С дыбысының артикуляциясы
А) Ерін жымиып тұрады
Ә) Тістердің арасы шамамен 1мм ашық
Б) Тілдің ұшы төменгі тістерге тіреліп тұрады
В) Тілдің ортасы көтеріңкі, ортасында жырашық болады, сонымен ауа жолы шығады
Г) Тілдің бүйір жақтаулары жоғарғы азу тістерге тиіп тұрады
«Дыбыстар мен буындар жолы»
Мен дыбыстарды айтамын, сен қайтала.
СА-СА-СА
СО-СО-СО
СУ-СУ-СУ
АС-АС-АС
ЫС-ЫС-ЫС
ІС-ІС-ІС
Тіл ұстарту жаттығулары
СА-СА-СА-САҒАТ
СЕ-СЕ-СЕ-КЕСЕ
АС-АС-АС-АНАНАС
ЫС-ЫС-ЫС-ЖОЛБАРЫС
ІС-ІС-ІС-ЖЕМІС
Саусақ қимылына арналған ойын: «Кім тапқыр?»
Шарты: Түрлі-түсті пішіндердің түсін ажыратып, С дыбысы кездесетін түстерді дұрыс айтып, бөлек жинау (жасыл, сары, с дыбысының орнын ауызша атап кету)
«Сиқырлы әріптер»
Мен айтамын, сен қайтала
Шарты: С дыбысы бар сөздерді қайталау
«Сергіту сәті»
Сыңғыр, сыңғыр, сырғалар,
Құлағымда сыңғырлар.
Сол қолымда білезік,
Саусағымда сақина,
Санап көрші канекей
Бір, екі, үш
Демалайық, жинап күш!
Достарыңызбен бөлісу: |