Қайталанатын іс-әрекет мезгілінің берілуі сайын және сағаттап, апталап, жылдап сөздері арқылы беріліп, қайталанатын іс-әрекеттің ұзақтығын күшейту мағынасын білдіру үшін де қолданылады: тоқсан сайын, сағат сайын, күніне бір рет, жылына үш рет, т.б. - Қайталанатын іс-әрекет мезгілінің берілуі сайын және сағаттап, апталап, жылдап сөздері арқылы беріліп, қайталанатын іс-әрекеттің ұзақтығын күшейту мағынасын білдіру үшін де қолданылады: тоқсан сайын, сағат сайын, күніне бір рет, жылына үш рет, т.б.
- Фразеологимдердегі мезгілдік мағынаның берілуі. Қазақ тілінде мезгіл, уақыт ұғымдары көптеген мақал-мәтелдерде, тұрақты тіркестерде бар. Тез, шапшаңдық мағынасындағы мезгілді білдіретін фразеологизмдер: ә дегенше, әні-міні дегенше, әп- сәттің арасында, дем арасында, көзді ашып- жұмғанша, қас қағымда, ойда жоқта, сол бойда;
- Іс - әрекеттің кенеттен болу мезгілінің берілуі: Аяқ астынан, жоқ жерден, күтпеген жерден, ойламаған жерден;
- Мезгілдің ұзақтығының берілуі: ертеден қара кешке дейін, күн ұзақ, ұзынды күн;
- Тәуліктік уақыттың берілуі: кешкі уақыт, ымырт, ақ пен қызылдың арасында, апақ–сапақта, екі кештің арасында, ел орынға отыра, қас қарайғанда, қызыл іңірде, іңір қараңғылығында;
- Қараңғы түн: ай қараңғысында, жеті қараңғыда;
- Таң ату: ала таңда, құлқын сәріде, таң алагеуімде, таң ата, таң бозарғанда,таң қылаң бергенде, таң сазарып атқанда, таң сәріде, таң сыз бергенде.
Достарыңызбен бөлісу: |