психомоторлық және кеңістіктікке бағдарланудағы қиындықтар;
оқуға кері әсер ететін қарым-қатынас пен әлеуметтік қарым-қатынастағы қиындықтар.
Оқудағы қиындықтар оқушының интеллектісінің кез келген деңгейінде болуы мүмкін. Бұл тәжірибенің жетіспеушілігіне, мотивацияға, эмоционалдық факторларға немесе мұғалімнің сабаққа нашар дайындығына, отбасының ұлтына немесе әлеуметтік-мәдени деңгейіне байланысты емес. Оқу қабілеттерінің жеткіліксіз дамуы әртүрлі даму кезеңдерінде орын алады және оқу, жазу және математиканы оқыту процесіне кедергі келтіретін оқу қиындықтарының негізін құрайтын түрлі комбинацияларда әртүрлі дәрежеде көрінеді.
Есептеу қабілетінің бұзылуы (акалькулия, дискалькулия) – логикалық ойлауға жауап беретін мидың маңдай бөлігінің белсенділігінің төмендеуімен, сондай-ақ арифметикалық амалдарды орындауға тікелей жауап беретін ми бөлігінің әлсіздігімен байланысты математикалық дағдылардың дамуының бұзылуы (https://www.reacenter.ru/akalkuliya/).
Акалькулия – бұл жүре пайда болған бұзылыс (мысалы, бала бас сүйегінің жарақатынан, мидың зақымдануынан немесе минингиттен кейін санай алмай қалған болуы мүмкін).
Дискалкулия, әдетте, мидың дамуының бұзылуының салдары болып табылады, яғни бала ең басынан математикалық дағдыларды игермеген (орталық жүйке жүйесінің перинаталды зақымдануының салдары, туған кезде болған жарақаттың салдары, гидроцефалия, психовервалды дамуының тежелуі, зияткерлік қабілеттердің төмендеуі, аутистикалық көріністер, сөйлеу тілінің дамымауы және т. б.