Жоспар құрудағы мақсат:
Баланы зиянды факторлардан қорғау шаралары
Баланы ата-анасының тәрбиесін алу,жақын адамдарының ортасында болу мүмкіндігімен қамтамасыз ету
Балаланың мүмкіндіктері шектеулі болуымен,ерекше осалдығымен немесе заңға қайшы іс-әрекеттер жасауымен байланысты қосымша мұқтаждықтарын қанағаттандыратын жағдай жасау.
Жоспар құрудың шарты:
Ата-анасына көмек немесе,бала ата-анасымен бірге тұра алмайтын болса, баланың ата-анасымен қарым- қатынас жасауын жалғастыру шарты
Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шаралар қолдануға мүмкіндік беру шарты.
Балалардың білім алуда,эмоционалдық және физикалық дамуында табысты жетуге ең жақсы мүмкіндіктер болуы шарт.
Жоспарды жалғыз өзіңіз құрмаңыз! Бағалау сатысындағы басқа мамандармен әрине,ата-аналармен бірлесіп іс-әрекет жасауыңыз қажет.
Сонымен қатар жүргізілген бағалау нәтижелерін қарастырғанда жоспар құру үшін мынадай сұрақтар қоюға болады:
Жоспар құру үшін жеткілікті мәліметтер жинадыңыз ба?
Ақиқат деректермен болжамдар жасалды ма?
Баланың және ата-анасының пікірлері мен сөздері туралы жеткілікті білесіз бе?
Қате түсініктерге немесе тіпті нанымдарға сүйеніп,асығыс қорытынды жасаудан аулақ болыңыз.
Әрбір жоспардың құрамында балалардың және олардың ата-аналарының әлеуметтік маргинализациясына әкелетін күштерген қарсы тұратын бөліктер болатынын ұмытпаңыз.Әлеуметтік маргинализация мына себептерден туындайды:
Баланың ерекшелігіне байланысты стигматизация,дискриминация және теріс нанымдар
Қате түсініктерге негізделген төмен деңгейлі үкімет құру
Қолдау мен жауапкершіліктің жетіспеуі
Инклюзияға физикалық кедергілер
Инкюзияға әлеуметтік кедергілер
Кедейлік
Ата-аналар мен балаларға арналған ақпараттың жетіспеушілігі.
Табысты жоспарлар күделі және түсініксіз болмайды.Олар баланың мұқтаждықтарына бағытталған бағалауды мұқият қарастыруға нәтижесінде парасаттылық тұрғысынан қарастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |