Жұмысты орындау әдістемесі
Топырақтағы арамшөптер тұқымының қорын анықтау жұмысы үш бөлімнен тұрады: топырақ үлгісін алу; диаметрі 0,25 мм елеуіште, судың көмегімен топырақ үлгісінен лай фракциясын бөліп шығару және қалған минералдық фракциялардан арамшөп тұқымдарын бөліп алу.
Топырақтың үлгісін алу. Сараптау үшін топырақ үлгілерін алғы егісті жинап алысымен іріктеуге кіріседі. Ол үшін қыйғаш бағытта тең аралықтарда Каленьтев бұрғысының көмегімен топырақ үлгісін өңделетін қабаттың толық тереңдігіне алады. Одан кейін зерттеу мақсатына қарай үлгіні бірнеше тереңдікке бөлуге болады. Зерттеуге алынатын топырақтың орташа үлгісі үш рет қайталануы керек.
200 граммнан 3-4 рет қайталап топырақ үлгілерін алады. Үлгіні фарфор тостағаншасына салып, үстіне су құяды, жақсылап араластырады, одан кейін суы бар бакқа диаметрі 0,25 мм елеуішке аударады. Щеткамен немесе саусақтардың көмегімен елеуіштегі топырақты барлық лайы кеткенше жуып тазартады. Елеуіште қалған тұқымдар, өсімдік қалдықтары, ірі құм және басқа қоспалар кранның астында тазаланғанша тағы да сумен жуылады, содан кейін онда қалған заттардың бәрі қағазға салынып, кептіріледі. Осыдан кейін қалған құрғақ затты диаметрі 3, 2, 1 мм елеуіштерде екшейді, одан кейін әр фракцияны жеке-жеке талдау тақтайшасына салады. Үлкейткіш шыны және “ешкі аяқ” құралдарының көмегімен арамшөптердің тұқымын қалған қоспалардан бөліп алып, тұқымдар коллекциясының көмегімен олардың түр құрамын және санын анықтайды.
Тығырықта жиналған фракцияның ішіндегі арамшөп тұқымдарын басқа қоспалардан бөліп алады. Ол үшін ас тұзының (NaCl) немесе поташтың (K2CO3) тығыздығы 1,5 г/см3 кем болмайтын ауыр (қанықтырылған) ертіндісі пайдаланылады.
Топырақтың ішіндегі майда тұқымдарды бөліп алуға арналған аспап, резинадан ұштығы және қысқышы бар екі воронкадан тұрады, олар штативте бірінің үстіне бірі орналасуға тиісті. Төменгі воронканың астына стакан қояды. Жоғарғы воронканың жартысына келтіріп ауыр ертіндіні құяды да, оған тығырықтағы фракцияны шыны таяқшамен үздіксіз араластыра отырып аударады. Бұл кезде фракциядағы арамшөптер тұқымдары қалқып ерітіндінің бетіне шығады да, құм воронканың түбіне шөгеді. Жоғарғы воронкадан құм аралас сұйықты қысқашты ашып, абайлап төменгі воронкаға жібереді, одан кейін бұрыңғы істеген қимылдарымызды қайталап, қосымша тұқымдарды бөлу жұмысы жалғасады. Төменгі воронканың ішіндегі сұйық қоспаларымен бірге стаканға құйылады. Екі воронканің қабырғасында жабысып қалған тұқымдарды сумен шайып бір ыдысқа жинайды да, оны воронка және сүзгіш қағазының көмегімен сүзіп аламыз. Сүзбені кептіріп, тұқымдарды талдау тақтайшасына салып, бұдан бұрыңғы істегендей сұрыптау жұмысын жүргізеді.
Бөліп алынған арамшөптердің тұқымдары тұқым-үлгілері көмегімен түр-түрге бөлініп, саны анықталады. Зерттеуге алынған топырақтағы арамшөптердің тұқымының түр құрамын және санын анықтағаннан кейін олардың 1 гектар жердегі жалпы санын анықтайды.
Тұқымның белгілі тереңдікте бір гектардағы санын есептеп шығару үшін, алдымен топырақтың осы көлемдегі салмағын анықтау қажет. Ол үшін гектар ауданын (10000 м2) тереңдігіне көбейтіп (мысалы, 10 см немесе 0,1м) көлемін табады (10000мх0,1м2). Оны топырақтың көлемдік массасына (г/см3) көбейткенде топырақтың салмағы шығады (мысалы, 1,2 г/см3 х 10000 = 1.200 тонна.
Алынған деректерді төмендегі кестеге жазады:
Топырақтағы арамшөптер тұқымының құрамын анықтау кестесі
Рет саны
|
Арамшөптердің аттары
|
Тұқым саны, дана
|
1
|
|
|
2
|
|
|
3
|
|
|
т.б.
|
|
|
Одан әрі кез келген арамшөп тұқымының 0,2 кг топырақтағы санын білуге байланысты пропорция құрып (мысалы, 0,2 кг-да 5 тұқым (дән), ал 1.200.000 кг-да х?), бір гектардағы тұқым санын есептеп шығарамыз .
Достарыңызбен бөлісу: |