Есту қабілетінде бұзылыстары бар балаларды қолдау стратегиялары
Кеңістік – физикалық орта
Оқушыны мұғалімнің үстеліне жақын орналасқан партаға (3 метрден қашық емес отырғызу).
Есту аппаратының болуы (егер ұсынылған болса).
Бөлмені жарықтандыру, жарыққа қатысты орналасуды реттеу.
Сыныптағы шуды мейілінше азайту.
Қарым-қатынас
Егер оқушы есту аппаратын қолданатын болса, мұғалім оның жұмыс істеуін қамтамасыз етуі тиіс.
Мұғалім есту аппаратын киетін оқушыдан 10 қадам жерде тұрып сөйлегені дұрыс.
Үнемі балаға қарап сөйлеу керек.
Оқушыға ерінге қарап оқуға мүмкіндік беру үшін сыныпта көп қозғалыс жасамау керек.
Сыныптағы барлық оқушылар не айтылғанын естуі үшін мұғалім оқушылардың сұрақтарын немесе жауаптарын қайталауға үнемі дайын болуы керек.
Ауызша айтылғандарды тақтаға жазып қою да маңызды.
Оқу процесі
Интуитивтік әдістерді қолдану: демонстрациялар, графикалық презентациялар, оқу мазмұнын иллюстрациялайтын сызбаларды көрсету, АКТ қолдану және т.б.
Сыныпты, топтық жұмысты жартылай шеңберде ұйымдастыру: симметриялық орналасу есту қабілеті бұзылған оқушыға басқаларды ерінге қарап оқуға мүмкіндік береді.
Тапсырмаға нұсқаулықты нақты әрі қысқа беру: тапсырманы қайталау, үнемі ынталандырып отыру.
Есту қабілеті бұзылған баланың сөйлеуін үнемі ынталандырған дұрыс. Мүмкін болса,сөздерді дұрыс айтуына көмектесу керек.
Есту қабілеті толық жоғалған оқушыларға арналған оқу ортасын басқару жартылай есту қабілетінен айырылған оқушылардан басқаша болады. Сондықтан, есту қабілеті толық жоғалған баланың оқу әрекеті мен бағалау, мүмкіндігінше, келесі талаптарды ескеруі керек:
Оқушы музыкалық білім беру сабақтарына қатысудан бас тартады деп ойламау керек. Мүмкіндігінше, оған музыка сабағына баруға немесе басқа нәрсемен айналысуға таңдау берілуі керек.
Оқушыларды сөйлеуге тарту, қарым-қатынастың басқа түрлерін аз қолдануға ынталандыру.
Оқушының мектепте алған білімдерін меңгеруіне көмектесуі үшін ата-аналармен ынтымақтастық орнату.
Қарым-қатынас процесінде кескіндер/суреттер мен белгілерді/символдарды қолдану;