Инклюзивті оқу ортасындағы педагогикалық Қолдау


Сөйлеу тілінің бұзылыстары бар балаларды қолдау стратегиялары



бет11/21
Дата08.07.2022
өлшемі59,76 Kb.
#147355
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21
Байланысты:
2.3-ресурс

Сөйлеу тілінің бұзылыстары бар балаларды қолдау стратегиялары



Кеңістік-физикалық орта

  • Бала өзін ұжымнан шеттетілгендей сезінбеуі үшін, бірінші партаға немесе мұғалім үстеліне жақын отырғызу.

Қарым-қатынас

  • Әр баланың қарым-қатынас деңгейіне сәйкес тілді қолдану.

  • Әсiресе бірінші кезекте сөйлеу тілінің бұзылыстары бар балаларға сөйлеуге мүмкiндiк беру.

  • Сөйлеу тілінің бұзылыстары бар оқушылардың сөзін бөліп, сөздердің немесе сөз тіркестерінің соңын айтқызуға болмайды. Сонымен қатар, оқушыға «өз сөзінің» қалай дыбысталатынын көрсету үшін оны қайталаудың қажеті жоқ.



Оқу процесі

  • Әр балаға арналған жеке тапсырмаларды нақты, қысқа және анық тұжырымдау, оқытудың интербелсенді әдістерін қолдану.

  • Мұғалім сөз тіркестерінің, сөздердің дұрыс айтылуын балалар ести алатындай етіп айтуы керек. Егер мұғалім баланың сөйлеу тілінің ауытқуын оңай түзетуге болады деп есептесе, ол баланы үзілісте немесе басқа бос уақытта онымен жұмыс істей алады.

  • Жауап беруге беруге оқушыны ынталандыру үшін, оқушыдан тақтаға шығып жауап бергісі келетінін сұраған дұрыс, бірақ оны мәжбүрлеудің керегі жоқ. Егер оқушы сұрақ қойғанда өзін ыңғайсыз сезінсе, мұғалім жауап беруді талап етпеуі керек.

  • Егер оқушы дауыстап оқуға немесе бүкіл сыныптың алдында оқуға үзілді-кесілді қарсы болса, оны мәжбүрлемеу керек. Егер оқушы өз жауабында қате жіберсе, мұғалімге сәйкес контексте дұрыс жауап беру арқылы оны түзету ұсынылады.

  • Мұғалім оқушының сөйлеу мәнеріне өзінің наразылығын көрсетпеуі керек. Егер оқушы ауызша жауап бергісі келмесе, онда одан жазбаша жауап беруін сұрау керек.

  • Оқушының сөзін оның рұқсатынсыз және ата-анасының рұқсатынсыз диктофонға жазуға болмайды.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет