Инклюзивті оқу ортасындағы педагогикалық Қолдау


Оқудағы қиындықтарды жеке педагогикалық қолдау көрсету арқылы жеңуге болады



бет9/21
Дата08.07.2022
өлшемі59,76 Kb.
#147355
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21
Байланысты:
2.3-ресурс

Оқудағы қиындықтарды жеке педагогикалық қолдау көрсету арқылы жеңуге болады.

Оқуда қиындықтары бар балаларды қолдау стратегиялары:

Кеңістік – физикалық орта

  • Көмек көрсету мен бақылау жасауға қолайлы болуы үшін, оқушыны мұғалімге жақын отырғызу.

Қарым-қатынас

  • Жедел, тұрақты, нақты және сындарлы кері байланысты қамтамасыз ету. Кері байланыс және оқушыны ынталандыратын жағымды аспектілер қамтылады.

  • Оқушылардың ауызша/жазбаша қарым-қатынас, хабарламаларды қабылдау/беру дағдыларын дамыту.

  • Сұрақтарды тікелей қою ұсынылады. Қажетсіз абстракциялар немесе ғылыми тілде сөйлеу баланы шатастыруы мүмкін. Балаға негізгі ұғымдардың тізімін( жаңа сөздердің тізімін, суреттерін) берген жөн.




Оқу процесі

  • Оқытудың әртүрлі формаларын (мультисенсорлық тәсіл, ақыл-ой картасы, есте сақтаудың әртүрлі тәсілдерін қолдану, компьютерді пайдалану) қолдану: олар әсіресе дислексиясы бар балалармен жұмыста тиімді.

  • PowerPoint, кодоскоп, диаграммалар, шағын карталар, графиктер сияқты қосымша көрнекі таныстырылымдарды пайдалану.

  • Сабақтың негізгі идеясын бөліп көрсету және оларды әртүрлі тәсілдермен бірнеше рет қайталау.

  • Сабақ туралы нақты түсінік қалыптастыру үшін, мүмкіндігінше жазбаша немесе ауызша түрде қысқа, жақсы құрылымдалған түйіндемені ұсыну.

  • Сұрақтарға жауап беру тәсілдерін бейімдеу. Мысалы, сұрақтарға жазбаша жауап берудің орнына, оқушыға ауызша жауап беруге мүмкіндік беріңіз (оқу/жазудағы қиындығы бар оқушылар үшін), оқушыларға практикалық әрекеттер арқылы білімдерін көрсетуге мүмкіндік беріңіз.








Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет