12-слайд 1-мысал.
S = π формуласы бойынша радиусы r болатын дөңгелектің ауданын табу
S=π
алгоритм:
r-ді r-ге көбейтіп, нәтижені X деп белгілеңіз
X - ті π-ге көбейтіп нәтижені S деп белгіле
|
13-слайд 1-мысал. Талдау.
Нәтижелік қасиет. Берілген алгоритмде π мен R – алғашқы мәліметтер, ал S нәтиже болып табылады.
Дискреттілік қасиет. Алгоритмде 2 бұйрық-команда бар.
Дәл, айқын өрнектелу қасиеті. Алгоритмдегі әрбір команда белгілі бір нәтиже беріп тұр.
S=π
|
14-слайд 1-мысал. Талдау. Жалғасы.
S=π
Жалпылық қасиет. Бұл алгоритм радиусы кез-келген R болатын дөңгелектің ауданын есептеу үшін берілген.
Түсініктілік қасиет. Берілген алгоритмді орындаушы адам болсын немесе компьютер болсын негізгі арифметикалық амалдарды орындауды білуі керек.
|
15-слайд 2-мысал. Алгоритмге сәйкес формула жаз.
Алгоритм басы
X-ті A-ға көбейтіп, нәтижені деп сақтау
-ге B-ны қосып, нәтижені деп сақтау
X-тен С-ны азайтып, нәтижені деп сақтау
-ні -ке бөліп, нәтижені y деп сақтау
Алгоритм соңы
|
17-слайд Қорытынды
Алгоритм – есеп шығару жолын сипаттау үлгісі
Алгоритм бір типтес мәселелерді шешуде ой еңбегін үнемдеуге мүмкіндік береді
Алгоритм құру арқылы есеп шешімін табуды автоматтандыруға болады
|
Мына кестені толтыра отырып сабақтың мазмұны бойынша қорытынды шығар.
Алгоритмнің негізгі қасиеттерімен танысу
|
Әрбір қасиетіне сипаттама
|
Мысалдар. Алгоритм қасиеттерімен байланыстырып талдау
|
(Орындаушыға)
Түсініктілік қасиеті
Дискреттілік қасиеті
Дәл, айқын өрнектелу қасиеті
Нәтижелік қасиеті
Жалпылық немесе ортақтылық қасиеті
|
Түсініктілік қасиеті бойынша алгоритмді құрайтын командалардың барлығын орындаушы түсінуі керек.
Дискреттілік қасиетіне сәйкес алгоритм үзік қадамдардан тұрады.
Дәл өрнектелу қасиетіне қарай алгоритде көрсетілген кез-келген әрекет нақты әрі дәл болуы керек.
Нәтижелік қасиеті бойынша алгоритм бір нәтижеге алып келуі керек.
Жалпылық қасиетіне сәйкес алгоритм белгілі бір класс есептерін шешуге арналады.
|
Кез-келген алгоритм болып саналатын амалдар тізбегі сабақта өтілген алгоритм қасиеттеріне ие болуы керек. Сабақта қарастырылған дөңгелектің ауданын табу алгоритімі мен алгоритм бойынша өрнек жазу мысалдары аталған қасиеттерге ие.
|
Қорытынды:___________________________________________________________
|
ііі. құзырлылық қалыптастыру
|
|
Деңгейлік тапсырмалар:
І деңгей тапсырмалары
Қандай жағдайда амалдар тізбегін алгоритм деп атауға болады?
Алгоритм болып саналатын амалдар тізбегінің реті ауысып кетсе, не болады?
Алгоритм қасиеттерінің қайсысының алгоритм орындаушысына қатысы бар?
Алгоритмнің нәтижелік қасиетінің мағынасы:
Алгоритм әрқашан бірінен кейін бірі келетін үзік қадамдардан тұрады;
Алгоритмді жазу үшін орындаушының командалар жүйесіне кіретін командаларды ғана қолдану керек;
Алгоритм тек белгілі бір есептің шешімін табуға ғана арналмайды, ол белгілі бір класс есептерін шешуге арналады;
Алгоритм командаларын дәл орындаған жағдайда процесс шектеулі қадамдар санынан кейін тоқтап, белгілі бір нәтижеге алып келуі қажет;
Алгоритмді құрайтын командалардың барлығын орындаушы түсінуі керек.
Алгоритмнің жалпылық қасиетінің мағынасы:
Алгоритм әрқашан бірінен кейін бірі келетін үзік қадамдардан тұрады;
Алгоритмді жазу үшін орындаушының командалар жүйесіне кіретін командаларды ғана қолдану керек;
Алгоритм тек белгілі бір есептің шешімін табуға ғана арналмайды, ол белгілі бір класс есептерін шешуге арналады;
Алгоритм командаларын дәл орындаған жағдайда процесс шектеулі қадамдар санынан кейін тоқтап, белгілі бір нәтижеге алып келуі қажет;
Алгоритмді құрайтын командалардың барлығын орындаушы түсінуі керек.
Алгоритмнің дискреттілік қасиетінің мағынасы:
Алгоритм әрқашан бірінен кейін бірі келетін үзік қадамдардан тұрады;
Алгоритмді жазу үшін орындаушының командалар жүйесіне кіретін командаларды ғана қолдану керек;
Алгоритм тек белгілі бір есептің шешімін табуға ғана арналмайды, ол белгілі бір класс есептерін шешуге арналады;
Алгоритм командаларын дәл орындаған жағдайда процесс шектеулі қадамдар санынан кейін тоқтап, белгілі бір нәтижеге алып келуі қажет;
Алгоритмді құрайтын командалардың барлығын орындаушы түсінуі керек.
7. Алгоритмнің түсініктілік қасиетінің мағынасы:
Алгоритм әрқашан бірінен кейін бірі келетін үзік қадамдардан тұрады;
Алгоритмді жазу үшін орындаушының командалар жүйесіне кіретін командаларды ғана қолдану керек;
Алгоритм тек белгілі бір есептің шешімін табуға ғана арналмайды, ол белгілі бір класс есептерін шешуге арналады;
Алгоритм командаларын дәл орындаған жағдайда процесс шектеулі қадамдар санынан кейін тоқтап, белгілі бір нәтижеге алып келуі қажет;
Алгоритмді құрайтын командалардың барлығын орындаушы түсінуі керек.
ІІ деңгей тапсырмалары
Төмендегі алгоритм бойынша y-тің мәнін өрнектеуге арналған формула құрыңдар. Берілген алгоритмнің негізгі қасиеттерінің бар екенін талдау арқылы көрсетіңдер.
x-ті x-ке көбейтіп, нәтижені A1 деп белгілеңдер;
А1-ді 5-ке көбейтіп, нәтижені А2 деп белгілеңдер;
А2-ден 6-ны азайтып, нәтижені А3 деп белгілеңдер;
А1-ге 4-ті қосып, нәтижені А4 деп белгілеңдер;
А2-ні А4-ке бөліп, нәтижені y деп белгілеңдер;
Берілген формула бойынша y-тің мәнін есептейтін алгоритм құрыңдар. Құрылған алгоритмнің негізгі қасиеттерінің бар екенін көрсетіңдер.
ІІІ деңгей тапсырмалары
Берілген қандай да бір санға екі амал ғана қолдануға болады:
Берілген сан 0 деп есептеп және жоғарыдағы екі амалды қолдана отырып келесі сандарды алу алгоритімдерін көрсет:
5 санын
99 санын (әрекеттердің минимал санын қолдануға тырыс)
Құрылған алгоритмнің негізгі қасиеттерінің бар екенін көрсетіңдер.
Топтық жұмыс.
Сынып оқушылары 5 топқа бөлінуі тиіс.
