Жұмыстың мақсаты: топырақтағы ылғалдың өлі (мертвый) қорын анықтау.
Жұмысқа керекті құрал-жабдықтар
1. Жабдықтар: эксикатор, елегіш, бюкстер, таразы, кептіргіш шкаф.
2. Үлгілер: топырақтың әртүрлі типтері
3. Реактив: К2SO4 тұзының ерітіндісі
Жұмысты орындау әдістемесі
Топырақ су буымен қанығу үшін ашық бюкске салып эксикаторға қояды. Эксикатордың қақпағын жауып, температурасы тұрақты қараңғы жерде ұстайды.
Эксикатордың түбіне алдын ала күкірт қышқыл калийдің (К2SО4) қаныққан ерітіндісін құяды, ол ауаның салыстырмалы ылғалдылығын шамамен 96% жеткізеді.
Қақпақпен жабылған бюксті оқтын-оқтын (3-4 күнде бір рет) өлшеп отыру арқылы оның барынша қаныққанын анықтайды.
Топырақ бу тәрізді ылғалмен барынша қаныққан соң оны тұрақты салмаққа жеткенше 1050C температурада кептіргіш шкафында кептіреді. Өлшеу алдында бюксті CaCl2 ерітіндісі бар эксикаторда салқындатады.
Топырақтың максималдық гигроскопиялығын анықтау формуласы:
Достарыңызбен бөлісу: |