|
|
бет | 73/148 | Дата | 07.02.2022 | өлшемі | 16,35 Mb. | | #93729 |
| Байланысты: Әдістемелік құрал 2019 (1)Тыныс алу жаттығулары:
Вилунастың әдісі;
Стрельниковтың әдісі;
Шар үрлеу әдісі;
Мимикалық және артикуляциялық бұлшық еттерге арналған релаксациялық жаттығулар:
Вокалды жаттығу
А, О, У, И, Е, АО, АОУИ, АОУИЕ.
Үй жұмысын сұрау.
Өлең: «Ақ көгершін» (Өлеңді әндетіп айтқызу)
Жұмбақ жасыру
Көк, қызыл әрі тәтті
Татқан жанды таңырқатты. (Алма)
Жаздай інге тығылып,
Жатқан қызыл түлкіні,
Құйрығынан суырып,
Әкелді әкем бір күні. (Сәбіз)
Жарайсыңдар, енді біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Жемістер мен көкністер»
Қарашы мынау не?
Қоржын
Бұл қоржынның ішіндегі жемістер мен көкөністерді бөліп, екі себетке салу керек.
Енді осы жемістер мен көкөністерді атап шығайық.
Алма, өрік, қызылша, сәбіз, қияр, шие, картоп, бұрыш, қызанақ.
Тапсырма:
Сөздегі алдымен бірінші дауысты дыбысына екпін тастап айтамыз, сосын екінші дыбысына екпін тастап айтамыз.
Бір тыныста 3 сурет айтамыз
Бір тыныста 5 сурет айтамыз
Бір тыныста неше сурет айтай аласың?
Жемістер мен көкністерге сипаттама беру.
Картоп қоңыр, алма қызыл
Лимон ащы, алма тәтті
Банан сопақ, қызанақ домалақ
Лимон сары, қияр жасыл
Осы сөз тіркестерін саусақтармен буынға бөлейікші.
Кар-топ қоң-ыр, ал-ма қы-зыл.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|