1-топ: алгоритмнің түсініктілік қасиетін анық көрсететін 1 мысал,
2-топ: алгоритмнің дискреттілік қасиетін анық көрсететін 1 мысал,
3-топ: алгоритмнің дәл, анық өрнектелу қасиетін анық көрсететін 1 мысал,
4-топ: алгоритмнің нәтижелік қасиетін анық көрсететін 1 мысал,
5-топ: алгоритмнің жалпылық қасиетін анық көрсететін 1 мысал
жазулары керек.
Сабақтың мақсатына қалай қол жеткізгендігің туралы эссе жаз.
_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
№11 сабақ
МҰҒАЛІМГЕ АҚПАРАТ
|
|
|
Тақырыбы: Алгоритмді жазу пішімі. Блок-схема.
|
|
|
Күтілетін нәтиже:
|
|
|
Білімдік
|
Білім
|
Алгоритмнің негізгі жазу жолдарын есіне түсіреді.
Алгоритм жазудың жаңа түрлерін анықтайды.
|
|
|
Түсінік
|
Алгоритм жазу жолдарын бір-бірінен айырып таниды.
Блок-схема элементтері жайлы білімін кеңейтеді.
|
|
|
Құзырлылық
|
Қолданыс
|
Алгоритм жазу жолдары туралы білімін табиғи тілде, алгоритмдік тілде жазуда және блок-схема құруда қолданады.
|
|
|
Анализ
|
Алгоритм жазу жолдарының әрқайсысын талдайды.
|
|
|
Синтез
|
Әрбір алгоритм жазу жолының артықшылықтарын түсіндіреді.
|
|
|
Құнды-лық
|
Баға
|
Әрбір алгорим жазу жолының өзіндік маңызы бар екенін ерекшелейді.
|
|
|
Сабақ құрылымы:
|
|
|
|
І. Ақпарат алмасу (14 мин.).
ІІ. Алғашқы бекіту (4 мин.).
ІІІ. Құзырлылық қалыптастыру (15 мин.).
ІV. Шығармашылық қалыптастыру (8 мин.).
V. Бағамдау-бағалау (4 мин.).
|
|
|
Сабақ типі: Сабақта жаңа білімді игеру
|
|
|
Оқыту әдісі: Түсіндірмелі-иллюстративтік, репродуктивті, топтық
|
|
|
Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі:
Оқушыларды жаңа түсініктермен таныстыру
Жаңа тақырыпты бекіту мақсатында нақты мысалдар көрсету
Оқушыларға мысалда берілген тапсырмаларды өз бетімен орындап көруге мүмкіндік беру. Өз бетімен орындауда нәтижелер оң болмаған жағдайда, нұсқаулар беру.
Сабақ барысында оқушыларға қосымша сұрақтар қоюға мүмкіндік беру
|
|
|
Негізгі ұғымдар мен терминдер:
|
|
| |
Блок-схема, блок-схема элементтері, алгоритмдік тіл, программалау тілі
|
|
|
Оқушыда дағды қалыптастыру:
|
|
|
|
Жаңа өткен тақырыпты толық игеру
Қажет болған жағдайда мұғалімнен көмек сұрау
Өтілген тақырыпты бекіту мақсатында үй жұмысын, деңгейлік тапсырмаларды толығымен өз бетімен орындау
|
|
|
Ақпарат көздері:
|
|
|
|
1. Б.Бөрібаев, Б.Нақысбеков, Г.Мадиярова.2005. Информатика және есептеуіш техника негіздері. Алматы: Мектеп.
2. Способы представления алгортмов. Виды алгоритмов. Ақпарат көзі: http://infomathematic.ucoz.ru/informatic/uroki/sposoby_predstavleniya_algoritmov.ppt
|
|
|
Оқушы жетістігін бағалау:
|
|
|
|
Оқушының негізгі бағасы деңгейлік тапсырмаларды орындауына байланысты қойылады. Қосымша бағаны (бонус) алу үшін топтық тапсырманы орындау қажет.
|
|
|
Үй тапсырмасы:
|
|
|
|
Анықтамаларды және блок-схема элементтерін жаттау.
Қандай есептерді шешуде қай алгоритм жазу жолын қолдану ыңғайлы екені жайлы 3-4 сөйлем жазу.
|
|
|
|
• Бонус-балл тапсырмасы
Параллелограмның ауданын табу алгоритімін алгоритмдік тілде жазу.
|
САБАҚ БЛОКТАРЫ
|
|
|
і. аҚПАРАТ алмасу
|
|
Тақырып жоспары:
1. Алгоритм жазу жолдарына сипаттама.
2. Алгоритмнің график түрінде кескінделуі.
3. Алгоритмдік тіл.
Слайдтар:
4-слайд Өткенді еске түсіру. Толықтыру.
|
5-слайд Алгоритм жазу жолдарына сипаттама
График түрінде кескінделуі – жазудың түсінікті, анық, көрнекі түрі болып табылады.
Табиғи тілдегі жазылуы – бұлай жазылған алгоритм компьютерде орындалмайды, қазақ тілінде жазылады.
Алгоритмдік тіл – псевдокодтар деп атайды, программалау тіліне ұқсас болып келеді.
Программалау тілдері – Паскаль, Си, Си++ сияқты жасанды тілде жазылған компьютер орындай алатын командалар тізбегі.
|
6-слайд Алгоритмнің график түрінде кескінделуі
Алгоритмнің график түрінде кескінделуі – блок-схема деп аталады.
Онда кез келген амал белгілі бір геометриялық фигурамен өрнектеледі.
Блок-схемада пайдаланылатын фигуралар оның блоктары деп аталады.
|
7-слайд Алгоритм блоктарының кескінделуі
Іс-әрекеттің атауы
|
Блок-схема түрі
|
Негізгі әрекеті
|
Процесс
|
|
Математикалық өрнектерді есептеу
|
Таңдау
|
|
Есеп шығару жолын таңдау
|
Модификация
|
|
Цикл басы (қайталау)
|
Құжат
|
|
Нәтижені шығару, қағазға басу
|
Енгізу, шығару
|
|
Мәлімет енгізу (шығару)
|
Бастау, аяқтау
|
|
Алгоритмнің басы, соңы
|
Қосалқы программа
|
|
Қосалқы программаға кіру және шығу
|
Түсініктеме
|
|
Схеманың, формуланың түсініктемесі
|
|
8-слайд Енгізу, шығару блоктары
ЕНГІЗУ
Мәліметтерді енгізу блогы
ШЫҒАРУ
Нәтижені экранға шығару блогы
|
11-слайд Қосалқы программаға ауысу блогы
Қосалқы программаға кіру кезін көрсетеді
N – қосалқы программа басталатын жол нөмірі немесе қосалқы программа аты
|
12-слайд Сөз түріндегі алгоритм. Дөңгелектің ауданын табу.
R-дың мәнін оқу
R-дың мәнін 3,14-ке көбейту
Екінші әрекеттің нәтижесін R-ге көбейту
Алдыңғы командада алынған нәтижені S-тің мәні ретінде сақтау
|
13-слайд Дөңгелектің ауданын табу. Блок-схема.
|
14-слайд Есеп
Екі жаяу жүргінші бір-біріне қарама-қарсы бағытта жүріп келе жатыр. Егер бірінші жүргіншінің жылдамдығы V1, ал екіншісінікі V2 және жүргіншілер арасындағы арақашық L-ге тең екені белгілі болса, жүргіншілердің кездесу уақытын тап.
|
15-слайд Есептің берілгені
Берілгені: L, V1,V2
L>0,
V1>0,
V2>0,
T>0
Табу керек: T - ?
|
Достарыңызбен бөлісу: |