Іс-әрекет мезгілдерінің берілуі орындаған: Қазақ тілі және әдебиеті мамандығының 1-курс магистранты Айым Дәуіт



бет9/10
Дата07.02.2022
өлшемі0,54 Mb.
#94735
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Іс-әрекет мезгілдерінің берілуі

ҚОРЫТЫНДЫ

  • Тіл білімі ғылымында шақтың мазмұны адамның сөйлеп тұрған, яғни хабарлау кезеңіне байланысты айқындалады. Етістік шақ категориясы - өте күрделі грамматикалық категория. Қазіргі қазақ тілінде етістіктің үш шағы айқындалған. Олар - өткен шақ, осы шақ және келер шақ. Қ.Жұбанов «Күрделі және көмекші етістіктер туралы ескертпелерінде» дәл сөйлеу үстінде болып жатқан іс-әрекет, жай-күйді білдіретін етістіктің осы шағына ғылыми талдау жасайды. Ол алғаш рет нақ осы шақ жасаушы тұлғалардың ортақ грамматикалық белгілері мен түрлену ерекшеліктерін саралап көрсетеді [5]. Мезгілдік қатынастардағы семантикалық аспектілері ашу үшін етістіктің шақтарын ғана емес, іс-әрекет, жай-күйді танытудағы темпоралдылықты жалпы функционалды бағытта қарастыру қажеттілігі туындайды.
  • Өріс құрайтын тілдік бірліктер «мағынадан --- тұлғаға» және «тұлғадан --- мағынаға» қарай зерттелгенімен, олардың функциясының басты рөл атқаруы өрістің функционалды-семантикалық деп аталуына негіз болған. Функционалды-семантикалық өріс құрылымы мен мазмұны бар «бірлік» болып табылады. Ол, бір жағынан, ұғымдық категориялармен байланысып жатса, екінші жағынан, тілдік жүйемен байланысты болады, тілдік жүйеге жатады. Өйткені ортақ мақсатта жұмсалу үшін бірігетін түрлі тіл деңгейі құралдарының топтамасы осы жүйеден «алынады». Сөйлеуші белгілі бір ақпаратты немесе мазмұнды жеткізу үшін тілдік жүйеден дайын, өзіне қажетті тілдік бірліктерді сөйлеу жағдаятына, мақсатына сай таңдап алып, оларды белгілі бір тәсілмен ұйымдастырады. Сөйтіп, тілдік бірліктердің жалпы семантикасы арқылы мазмұн тыңдаушыға жеткізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет