Мен өрікпін, өрікпін
Ерте ашатын гүлін
Қара өрік, сары өрік
Табиғатқа көрікпін
Мен анармын, анармын
Қабығы қалың болармын
Мөлт-мөлт еткен түрлері
Моншақты еске саламын
Мәтінмен жұмыс «Жемістер»
Біздің саяжай қалаға жақын. Саяжайда әртүрлі жемістер, көкөністер өседі. Жемістерден алма, алмұрт, өрік, алхоры, шабдалы бар. Мен бақты суғаруға көмектесемін. Құстар бақты зиянды жәндіктерден қорғайды. Піспеген жемісті жеуге болмайды. Піскен жеміс тәтті және денсаулыққа пайдалы.
Саусаққа арналған жаттығулар
Графомоториканы дамыту.
Енді осы мәтіндегі сөйлемдерді графикалық түрде тақтаға сызып көрсетейікші.
Саусақпен жұмыс. Бейнелі сурет бойынша әңгіме құрастыру.