Инклюзивті қолдау арқылы ерекше білім алуды қажет ететін балаларды кедергісіз ортаға кіріктірудің мазмұндық сипаты


«С» дыбысын буындарда, сөздерде айтқызу



бет70/148
Дата07.02.2022
өлшемі16,35 Mb.
#93729
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   148
Байланысты:
Әдістемелік құрал 2019 (1)

«С» дыбысын буындарда, сөздерде айтқызу
Дайындаған: Логопед- мұғалім Тортбаева
ШакарбануАйдарбековна
Білімділік мақсаты: «С» дыбысын буын, сөз ішінде дұрыс ажырата білуді үйрету. Фонематикалық қабылдауын дамыту, ойын тапсырмалар арқылы ойлау, есте сақтау, сөздік қорын молайту қабілеттерін арттыру.
Түзетушілік мақсаты: Артикуляциялық жаттығулар жасату арқылы, сөйлеу мүшелерінің қимыл қозғалысын белсендіру. Ойын арқылы баланың ойлау қабілетін көру, қабылдауын дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: «С» дыбыстары бар суреттер, доптар, ойыншықтар, электрондық құрал.
Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Ұстаздармен амандасу. Бүгінгі өткізілетін сабағымыз ерекше, бізге бүгін ұстаздар қонаққа келіп отыр, амандасайық.

  • Нұрай, қазір жылдың қай мезгілі?

  • Күз

  • Дұрыс, күз мезгілі

  • Күз мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады ?

  • Күн салқындайды, құстар жылы жаққа ұшады, жапырақтар сарғайып жерге түседі

  • Біз бүгін сарғайған жапырақтарды ұшырамыз

Ал енді, қолымыздағы сиқырлы көпіршіктерді ұшырып көрейік

  • Нұрай қарашы, менде қандай әдемі сыбызғы бар, үрлеп берші?

Артикуляциялық жаттығулар


Біз қазір айнаға қарап, «Көңілді тіл» туралы ертегіні тыңдай, қайталаймыз.
Қызыл еріннің және ақ тістің артында көңілді тіл тұрыпты. Ауыз-тілдің үйі болыпты. Тіл ұйықтап жатады (тіл төменгі ерінде жатады, бірден онға дейін санау). Тіл оянып, сағатқа қарайды (оңға, солға қимылдар жасау, 10 рет) жаттығу жасайды. «Әткеншек» ( жоғары-төмен, 10 рет). Жуынады (алақанын созып, судың дауысын шығару-с-с-с). Тісін тазалайды (жоғары көтеру). Шай ішеді: шай ыстық (жалпақ тілді тісаралық шығарып, үрлеу, ауа ағысын қатты шығару). Тәтті тосап жейді (жоғары ерінді жалау, 4-8 рет). Далаға шығып, күннің көзіне қыздырынады: (жалпақ тіл төменгі ерінге). Қатты жел соғады, тіл бүрісіп қалады (жіңішке тілді көрсету). Тіл үйіне кіріп, жаттығу жасайды. Жоғары көтерілді (жоғары тістің артында), төмен түсті (төменгі тістің артында). Тіл тағы да далаға шықты. Оңға қарады, солға қарады (тілдің қимылы: оңға-солға). Тіл үйінде отыра алмайды. Далаға шығып, доп ойнайды (мақта допқа үрлеу). Тіл шаршағасын, үйіне кіріп ұйықтайды.


  1. Жаңа сабақ

  • Нұрай, сен велосипедпен келе жатырсың, кенеттен велосипедтің дөңгелегі жарылып қалды. Қандай дыбыс шығады?

  • Қане, айнаға қараймыз.

  • Ерніміз жылжымайды, тілдің ұшы төменгі тістерге тіреледі, тілдің ортасында арықша болады. Ауыздан шығатын ауа жолы?

  • Қане айтып көрші. (-с-с-с)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   148




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет