бұлардың түсін көріп үрпимесін деп, Бақтығұл жүрістің мезгілін дәл осы ымыртқа байлаған. Алғашқы күз бен қыста жау жағының өсек-аяңы б о л а ма д е п, болыс Бақтығұлды кеңсе қызметіне алған жоқ (Әуезов).


Мақсат бағыныңқылы сабақтас сөйлем
Бағыныңқы сөйлемнің бұл түрі өзгелеріне қарағанда әдеби тілі-мізде аз қолданылады. Мұнда бағыныңқы компонент басыңқыда ха-барланған оқиға, әрекет мазмұнының не үшін болудағы мақсат жайын айқындап тұрады. Мына бір сөйлемді қараңыз: Тұрмыс жақ-

214
сы б о л у үшін, еңбеккүн көп болуға тиіс (Сланов). Бұл сөйлемде тұрмысты жақсарту үшін еңбеккүннің де көп болу қажеттілігі баяндалып тұр. Сөйтіп, сөйлемнің басыңқысындағы ойдың не үшін болудағы түп мақсаты бағыныңқы компонент арқылы белгілі болады.

Мақсат бағыныңқылы сабақтас сөйлемнің жасалу жолдары да онша көп емес. Олар екі-ақ түрлі.


  1. Тұйық райлы етістік үшін демеуімен тіркесе айтылады.

Сепкен тұқым ылайдың астына тез түсу үшін, себерден

бірер күн бұрын салыны суға малшып, ауырлатып аламыз. Биылғы егісті сумен қамтамасыз е т у ү ш і н, оған қажетті канал тармақтары даярланып болу керек. Егінді жедел қ о р ғ а у ү ш і н, ағашты егістік танаптардың айналасына да егу керек (Мұқанов). Соғысты жеңіспен аяқтап үйімізге тезірек қ а й т у ү ш ін, мен тезірек жазылуым керек. Күзетші сезіп қ а л м а у үшін, біз жыраның ішімен еңбектеп кеттік (Көбеев).

Бұл мысалдардан байқағанымыздай, осы жолмен келген мақсат сабақтас сөйлемнің басыңқы компонентінің баяндауышы кейде керек көмекшісімен тіркесе айтылған түйық райлы етістікпен беріледі. Мақсат бағыныңқылы сабақтастың мұндай құрылыста келуі (алу үшін бару керек) сөйлемнің мақсаттың мәнін айқындай, аша түседі.

Ертеректегі жазба әдеби тілінің нұсқаларында мақсат сабақтас құрмаластың бағыныңқы компонентінің сөйлем аяғында кездесетіні де байқалады.

Өтірік көрмегенін көрдім деуші куалар да әлдеқашан дайында-лып қойылған, б а ғ а н а ғ ы жақсы а д а м сайлауға ж а р а м а -с ы үшін (Абай).

2) деп көмекшісі бұйрық райдың III жақ түрі, кейде -ар формант-ты есімшемен тіркесе айтылады.



Ат тұяғының дүбірі естілмесін д е п, бұлар ауылдың ық жағына қарай бұрыла жүрді (Әуезов). Тұншығып ө л м е с і н д е п, төбеден ауа жіберуге мына бұрғыларды әкелдім (Мұстафин). Жолдан келген ері мен қайнылары алаңсыз ұйықтасын д еп, Меңді-қыз терезе біткенді қараңғылап, есікті жауып қойды (Есенжолов). Аяғының сырқырағаны б а с ы л а р м а е к е н д е п, ол тізесін отқа қыздырды (Әуезов). Ордасы көркем б о л с ы н д е п, Ақ мақ-палдан жаптырған... Жез тарақпен таратқан, Жалы жұмсақ б о л-с ы н д еп (Байғанин). Бүктеліп жиналатын керме төсекке топырақ т ү с п е с і н д е п, төбеге әлдеқай музейден алып кеткен жұқа жібек кілем керіп тастапты. Өзі әлсіріп жүрген қозылы қойлар үркіп қақтықпасын, қиналмасын д е п, Әлім Петроға дәл отардан кем қойса жарты километрдей жырақ қонуды тапсыратын (Әуезов).

Мұндай жолмен келген сөйлемдердің қайсыбірінде себептік отте-нок қабаттасып тұрады. Бұл жайды мақсат пен себептік ұғымның өз ара мағыналық жақтарынан жақын келуімен түсіндіруге болады.


Түсіндірмелі сабақтас сөйлем
Бағыныңқының бұл түрі басқалардан өзіне тән кейбір заңдылық-тармен ерекшеленеді. Мына бір сөйлемді талдап көрейік:

Мен өз өмірімнің қабырға кіргенше ұмтылмас ш ағ ы н а й т - с а м, о л сүюден к е ш к е н зарым еді (Әуезов).

Синтаксистік компоненттердің арасындағы мағыналық байланыс жоғарыда талданған сөйлемдердің (шарт, мезгіл) ешқайсысына ұқсамайды. Өйткені мұнда бағыныңқы сөйлем басыңқының не шар-тын, не мезгілін білдірмейді.

