Инклюзивті оқу ортасындағы педагогикалық Қолдау


Физикалық және нейромоторлық бұзылысы бар балаларға қолдау көрсету



бет20/21
Дата08.07.2022
өлшемі59,76 Kb.
#147355
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
2.3-ресурс

Физикалық және нейромоторлық бұзылысы бар балаларға қолдау көрсету
Физикалық бұзылулар негізінен баланың іс-әрекетіндегі шектеулерді қамтиды, өзінің имиджін және қоршаған ортамен немесе басқа адамдармен қарым-қатынасын өзіндік қабылдауға әсер етеді.
Физикалық және нейромоторлық ақаулары бар балалардың оқуындағы кедергілер:
Физикалық бұзылыстар әртүрлі формада болуы мүмкін, уақытша немесе тұрақты, өзгермелі, тұрақты немесе дегенеративті болуы мүмкін және дененің жеке бөліктеріне ғана емес, бүкіл денеге әсер етуі мүмкін. Физикалық шектеу, неврологиялық проблемалары немесе бас сүйегінің жарақаты бар кейбір оқушылардың оқудағы қиындықтарын түсінуге болады.
Дене шектеулігі бар, физикалық мүмкіндігі шектеулі балаларда қозғалыста, жеке дербестікте, бейімделдеу, оқуда және т.б. қиындықтар болуы мүмкін. Көбінесе нейромоторлық бұзылулар ақыл-ойдың артта қалуына байланысты әртүрлі деңгейде болуы мүмкін. Бұл қиындықтар тобына мыналар кіреді:

  • балалардың церебралды сал ауруы (БЦС);

  • Spina Bifida (омыртқаның туа біткен бұзылысы);

  • бұлшықет дистрофиясы.

Балалардың церебралды сал ауруы. БЦС қозғалыс координациясын және бұлшықет күшін толық бақылауға қабілетсіздігімен сипатталады. Церебралды сал ауруына шалдыққан балалар кәдімгі мектепке барып, барлығымен бірге оқи алады. Аурудың дәрежесі мен сипатына байланысты церебралды салдануы бар балаларға оқу үшін әртүрлі жағдайлар жасау қажет: мысалы, кедергісіз орта, егер баланың моторикасында проблемалар болса, жазу үшін құрылғылар қолдану.
Spina Bifida (Омыртқаның туа біткен бұзылысы) омыртқадағы жарықтар немесе омыртқаның толық бірікпеуі ретінде көрінуі мүмкін. Тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар мектепте «кедергісіз» орта болған жағдайда оқи алады: ғимарат пандустармен, лифттермен немесе көтергіштермен, кең есіктермен және т.б. жабдықталған. Тірек-қимыл аппараты бұзылған бала оқуға келгенде сыныпта туындауы мүмкін психологиялық шиеленісті жеңілдету үшін сыныптағы балалармен осы мәселеге байланысты сөйлесу керек.
Бұлшықет дистрофиясы. Бұлшықет дистрофиясы бұлшықет әлсіздігімен және бұлшықет дегенерациясымен (бұлшықет талшықтарының қалыңдығының (диаметрінің) төмендеуі) сипатталады. Аяқтың бұлшықет массасының жетімсіздігіне байланысты баланың жүруінде бұзылулар болады.

  • Бұлшықет тонусының төмендеуі

  • Қаңқа бұлшықеттерінің атрофиясы

  • Жалпы сергектік төмендейді, бала өте тез шаршай бастайды

  • Оқуында қиындықтар байқалады

  • Жүгіруде және секіруде қиындықтар пайда болады

Бұл балаларға мұғалімдер, ата-аналар және мамандар тарапынан, әсіресе жеке негізде қолдау мен жан-жақты көмек қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет