Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Қызығушылықты ояту: «Егер ..., онда не болар еді?» әдісі. Оқушылардың бірі жүйрік қиялмен бір ситуация айтады, қалғандары соның шешімін тауып жалғастыру керек. Мысалы, «Егер әрбір адам дүниеге келе сала басқалардың ойын оқи алатын болса, онда Жер бетінде не өзгеріс болареді?» «Егер Жердің тартылыс күші жоғалып кетсе, онда ...» «Егер барлық адам сөйлеу қабілетінен айрылып қалса, онда» Бұл тәсіл оқушылардың қиялын дамытып, мидың ойлау белсенділігін арттырады және оқушыларға псиологиялық жағымды ахуал туғызады.