Іс-әрекет мезгілдерінің берілуі орындаған: Қазақ тілі және әдебиеті мамандығының 1-курс магистранты Айым Дәуіт


Жоспарланған әрекет мезгілінің берілуі



бет7/10
Дата07.02.2022
өлшемі0,54 Mb.
#94735
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Іс-әрекет мезгілдерінің берілуі

Жоспарланған әрекет мезгілінің берілуі қанша уақытқа? қай уақытқа? сұрақтарын қамтиды: сағат екіге белгілеу (кездесу мағынасын білдіреді), басқа күнге ауыстыру, таксиді таңғы 6-ға шақыру (тапсырыс беру мағынасын көрсетеді), 3-ші наурызға билет алу (қажеттілікті көрсетеді), т.б.

  • Жоспарланған әрекет мезгілінің берілуі қанша уақытқа? қай уақытқа? сұрақтарын қамтиды: сағат екіге белгілеу (кездесу мағынасын білдіреді), басқа күнге ауыстыру, таксиді таңғы 6-ға шақыру (тапсырыс беру мағынасын көрсетеді), 3-ші наурызға билет алу (қажеттілікті көрсетеді), т.б.
  • Оқиғадан бұрынғы, алдында болған мезгілдің берілуі Қашан? Қай уақытқа дейін? Неге дейін? Ненің алдында? Ненің қарсаңында? сұрақтарына жауап береді: мектепке дейін, мереке алдында, жаңа жыл қарсаңында, күн шығарда, таң алдында, ел орынға қонарда, т.б. Бұл конструкция бір әрекеттің басқа әрекеттен бұрын болғандығын білдіреді.
  • Оқиғалар, іс-қимылдар аралығындағы мезгілдің берілуі қашан? Қанша уақытта? Неге дейін? Қанша уақыттан кейін? Неден кейін? сұрақтарына жауап береді.
  • Бір іс-әрекетті екінші іс-әрекеттен бөліп көрсететін конструкцияда өткен шақ есімше + соң + мезгіл мәнді құрылым қолданылады: Біз стадионға ойын басталып кеткен соң, бес минуттан кейін келдік. Басқаша айтсақ, ойын басталып кетті, бес минут өтті, бз стадионға келдік. Бір іс-әрекетті екінші іс-әрекеттен бөліп көрсететін конструкцияның бірі – бұрынырақ, кейінірек сияқты салыстыру мағыналы сөздерімен келген құрылым. Мысалы: Олар бізге қарағанда, мұнда екі күн бұрынырақ/кейінірек келген. Осы конструкция жас ерекшелігін айтқанда да қолданылады: Ағам әпкемнен екі жас үлкенірек (жасырақ, кішірек).
  • Осыдан + бұрын сияқты мезгілдік конструкция алдында, бұрын болған іс-әрекеттің мезгілін білдіреді, өткендегі мен қазіргі іс-әрекет арасындағы қанша уақыт бар екенін айтады. Мысалы: Осыдан екі жүз-үш жүз бұрын қазіргі батыс жасыл желекті аймақ болған. Біз мұнда екі күн бұрын ғана келгенбіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет