Инклюзивті оқу ортасындағы педагогикалық Қолдау


Гипербелсенділік және зейін тапшылығының синдромы



бет19/21
Дата08.07.2022
өлшемі59,76 Kb.
#147355
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
2.3-ресурс

Гипербелсенділік және зейін тапшылығының синдромыбар балаларды оқуға тартуға арналған қолдау стратегиялары

Кеңістік – физикалық орта

  • Оқушыны оқу ортасында алаңдататын факторларды анықтау; олардың әсерін шектеу. Оқушыны алаңдататын нәрселерден мүмкіндігінше алыс орналастырыңыз (мысалы, терезелер).

  • ГЗТС бар оқушының айналасына барынша зейінді және мінез-құлқында қиындықтары жоқ басқа оқушыларды отырғызу.

Қарым-қатынас

  • Нұсқауларды сенімді әрі жағымды дауыспен айту.

  • Тапсырманы нақты әрі қысқа беру. Балаға қолжетімді анық, нақты сөздерді қолдану.

  • Бірнеше міндетті қамтитын тапсырмалар бермеу.

Оқу процесі

  • Іс-әрекетті зейінін шоғырландыратын тапсырмадан немесе ынталандырудан бастау.

  • Вербалды және бейвербалды (ым-ишара, дауыс ырғағы) элементтер арқылы зейінін аударту және ұстап тұру.

  • Нақты тапсырманы орындау үшін қосымша уақыт беру.

  • Тапсырманы немесе тестіні орындауға бөлінген уақытты бейімдеу. Мысалы: іс-шараларды жүзеге асыруға бөлінген уақытты даралау; кейбір оқушылар үшін әртүрлі жұмыс қарқынын белгілеу (қарқынды арттыру немесе азайту).

  • Сабақ уақытында қысқа үзілістерді қолдану.

  • Әрекеттің бір түрінен екіншісіне шапшаң ауысуды болдырмау.

  • Баланың күшті жақтарын анықтау, әсіресе мектептен тыс уақытта қолдау немесе мадақтау және ынталандыру жолдарын анықтау.

  • Сабақ уақытында баланың назарын бөлетін/алаңдататын факторларды жою.

  • Балаға ұнайтын нәрселерді анықтау және оны оларға қатысуға ынталандыру.

ГЗТС бар балаларға ережелерді сақтау қиын, бірақ олардың мінез-құлқын бақылап және іс-әрекетіне тез арада назар аударып, жауап беруге болады. Мысалы, ГЗТС бар бала ана-анасының тарапынан да жиі назар аударуды қажет етеді(тіпті әрбір 20 минут сайын). Кері байланыс ауызша мақтау арқылы уақтылы және жиі болса, тиімдірек болады. Ата-ананың міндеті - баланы өз күшіне сенуге мүмкіндік бере отырып, ынталандыру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет