Инклюзивті оқу ортасындағы педагогикалық Қолдау


Эмоциялық (аффективті) және мінез-құлық бұзылыстары бар балаларды қолдау стратегиялары



бет3/21
Дата08.07.2022
өлшемі59,76 Kb.
#147355
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
2.3-ресурс

Эмоциялық (аффективті) және мінез-құлық бұзылыстары бар балаларды қолдау стратегиялары

Кеңістіктік-физикалық орта

  • Баланы бірінші партаға немесе мұғалімнің үстеліне жақын отырғызу керек, бірақ ол өзін ұжымнан шеттетілгендей сезінбеуі тиіс.

  • Эмоционалдық және мінез-құлық бұзылыстары бар оқушыларды зейінді және мінез-құлқында қиындықтары жоқ оқушыларға жақын отырғызу ұсынылады.

Қарым-қатынас

  • Оқушының мінез-құлқын бақылауды бастамас бұрын мұғалім өзінің көңіл-күйін, мінез-құлқын өзі игеріп, бақылауда ұстай алуы керек.

  • Өзінің айтатын сөздерін мұқият таңдау өте маңызды, өйткені кейбір пікірлер оқушымен жағымды қарым-қатынасты тудыруы немесе бұзуы мүмкін. Эмоционалдық және мінез-құлық бұзылыстары бар оқушымен жұмыс істейтін мұғалім онымен сенімді қарым-қатынас орнатуы керек.

  • Ауызша, бейвербальды мақұлдау (күлімсіреп, шапалақтау) ұсынылады; физикалық жанасу (иықты ұстау, қол алысу, құшақтау және т.б.); сүйікті іске қол жеткізуді қамтамасыз ету; бонустар, сыйлықтар беру және т.б.




Оқу процесі

  • Оқушыларды ынталандыру. Жағымды қолдау (мақұлдау, мадақтау және т.б.) баланың болашақта басқа жағдайларда сол мінез-құлқын қайталау ықтималдығын арттырады.

  • Мұндай оқушылардың күшті жақтарын анықтау оларды сыныпта жағымды қабылдауға ықпал етуі мүмкін.

  • Оқушыға көңіл бөлу, оның жақсы мінез-құлқы үшін мадақтау.

  • Оқушыларға көбірек уақытты қажет ететін тапсырманы орындау жолын жоспарлау және тапсырманың орындалуын бақылау.

  • Бірлескен оқуға негізделген оқыту мен оқу әдістерін қолдану.

  • Орындалуы қажет тапсырмаларды өзектендіру үшін көрнекі құралдарды пайдалану.

  • Тұрақты кері байланыс, оқушыға күнделікті сенім арту қажетті мінез-құлық пен оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын меңгеруге ұмтылуын, мүмкіндігінше ынталандырады.

  • Баланың өзіне қасақана назар аударту үшін жасалған, жағымсыз мінез-құлқын елемеу; бұл әрекеттің қайталануын болдырмайды.

  • Балаларының дербестік дағдыларын меңгеруіне және уақытын дұрыс бөлуге көмектесу мақсатында ата-аналармен ынтымақтастық орнату.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет