Әлде-бір іс-әрекеттің басталатынының, бірнеше уақыт өтіп кеткенінің берілуі қашан? қанша уақыттан кейін? сұрақтарын қамтиды: бір сағаттан кейін, бірнеше жыл кейін, үш жыл өткен соң, екі күн өткеннен кейін, бір минуттан соң, т.б. Кейін, соң септеуліктерінің қолдануында шығыс септік жалғауының тұруы міндетті: - Әлде-бір іс-әрекеттің басталатынының, бірнеше уақыт өтіп кеткенінің берілуі қашан? қанша уақыттан кейін? сұрақтарын қамтиды: бір сағаттан кейін, бірнеше жыл кейін, үш жыл өткен соң, екі күн өткеннен кейін, бір минуттан соң, т.б. Кейін, соң септеуліктерінің қолдануында шығыс септік жалғауының тұруы міндетті:
- Екі күннен кейін балалар бір кішкене қалаға жетті. Үш сағаттан соң, қонақтардың алды тарқай бастады.
- Соң, кейін септеуліктері оқиғаны, процесті, мекемені білдіретін сөзден кейін де қолданылады: таңғы астан кейін (соң), жұмыстан кейін (соң) демалыстан кейін (соң), сабақтан кейін (соң) әңгімеден кейін, сапардан кейін, концерттен кейін, университеттен кейін, мектептен кейін, тарқағаннан кейін (соң және т.б.).
- Іс-әрекеттің нәтижесіне жету үшін қажетті мерзім, уақыттың берілуі қанша уақытта? сұрағын қамтиды: үш сағат жиырма минутта, уақыттың осы кезеңінде, өткен тоқсанның ішінде, бір сәтте, ес біліп, етек жапқалы, жарты сағатта, бас-аяғы бір тәулікте, қас пен көз арасында, ғасырлар бойында, жүз жылда, т.б.
- Іс-әрекет нәтижесі сақталатын мезгілдің берілуі Қанша уақытқа? Қанша мезгілге? Қай уақытқа? сұрақтарын қамтиды: келу - төрт айға келу, кету - үш жылға кету, беру - кітапты екі күнге беру, алу - демалысты бірнеше аптаға алу, қалдыру - баланы бес минутқа қалдыру, орналастыру – қонақты тәуір үйге бір тәулікке орналастыру, қою – музыканы бір минутқа қою, кешігу - жарты сағатқа кешігу, кідіру - жарты күнге кідіру, т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |