Инклюзивті оқу ортасындағы педагогикалық Қолдау


Сөйлеу тілінің бұзылыстары бар балаларға педагогикалық қолдау көрсету



бет10/21
Дата08.07.2022
өлшемі59,76 Kb.
#147355
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21
Байланысты:
2.3-ресурс

Сөйлеу тілінің бұзылыстары бар балаларға педагогикалық қолдау көрсету
Сөйлеудегі және қарым-қатынастағы ауытқулар мектепке дейінгі кезеңде басталады, көбінесе мектептегі оқу кезеңінде жалғасып және оның салдары өмір бойы сақталуы мүмкін. Сөйлеу тілінің бұзылыстары өздігінен болуы мүмкін немесе бұзылыстардың басқа: интеллектуалдық, сенсорлық немесе физикалық түрлерімен байланысты болуы мүмкін. Педагогикалық тәсілдеме қалыпты сөйлеу функцияларына сүйене отырып, неғұрлым дамыған жақтарын ынталандыру арқылы сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға мән береді.
Сөйлеудегі ауытқудың бірнеше типі болады. Е.Верза (2003) мынадай типтерін қарастырады:

  • дыбыстардың айтылуының және артикуляциясының бұзылуы (дислалия, ринолалия, дизартрия);

  • аритмия және шапшаң сөйлеу (түсініксіздік, логоневроз, тахилалия, брадилалия т.б.);

  • дауыстың бұзылуы (афония, дисфония, фонастения);

  • оқу-жазудың бұзылуы (дислексия-алексия және дисграфия-аграфия);

  • полиморфты бұзылулар (афазия және алалия);

  • тілдік дамудың бұзылуы (психогендік мутизм, ішінара немесе ерікті, жалпы сөйлеу дамуының кешігуі);

  • психикалық дисфункцияға негізделген сөйлеу бұзылыстары (дисфагия, эхолалия, жаргонофазия, брадифазия и т.б.).

Сөйлеу тілінің бұзылыстары бар балалардың оқуындағы кедергілер:

  • эмоционалдық мәселелер;

  • сөздің орнына ым-ишара мен белгілерді қолдану;

  • сөздік қоры аз, жасына сәйкес емес;

  • сөздің бастапқы немесе соңғы дыбысын айтпау;

  • сөзді түзеткеннен кейін де қате айту;

  • есімдіктерді қолданудағы қателіктер;

  • сөйлем құраудағы қиындықтар, сөздерді айтпау, сөйлемдегі сөздердің дұрыс қолдану тәртібін шатастыру;

  • сөздерді табиғи ретімен емес, ұзақ үзілістермен айту;

  • жоғарыдағы қиындықтарды оқылым мен жазылым барысында көрсету;

  • нұсқауларды дұрыс қабылдамау, түсіндіруге ұмтылмау;

  • мұғалімдер мен басқа оқушылардың дұрыс түсінбеуі;

  • сыныптағы пікір алмасуға қатыспау.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет