Инклюзивті оқу ортасындағы педагогикалық Қолдау


Гипербелсенділік және зейін тапшылығының синдромы (ГЗТС) бар оқушыларға педагогикалық қолдау көрсету



бет18/21
Дата08.07.2022
өлшемі59,76 Kb.
#147355
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
2.3-ресурс
КЗ 23 НЧ2022 (pdf.io), КЗ 23 НЧ2022, Лекция 3.АХ1, «Физика» п нінен 3-то сан а арнал ан жиынты ба алауды тапсырма, «Физика» п нінен 3-то сан а арнал ан жиынты ба алау тапсырмалар
Гипербелсенділік және зейін тапшылығының синдромы (ГЗТС) бар оқушыларға педагогикалық қолдау көрсету.

Кез келген бала кейде зейінсіз, импульсивті немесе гиперактивті болуы мүмкін, бірақ ГЗТС бар бала, сол жастағы балаларға қарағанда, сәйкес симптомдар мен мінез-құлықтарды жиі көрсетеді. ГЗТС мектеп жасындағы балалардың 3-5%-нда кездеседі. ГЗТС әдетте 7 жасқа дейін басталып, ересек жасқа дейін созылады. ГЗТС бар балалардың ата-аналарының шамамен 25%-ында ГЗТС бар. ГЗТС бар көптеген балалар басқа да қосымша қиындықтардан зардап шегеді: оқудағы қиындықтар, депрессия, мазасыздық, мінез-құлық ауытқушылықтар.


Зейін тапшылығы және гипербелсенділік белгісі бар балалардың оқуындағы кедергілер:

  • Іс-әрекеті мен зейінін шоғырландыра алмауы. Олар өзінің мазасыздығының шамасына байланысты әртүрлі мінез-құлық реакцияларын көрсетеді. Сырттай, бұзылулар әртүрлі қарқындылықтағы тұрақсыз эмоционалдық реакциялар (қорқыныш, ашулану, еріксіз күлкі және себепсіз жылау); импульсивті мінез-құлық; шамадан тыс гиперактивтілік; агрессивті мінез-құлық; құрдастарымен нашар қарым-қатынас арқылы көрінеді. Бұл белгілер 6 немесе одан да көп ай бойы болуы мүмкін. Бұл қыздарға қарағанда ұлдарда жиі болады.

  • Импульсивтілік: сөйлеудегі қиындық; басқа адамдардың айтып жатқан сөздерін аяқтайды және/немесе оларды бөле береді.

  • Белгілі бір психикалық функциялардың бұзылуы (зейін, есте сақтау, ойлау), жазбаларды қабылдау қабілетінің нашарлығы, түсінудің тежелуі, нәтижесінде қателерден немесе бұрынғы тәжірибеден сабақ алмау.

  • ГЗТС жағдайында балада ішкі және сыртқы тұлғалық әртүрлі ауытқулар байқалады. Өзіндік ішкі ауытқу, мысалы, ұзаққа созылған мазасыздық күйі (негізсіз қорқыныш пен көңілсіздік); эмоционалдық тұрақсыздық және депрессия; оқшаулану, басқалардан бас тарту; белсенділікті жек көру, енжарлық пайда болуы мүмкін.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет