Инклюзивті оқу ортасындағы педагогикалық Қолдау


Көру қабілетінде бұзылысы бар балаларды қамтуға арналған қолдау стратегиялары



бет13/21
Дата08.07.2022
өлшемі59,76 Kb.
#147355
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   21
Байланысты:
2.3-ресурс

Көру қабілетінде бұзылысы бар балаларды қамтуға арналған қолдау стратегиялары

Көзі нашар көретін оқушыны оқытудағы ең маңызды нәрсе – кеңістікті бағдарлауға, жылдам әрекет етуге және дербестікке үйрету.
Көзі нашар көретін балалардың дербестігін ұйымдастырудың бағыттары:

  • Мектеп ішіндегі және мектеп сыртындағы негізгі маршруттармен таныстыру. Балаға кедергілер немесе баспалдықтар, тар кіреберіс туралы айтылады.

  • Ұстап көру арқылы оңай анықталатын объектілердің бөлменің әртүрлі бөліктеріндегі орналасуы.

  • Көру қабілеті бұзылған балаларды құрбыларының, ересектердің, маршрутты сипаттау көмегімен алып жүру.

Кеңістік – физикалық орта

  • Баланы сыныпта оның көзі жақсы көретін жерге орналастыру.

  • Күн сәулесінің тікелей түсуін болдырмау үшін оқушыны сыныпта табиғи жарық аймағында отырғызу ұсынылады.

  • Бөлме ішіндегі шу мен сыртқы визуалды қоздырғыштарды азайту.

Қарым-қатынас

  • Баланы вербалды, вербалды емес бағалау арқылы ынталандыру (иығынан қамқорлықпен сипау, т.б.).

  • Сыныпты көру қабілеті бұзылған балаларды қамтуға және тартуға дайындау, олардың осы үдерістегі рөлін анықтау.

Оқу үдерісі

  • Әріптер мен сандарды тақтаға мейілінше ірі әрі анық жазу керек.

  • Назарын бұру үшін, ашық түстерді қолдану (қызыл, сары, сарғыш, т.б.).

  • Үлкенірек әріптермен жазылған бағалау парақтарын пайдалану, тапсырмалар әр оқушының жеке ерекшеліктеріне байланысты көмекші мысалдармен, тірек суреттермен немесе басқа көмекші құралдар арқылы анық тұжырымдалуы керек.

  • Мұғалім тақтаға/параққа/флипчартқа жазу немесе сурет салу кезінде дауыстап айтуы жасауы тиіс.

  • Арнайы материалдарды қолдану, қажет болса көмекші мұғалімді, мүмкін болса оқушыларды тарту.

  • Тапсырманы оған жетістікке жетуге көмектесетін адаммен бірге (жұпта) орындау.

  • Оқыту стратегиясын бейімдеу: жазбаша мәтіндегі әріптердің көлемін ұлғайту, графикалық презентациялар, үлкен кескіндерді, суреттерді пайдалану, жұмыс материалының маңызды элементтерін бөлек көрсету; АКТ қолдану және т.б.

  • Математика сабақтарында мұғалім оқушыға қарапайым дағдыларды меңгеруге қажетті есептерді шығаруға мүмкіндік беруіне болады, мүмкіндігінше компьютерлік сөздікті пайдаланғаны дұрыс.

  • Драмалық қойылымдарға, ойындарға қатыстыру.

  • Мұғалім оқушыға үйде қайталау үшін дыбыс жазу құрылғысына сабақтарды жазуға мүмкіндік беруіне болады.

  • Оқушыға тапсырманы аяқтау үшін қосымша уақыт беру.

  • Оқушыға оның интеллектуалдық қабілеттеріне сәйкес тапсырмалар беріп жаттықтыру.

  • Брайл шрифтін қолдану арқылы мәтіндер мен тапсырмаларды бейімдеу.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет