Инклюзивті оқу ортасындағы педагогикалық Қолдау


Кешенді (күрделі) эмоционалдық қажеттіліктері бар балаларға педагогикалық қолдау көрсету



бет2/21
Дата08.07.2022
өлшемі59,76 Kb.
#147355
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
2.3-ресурс

Кешенді (күрделі) эмоционалдық қажеттіліктері бар балаларға педагогикалық қолдау көрсету.
Көптеген балалар есею процесінде эмоционалдық қиындықтарға тап болатынын мойындау керек. Эмоционалды бұзылыс – бұл ұзақ уақыт бойы келесі сипаттамалардың біреуі немесе бірнешеуі арқылы көрінетін және мектеп үлгеріміне айтарлықтай кері әсер ететін жағдайлар: зияткерлік, сенсорлық немесе денсаулықтың басқа факторларымен түсіндірілмейтін оқу кемістігі; сыныптастарымен және мұғалімдерімен қанағаттанарлық тұлғааралық қарым-қатынас орнату немесе қолдау қабілетсіздігі; қалыпты жағдайда орынсыз мінез-құлық немесе сезімді білдіру; жалпы көңіл-күйінің болмауының немесе депрессияның тұрақты жағдайы; жеке немесе мектеп проблемаларына байланысты физикалық белгілер немесе қорқыныштар. Мінез-құлық немесе эмоционалдық бұзылулар – оқу нәтижелеріне, соның ішінде академиялық, кәсіптік және әлеуметтік дағдыларға теріс әсер ететін жас ерекшелік, мәдени этика нормаларына сәйкес келмейтін, сабақ уақытындағы мінез-құлық немесе эмоционалдық реакция.
Кешенді (күрделі) эмоционалды қажеттіліктері бар балалардың оқудағы кедергілері:

  • отбасының, мектептің және/немесе әлеуметтік ортаның бір немесе бірнеше элементтерімен өзара әрекеттесу қиындықтары;

  • жеке шешім қабылдауда қиындықтар;

  • өз проблемаларын дұрыс түсінбеу; олар көбінесе ұзақ мерзімді шешімдердің орнына қысқа мерзімді шешімдерді таңдайды;

  • эмоцияның болмауы немесе эмоцияны білдіре алмауы, басқаларға қызығушылық немесе қамқорлықтың болмауы, қажетсіз қозғалыстарды қайталау;

  • кішігірім проблемаларға байланысты жиі мазасыздық таныту;

  • көңіл-күйдің құбылмалы болуы, қақтығыстарды тудыратын ашушаңдық таныту.

Кешенді (күрделі) эмоционалды қажеттіліктері бар балаларға мынадай ерекшеліктер тән: олар сыныптағы басқа балаларға қарағанда ұяң болады, өздерін көпшіліктен алшақ ұстайды, олардың бойынан үрей және бақытсыздық сезімі байқалады, өте мазасыз, көбінесе зейінін жинақтай алмайды, қайталанатын беймазалық мінез-құлық пен импульсивтілік байқалады.
Эмоциялық (аффективті) және мінез-құлық бұзылыстары бар балаларға арнайы педагогикалық көмек көрсету өте маңызды. Мінез-құлықты өзгертудің екі негізгі қадамы бар: осы мінез-құлықты жүйелі түрде бақылау, осы мінез-құлыққа ықпал еткен фактілерді қарастыру және одан кейінгі әрекеттерді болжау; белсенді тыңдау – баланы әріптес ретінде қабылдау әсіресе бастауыш сыныптарда өте маңызды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет