Информатика



бет88/119
Дата03.02.2017
өлшемі17,37 Mb.
#8600
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   119

Сабақтың мақсатына қалай қол жеткізгендігің туралы эссе жаз.

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

27 сабақ



МҰҒАЛІМГЕ АҚПАРАТ


Тақырыбы: Мультимедиялық презентациялардың конструкторы

Күтілетін нәтиже:

Білімдік


Білім

  • Мультимедиялық презентацияны сипаттайды.

  • Мультимедиялық презентация артықшылықтарын айтып шығады.

  • Мультимедиялық презентация құрылымын бейнелеп айтады.

  • Perfect Vision Gallery мүмкіндіктерін анықтайды.

  • Визуалдау модульдерінің түрлерін біледі.

Түсінік


  • Perfect Vision Gallery- дің жұмыс істеу принципін түсінеді.

  • Мультимедиялық презентация жасау жолын түсінеді.

Құзырлылық

Қолданыс


  • Мультимедиялық презентацияны Perfect Vision Gallery қолдану арқылы әзірлейді.

Анализ


  • Мультимедиялық презентация артықшылықтарын талдайды.

Синтез


  • Мультимедиялық презентация артықшылықтарын жасырылған сөздер арасынан тауып жазады.

Құнды-лық

Баға


  • Мультимедиялық презентацияға сыни талдау жасайды.

  • Perfect Vision Gallery программасын бағалайды.

Сабақ құрылымы:
І. Ақпарат алмасу (15 мин.).

ІІ. Алғашқы бекіту (5 мин.).

ІІІ. қалыптастыру (10 мин.).

ІV. Шығармашылық қалыптастыру (10 мин.).

V. Бағамдау - бағалау (5 мин.).

Сабақ типі: Жаңа материалды меңгеру

Оқыту әдісі: Түсіндіру, иллюстративті, репродуктивті
Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі:
• Мұғалім материалды қабылдауға көмектеседі, оны оқушылар

түсініп, естерінде қалдырады.

• Оқушылардың тапсырмаларды өз бетімен орындауын қадағалап,

көмек қажет жағдайда нұсқаулар береді.



Негізгі ұғымдар мен терминдер:
• Мультимедиалық презентация, визуалдау модулі, интерактивті, стандартты, брендтелген.

Оқушыда дағды қалыптастыру:
• Жаңа өткен тақырыпты зейінмен тыңдап, түсіну.

• Тақырып бойынша берілген тапсырмаларды өз бетімен орындау.

• Топтық тапсырмаларды орындауда өз үлесін қосып, сабақ

барысында белсенділік таныту.



Ақпарат көздері:


  1. Мультимедийные презентации. Ақпарат көзі: http://www.intehoffice.ru

  2. Perfect Vision Gallery. Ақпарат көзі: http://www.perfect-vision.ru

Оқушы жетістігін бағалау:
Оқушыға негізгі баға деңгейлік тапсырмаларды орындауына

байланысты қойылады.



Үй тапсырмасы:
Басқа да мультимедиялық презентация конструкторлары жайлы мәлімет тауып келу.
САБАҚ БЛОКТАРЫ





і. аҚПАРАТ алмасу





Тақырып жоспары:

  1. Мультимедиялық презентациялар, құрылымы мен артықшылықтары

  2. Perfect Vision Gallery мультимедиялық презентациялар конструкторы

  3. Визуалдау модульдерінің түрлері

Слайдтар:

1-слайд Мультимедиялық презентациялар

Мультимедиялық презентация – бұл потенциалды клиенттерге, серіктестерге және инвесторларға өнім мен қызмет жайлы ақпаратты ыңғайлы, көрнекі және қызықты етіп жеткізетін қазіргі заманға сай жарнама түрі.

Мультимедиялық презентациялар буклеттер мен визиткалар сияқты жарнамалық материалдардан өте ерекшеленеді. Олардың құрамында бір ортаға жиналған анимация, графика, видеороликтер, музыка мен дыбыстық тізбек бар. Бұл ақпаратты жеңіл қабылдауға үлкен әсер етеді.






2-слайд Мультимедиялық презентация құрылымы

  • Мультимедиялық презентация мультимедиялық буклет, динамикалық видеоролик немесе мультфильм түрінде бола алады.

  • Презентация негізі ретінде компания өнімі, қызметі жайлы ақпараттан тұратын динамикалық ролик болады. Оның негізгі қызметі көрерменге қызметтің не өнімнің ерекшеліктері мен артықшылықтарын жеткізу, аудиторияны ақпарат қабылдауға даярлау. Оның құрамында мәтіндер, суреттер мен диаграммалар бола алады.

  • Мысалы, қазіргі кезде компаниялар өндіру кезеңдерін көрсететін арнайы анимацияланған схемалар жасайды.

  • Кез - келген презентация әр түрлі тілде орындала алады және кәсіби түрде дыбысталады.


3-слайд Мультимедиялық презентация артықшылықтары

  • Интерактивтілік- аудитория мен мультимедиялық ақпараттың толық қарым- қатынасы.

  • Мобильділік- презентацияны кез - келген жерге алып баруға қолайлы, ешқандай қиындықтар туғызбайды.

  • Көрсетуге шығындар кетпеуі - роликті көрсетуге ешқандай кәсіби құралдар керек емес, тек қол компьютері не ноутбук керек.

  • Ақпараттылық- мультимедиялық ролик өнім не қызмет жайлы толық ақпаратты сақтай алады.

  • Креативтілік- қазіргі заманғы визуалдау құралдары материалды көрсетудің ерекше түрі және интерактивті жұмыс көрерменді зеріктірмейді.

  • Экономикалық қолайлылық- еш қаражат шығармай өзіңіз дайындауыңызға болады, басқа кәсіби адам дайындаған жағдайда тек бір рет төленеді де, ұзақ уақыт бойы пайдаланыла алады.



4-слайд

Perfect Vision Gallery мультимедиялық презентациялар конструкторы




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   119




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет