Сабақты қорытындылау:
Қандай дыбыспен жұмыс жасадық?
Біз қандай сөздер үйрендік?
Сен бүгінгі сабақта жақсы жұмыс жасадың?
Үйге тапсырма беру:
Жаңылтпаш жаттау:
Сорпа іштік,
Сорпа ыстық.
Сондықтан
Қорқа іштік.
Оқушының сөйлеу тілінің анықтылығын айқындау және
сөздік қорын дамыту
Дайындаған: Логопед- мұғалім Тортбаева
ШакарбануАйдарбековна
Мақсаты: баланың сөйлеу тілінің тырысуын жою. Тыныс алу жаттығуларының дұрыс жасалуын қадағалау. Өзін-өзі қадағалауға, өздігінен жұмыс істеуді үйрету. Мәнерлеп оқу, сөйлеу қабілетін дамыту. Байланыстырып сөйлеу тілін дамыту арқылы сөздік қорын байыту.
САБАҚ БАРЫСЫ:
Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу:
Мен қазақтың баласы
Сәлем сөздің анасы
Үлкенді біз көреміз
Иіліп сәлем береміз
Психологиялық дайындық:
Біз білімді боламыз
Оқып, біліп аламыз
Биік шыңға барамыз
Міндетіміз еңбек ету
Нүктелі массаж:
Сөйлеу ережесі:
Сөйлеу барысында дене еркін және ыңғайлы қалыпта болу керек. Аяқ нық тұрады, кеуде тұсы мен иық керулі, бас көтеріңкі.
Әңгімелесу кезінде әңгімелесушіге тіке сенімді түрде қарау керек.
Сөйлеген кезде асығыстық жасамау керек.
Әрдайым деміңді шығарып сөйлеу керек
Әр сөйлем соңынан үзіліс жаса.
Әрдайым асықпай үзіліс жаса.
Достарыңызбен бөлісу: |