Аутизм спектрінің бұзылысы бар балаларға педагогикалық қолдау
Аутизм – бұл адамның ойлау, қабылдау, зейін, әлеуметтік дағдылар мен мінез-құлқына әсер ететін дамудағы ауытқу.
Аутизм спектрінің бұзылысы бар балалардың оқуында кездесетін кедергілер:
Бірқатар белгілерден көрінетін әлеуметтік өзара әрекеттестік және тұлғааралық қарым-қатынастар: бір жастағы балалармен достық қарым-қатынас орната алмау; қуаныш, қайғы немесе мұң, жұмыстағы жетістіктерді басқа адамдармен бөлісу қажеттілігінің болмауы және т.б.; эмпатияның болмауы, басқалардың сезімін түсінудің қиындығы және т.б.;
Кеш сөйлеуден көрінетін вербалды және бейвербалды қарым-қатынас; аутизм спектрінің бұзылысы бар балалардың шамамен 50%-ы сөйлеуде қиындықтарды бастан кешіреді; бейвербалды қарым-қатынас дағдыларын дамытудағы маңызды проблемалар, мысалы, тура көзіне қарамау, мимиканы және пантомиманы қабылдамау және т.б. Олар стереотипті және қайталанатын сөздерді/сөйлемдерді (эхолалия) пайдаланады; әңгімелесуде, әңгімелесіп отырған адамның көзқарасын түсінуде қиналады; хабарламаны, берілген мағынаны, әзіл-қалжың т.б. түсіну қабілеті төмен болады;
Әртүрлі іс-әрекеттерге, соның ішінде ойынға деген қызығушылықтың төмендеуі мынадай әрекеттерден байқалады: стереотиптік мінез-құлық (мектепке бір маршрутпен жүреді, қолын шапалақтайды немесе денесі тербеледі және т.б.). Көбінесе аутизммен ауыратын балалар ойыншықтарға ерекше қарайды, ойыншықтың бір бөлігіне назар аударады (мысалы, көлік дөңгелегі); белгілі бір тақырыптарға (футбол, пойыздар кестесі, ауа райы болжамдары, жаңалықтар және т.б.) шамадан тыс қызығушылық таныту, олар «өз әлемінде өмір сүреді»;
Мақсат қою мен жоспарлаудағы қиындықтар;
Алға қойған мақсатына жету қадамдарын анықтаудағы қиындықтар;
Эмпатияның болмауы (олар басқа адамдарға селсоқ қарайды немесе өздерін тәкаппар ұстайды);
Қиялдың/елестетудің болмауы (ойында рөлге ене алмайды, ал кейде сандар мен даталарға қалыптан тыс қызығушылық танытады).
Аутизм спектрінің бұзылысы бар адамдардың интеллект деңгейі орташа және орташа деңгейден жоғары, олар мамандықты игере алады, өз кәсібінде көбіне табысты болады және өз бетінше өмір сүре алады. Аутизм спектрі бұзылған адамдардың шамамен 10% -ында ғылыми қабілеттер, музыкаға, математикаға, өнерге және т.б. салаларда қабілетті болады. Оларды ерте жастан диагностикалау балалардың толық даму мүмкіндіктеріне қол жеткізуге көмектеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |