Информационное письмо



бет51/119
Дата31.01.2022
өлшемі326,19 Kb.
#116550
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   119
Байланысты:
сөзжасам, морф 2020етістік (2)

Еліктеуіш сөздер деп табиғатта ұшырасатын сан алуан құбылыстар мен заттардың бір-біріне қақтығысу-соқтығысуларынан туатын дыбыстарды, сондай-ақ жан-жануарлардың дыбысталу мүшелерінен шығатын әр түрлі дыбыстарды есту қабілеті арқылы белгілі-белгілі түсініктер ретінде қабылдаудан болған және сол түсініктердің атаулары есебінде қалыптасқан сөздерді айтамыз. Мысалы, Мылтық тарс етті. Қарға қарқ етті. Еліктеуіш сөздердің қайталанған түрінің екінші сыңарындағы ашық дауысты дыбыс қысаң дауысты еріндік дыбысқа айналып өзгерсе, ол сөздің тұлғасында туған осы өзгеріске байланысты мағынасында да сәл өзгеріс туады. Мысалы, тарс-тарс – тарс-тұрс; сарт-сарт – сарт-сұрт. Басқа сөздер сияқты мағына жағынан бір-біріне жақын, синонимдес, екі түрлі еліктеуіш сөз қосарлана береді. Мысалы, сатыр-күтір, салдыр-күлдір, бұрқ-сарқ. Еліктеуіш сөздердің түбіріндегі дауысты дыбыстың не ашық, не қысаң болуы да сол сөздің мағынасына әсер етеді. Мысалы, есік сарт етіп жабылды және есік сырт етіп жабылды деген сөйлемдерде құрылыс жағынан ешқандай айырма жоқ бола тұрса да, мағына жағынан бір-бірінен сәл де болса, ерекшеленіп тұр. Еліктеуіш сөздердің түбіріндегі дауысты дыбыстардың я жуан, я жіңішке болуы да сөздің мағынасына әсер етеді. Мысалы: шыңқ-шыңқ – шіңк-шіңк. Сонымен, еліктеуіш сөздер дегеніміз - өзіне тән лексика-семантикалық мағынасы, морфологиялық тұлға-тұрпаты бар, дара түрлеріне де, қосарланған түрлеріне де көптік, тәуелдік, септік, жіктік жалғаулары тікелей жалғанбайтын, сөйлемде әрқашан сын-қимыл пысықтауыш болатын және бастапқы түбірлерінен жұрнақтар арқылы туынды есімдер және етістіктер жасалатын сөздер.

Еліктеуіш сөздер есіту қабілеті арқылы пайда болатын түсініктердің аттарын білдірсе, бейнелеуіш сөздер табиғатта кездесетін белгілі-белгілі елес, құбылыстарды көзбен көру қабілеті арқылы туатын түсініктердің аттарын білдіреді. Мысалы, Ырғалып қарға қарқ етті, Ірімшік аузынан салп етті.

Бейнелеуіш сөздер іс-әрекеттің тек сыртқы бейне-көрінісін ғана емес, әрі шапшаң болатынын да білдіреді. Бұл сөздерге де белгілі-белгілі көріністің, қимылдың бейнесі негіз болады. Мысалы, бірдеме елең етті, от жалт етті, жапалақ жалп етті.

Еліктеуіш сөздер сияқты, бейнелеуіш сөздер де қосарланып қолданылады да, солар арқылы бейнеленетін құбылыстардың бірнеше рет қайталанғанын білдіреді. Мысалы, елең-елең, жалп-жалп, жалт-жалт, жылт-жылт.

Еліктеуіш сөздер сияқты бейнелеуіш сөздердің де түбіріндегі дауысты дыбыстың ашық я қысаң болуы немесе жуан я жіңішке болуы сол сөздердің мағыналарына әсер етеді. Мысалы, от жалт етті немесе от жылт етті.

Еліктеуіш сөздер сияқты бейнелеуіш сөздердің де түбіріндегі дауысты дыбыстардың ашық болуы қозғалыс пен әрекеттердің ебедейсіздігін, дөкірлігін, оңтайсыздығын, епсіздігін білдірсе, дауысты дыбыстардың қысаң болуы әрекет-қозғалыстың мардымсыздығын, өнімсіздігін білдіреді. Мысалы, арбаң-арбаң – ербең-ербең, тарбаң-тарбаң – тырбың-тырбың.

Еліктеуіш сөздер сияқты бейнелеуіш сөздердің де бастапқы дара түбіріне де, қосарланған түрлеріне де сөз байланыстыратын жалғаулар тікелей қосылмайды. Демек, еліктеуіш сөздер сияқты бейнелеуіш сөздер де ешбір өзгеріссіз тікелей етістіктермен тіркесіп, я дара мүше (жалт қарады) болады, я күрделі мүшенің құрамына енеді (жалт етті). Бұлар да еліктеуіш сөздер сияқты дербес мүше болса, әрқашан сын-қимыл пысықтауыш болып қызмет атқарады.

Сонымен, бейнелеуіш сөздер деп табиғаттағы құбылыстар мен заттардың және неше алуан жан-жануарлардың сыртқы сын-сипаттары мен әрекет-қимылдарын көру қабілеті арқылы қабылданған бейне-көріністердің атауларын, яғни атаулары ретінде қызмет ететін сөздерді айтамыз.

Еліктеуіш сөздер сыртқы морфологиялық құрылысына қарай жалаң да, күрделі де болады. Жалаң еліктеу сөздер негізгі және туынды болып екі салаға бөлінеді. Негізгі еліктеу сөздер деп айналадағы табиғат құбылыстарын құлақпен есту арқылы қабылданған дыбыстардан және көзбен көру арқылы қабылданған елес-көріністердің бейнелерінен пайда болған түсініктердің атаулары, демек, сол дыбыстар мен бейнелердің атаулары есебінде қызмет ететін түбір сөздерді айтамыз. Мысалы, бұлт, былқ, дүрс, дүңк, күрс, күмп, елп, жалт, жарқ, қалт, т.б. Туынды еліктеу сөздер деп негізгі еліктеу сөздерден де және басқа атауыш сөздерден де тиісті жұрнақтар арқылы жасалған еліктеу сөздерді айтамыз. Мысалы, алшаң, арбаң, арсалаң, ағараң, балпаң, дікең. Туынды еліктеуіш сөздер жасайтын жұрнақтар:


  1. ң, -ың, -ің, -аң, -ең: арсаң, жалтаң, жарбаң, кілтің, мырсың, ағараң, жайнаң, жыртың, қызараң, сылаң.

  2. лаң, -лең, -алаң, -елең: бұралаң, иірелең, созалаң, шұбалаң, оралаң.

Күрделі еліктеу сөздер деп жалаң еліктеу сөздердің я негізгі, я туынды формаларының не қайталануы, не қосарлануы арқылы жасалған түрлерін айтамыз. Мысалы, гүр-гүр, жарқ-жұрқ, арбаң-арбаң, қиқаң-қиқаң.

Еліктеуіш сөздердің синтаксистік қызметін сөз еткенде, екі түрлі мәселе баяндалуға тиісті: оның бірі – еліктеу сөздердің өздерінен басқа қандай сөздермен тіркесетіні, екіншісі – еліктеу сөздердің сөйлемде қандай мүше болып қызмет атқаратыны. Ал бұл екі мәселе жайында айтылатын қағидалар мынадай:



  1. Еліктеуіш сөздің жалаң түрі мен күрделі түрінің қай-қайсысы болса да өздеріне тән атау формада тұрғанда бірен-сарандаған жағдайда ғана болмаса, тек етістіктермен тікелей тіркеседі. Мысалы, Жанып жатқан от майлы көбік тамғанда пыс етіп, борс етіп сөне қалып, қайтадан тез лап етіп жанды.

  2. Еліктеу сөздер толық мағыналы дербес етістіктердің бәрімен де бірдей тіркесе бермейді, олардың ішінен тек өздерінің мағыналарына орайласатындарымен ғана еркін тіркеседі. Мысалы, Абай селк етіп жалт қарады. Машина кілт бұрылды.

  3. Еліктеу сөздер етістіктерден өзге сөздермен некен-саяқтап қана тіркеседі де, сын есім, үстеу, шылау сияқты сөз таптарымен тіпті тіркеспейді. Мысалы, Күңгірт сөйлеген шаңда-шұң дауыс шықты. Қым-қиғаш қиқу, сарт-сұрт төбелес болды да қалды.

  4. Еліктеу сөздердің сөйлемде қандай мүше қызметін атқаруы олардың өздерінен басқа қандай сөздерге тіркесуімен байланысты.

Еліктеу сөздер субстантивтеніп, есім формаларында жұмсалуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   119




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет