Сабақтың мақсаты: Етістіктің түрлерін, рай, шақ түрлерін меңгеру, көсемше мен есімше тұлғалы етістіктерді ажыртау, етістік жасаушы жұрнақтарды қарастыру, етістіктің сөйлемдегі қызметін анықтау.
Тапсырмалар:
1-жаттығу. Мәтіннен шақ тұлғасындағы етістіктерді тауып жіктеңіздер.
Ол барды баламайды, жоқты санамайды, өзінің бірдемесін сұрасаң бере салады, кісінің нәрсесін, киімін өзі де киіп жүре береді (Ж.Аймауытов, Шығ.) Омарташы жігіт мұздай сумен ыстықтан барбия бастаған бетін сипап, қайта-қайта жуынды (О.Бөкеев).
Байқаса, біреу арғы жағадан ербеңдеп, асығып келеді екен. Бірақ Абай мұның тұсына таман кеп тұрып, ақсия күлді. Қарқаралыдан қайтқан соң, Тоғжанға бір сәлем жолдап, көріспекті тілеген. Соған Тоғжан шыдамапты (М.Ә.).
Достарыңызбен бөлісу: |