215
Әдетте, бағыныңқы сөйлем басыңқыда айтылған хабарды белгілі бір мағыналық жақтан айқындап тұрса, бағыныңқының бұл түрінде мұндай қасиет керісінше болады. Мұнда басыңқы сөйлем бағыныңқыда хабарланған оқиғаның мазмұнын ашып, соны айқындап, түсіндіріп тұрады. Жоғарыдағы сөйлемнің басыңқысы (сүюден кешкен зарым еді) бағыныңқыға (ұмтылмас шағын айтсам) айқындауыш ретінде айтылған. Өйткені сөйлем мазмұнынан субъектінің ұмытылмас шағы — сүюден кешкен зары екендігі айқын ұғынылып тұр.

Түсіндірмелі бағыныңқы сөйлемде оқиға, әрекеттің баяндалу барысы осы шақта хабарланып келеді, сондыңтан екі жақ компо-ненттердің баяндауыштары да осы мезгілдік ұғымға сәйкес айтылады.

Бағыныңқының бұл түрі, көбінесе, шартты рай тұлғасы арқылы жасалады.

Түсіндірмелі (айқындауышты) бағыныңқы сөйлемнің өзіндік ерекшелігі оның төмендегідей болып келетін құрылымымен де байланысып жатады.

1) Ең алдымен, мұнда басыңқы сөйлемнің баяндауышы, көбінесе, есім сөздерімен беріліп отырады.

2) Бағыныңқыда хабарланған ойдың қандай екендігі іле басыңқы сөйлемнің басында ол, бұл сілтеу есімдіктерінің бірімен беріледі де, содан кейін оның (бағыныңқыдағы ойдың) мазмұны айқындалынып, түсіндіріліп тұрылады. Басыңқыдағы ол, бұл сілтеу есімдіктері бас-тауыштың қызметін атқарады.



Бастан-аяқ м ә н і н о й л а с а, бұл ө з і Жігітектен ке-ш і р і л у сұраған с ө з (Әуезов).

Мұнда бағыныңқыдағы хабардың (бастан-аяқ мәнін ойласа) қан-дай екендігі басыңқыда түсіндіріліп тұр (кешірілу сұраған сөз).

Мына төмендегі сөйлемдер де осындай құрылыста келген: Жа-ным-ау, алпамсадай болған кім д ес е м, мынау Кенжем ғой. Сенің малың кетсе, ол азаматтың құны (Әуезов). Жаздыгүні пар ат жегіп пәуескелетіп к е л с е, қыстыгүні көсем салып пәуескелетіп к е л с е, о ла р ү л к е н т ө р е - л е р. Ал, жалғыз ат, жабайы шанаға мінетіндер урядник-мурядниктер. ...дегенмен шешемнің көп мінезінің кейде өзі, кейде көлеңкесі менде қалып қойған сияқты. Сондықтан егер мен сағаң өз е у р е й қоймасам, о л менің сені ж а қ с ы к ө р - м е у і м н і ң б е л г і с і е м е с, мінезімдегі кемшілік.

3) Кейде мұндай сөйлемнің құрылысы ...деген не екен, не десе (бағыныңқы), ...дер ем, деуші ем (басыңқы) түрінде қолданылады.



Есте қалған жалғыз нәрсе, егер менен жолдастық д е г е н н е е к е н д е п с ұ р а у ш ы б о л с а, о л өзі он екі метр терең- нің зілдей басқан ауырдың астында жатып, мені құтқарғысы келген Володя Толстовтың м і н е з і д е р е д і м (Мүсірепов). Жастық д е г е н н е д е с е, жарқыраған н ұ р д е у ш і ем. Нұр д е г е н і ң н е д е с е, е к і ш ы р а қ к ө з д е у ш і е м. К ө з с і з ө м і р н е д е с е, т а с қ а р а ң ғ ы к ө р д е у- ш і ем (Мұстафин).

4) Басыңқы сөйлем бір-ақ сөзбен беріледі, оның өзі баяндауыш-тың қызметін атқарады, ол есімдігінен болатын бастауыш айтылмай тұрады. Бұл жолды алғашқының қысқарған түрі деуге де болады.



Жақындаған шапқыншыға жұрт к ө з і н т і к с е,- Байжан! (Мұқанов). Мұның толық түрі — Жақындаған шапқыншыға жұрт к ө з і н т і к с е, о л Б а й ж а н е к е н.

Демін әрең алған Айбарша көзін төңкере ашып қ а р а с а,— Д ә у л е т!. ...Машинаның есігін ашып шыға Берген адамға қызы мен шешесі қ а р а с а, Р а х м е т. Қақпа алдында қараңдаған

216
әлдекімді көзі алыстан шалған ол т е с і л е қ а р а с а Т ы р- т ы қ! (Мұқанов).

Сөйтіп, түсіндірмелі бағыныңқы сөйлемде алғашқы компонентте-гі хабарланған ойдың қандай екендігі соңғысында — түсіндіріледі.


Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет